Қызылордада жастар денсаулығы орталығы ашылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап.
«Орталық «Шағат» деп аталады, ол қалалық №3 емхана базасында ашылды. Мұндай орталықтар қазірдің өзінде Астана, Алматы, Талдықорған, Қарағанды, Тараз қаласында табысты жұмыс жүргізуде. Қызылорда жастар мен қыздар денсаулығы орталығынан кешенді медициналық-психологиялық, сонымен қатар әлеуметтік және құқықтық көмек алуға болады, — деп хабарлады департаменттен. — Тікелей медициналық көмекке қатысты айтсақ, гинеколог, уролог, тері венеролог, психологтан тегін кеңес алу жағы қарастырылған».
Сонымен қатар «Шағат» орталығының мамандары студенттер және жеткіншектермен алкоголизм, нашақорлық, темекі шегу, күйзеліс жағдайы проблемаларын, отбасын жоспарлау, жыныс жолдары арқылы жұғатын инфекцияның алдын алу мәселелерін талқылауға әзір.
Қызылордада жастар денсаулығы орталығы ашылды
Оқи отырыңыз
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды