Алматыда №164 мектептің оқушылары «Есірткіге жол жоқ!» акциясына қатысты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Семинарды қалалық ІІБ өткізіп отыр. Екі сағатқа жалғасқан әңгіме барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері, кәмелетке толмағандар ісімен айналысатын инспекторлар есірткінің әкелетін зардабы мен зияны, жасөспірімдердің құқықтары мен қылмыстық жауапкершілігі жөнінде баяндады.
«Акция барысында 10 мен 15 жас аралығындағы балалар «Есірткіге жол жоқ!» деп ұрандатып, өздерінің азаматтық көзқарасын білдірді. Біз осындай шараларға міндетті түрде мектеп оқушыларын тартамыз. Осыдан бірнеше ай бұрын жасөспірімдер Әуезов ауданында тәркіленген есірткі заттарын жою процесіне атсалысқан болатын», - деді Алатау аудандық ІІБ басшысы, полиция полковнигі Арыстанғани Заппаров.
«2007 жылы Алматыда құрылған мектеп инспекторлары институты жастар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылық әрекеттерді анықтауға едәуір септігін тигізіп отыр. Алматыда соңғы 10 жылда кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыстар саны азайып келеді», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.
Алматыда оқушылар «Есірткіге жол жоқ!» акциясына қатысты
Оқи отырыңыз
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді