Жаңалықтар

Шөлсай 1, 2, 3

Шөлсай 1, 2, 3 – түркі дәуірінің ескерткіштері (6 – 9 ғ-лар). Жамбыл обл. Мерке а-нан оңт-ке қарай 22 км жерде, биік таулы жайлауда, Боқтікен шыңынан оңт-ке қарай, өзі аттас қыратта орналасқан. Биік таулы шың оған фон қызметін атқарып тұрған іспетті. 1998 ж. Мерке кешенді археол. экспед. (жетек. А.М. Досымбаева) зерттеген. Ш. 1 диам. 9 м, биікт. 1 м болып келген қорған тас үйіндіні құрайды. Үйіндінің ортасында тоналған із байқалады. Қорғанға жақын жерден алғашқы орнынан қозғалған әйел мүсіні табылды. Граниттен дайындалған, көл. 0,9 м 27 см 42 см 29 см болып келген мүсін бедерлеу әдісімен жасалған. Бас киімі, миндаль көзді бет-әлпеті, доғал қастарына жалғасқан күйдегі тік түскен мұрнына, ерні айқын түрде өңделген. Қыр бөлігінде доғал түрде тереңдей түсірілген құлақтары, мойнынан төмен алқасы мен көкірегі көрсетілген. Жартылай бүгілген қолымен бел тұсында жалпақ түпті ыдыс ұстаған күйде тұр. Ш. 2 Ш. 1-ден оңт.-шығысқа қарай 0,4 км жерде. Диам. 12 м, биікт. 1,3 м болып келген қорған тастан қаланған, әйел мүсіні бар үйіндіні құ-райды. Қорғанның төбесінде онша терең емес шұқыр бар. Мүсін тіркелгенге дейін қорғанның шығыс жағында тұрды. Ол алғашқы орнынан қозғалған болуы да мүмкін. Көл. 0,9 м 35 – 40 см  37 см мүсін қызыл граниттен жасалған. Мүсін бедерлеу әдісімен орындалған. Кеудесі, басы, бел тұсына ыдыс ұстаған қолдарымен бірге саусақтары да анық өңделген. Иілген қасына жалғасқан мұрны, терең ойылған көздері мен аузы түркілік бет-әлпетті танытады. Мүсіннің кеудесінде домалақ келген алқа әйел-ананың түркілік қоғамдағы орнын және қорған тастың үлкен ғұрыптық орын екендігін көрсетеді. Ш. 3 Ш. 2-ден оңт.-батысқа қарай 1 км жерде орналасқан. Ескерткіш 1996 ж. Мерке кешенді археол. экспед. жүргізген зерттеу жұмыстары барысында ашылып, 2001 ж. зерттелді. Диам. 10 м, биікт. 0,8 м болып келген қорған ортасында орналасқан екі тас мүсіні бар тас үйіндісінен тұрады. Мүсін бедерлеу әдісімен жасалған. Қазба жұмысына дейін үйінді үстінен мүсіннің тек басы көрініп тұрды. Мүсіндер бір-біріне қаратылып, ер кісі мүсінінің жүзі оңт.-шығысқа, ал әйел мүсіннің жүзі солт.-батысқа қаратылып қойылған. Үйіндіні қазу кезінде диам. 2 – 3 м, тереңд. 1 – 4 м көлбеу шұңқыр байқалды. Шұңқыр түбіне қалыңд. 0,1 м-ге дейінгі күл қабаты салынған. Мүсін иконограф. әдеттегідей, екі мүсінде де қарын тұсында қолдарына кубок тәрізді ыдыс ұстаған. Мүсіндердің түр-түсі бойынша айырмашылығы бар. Әйел мүсіні қара түсті қиыршықты граниттен, ал ер адамдікі тегіс түйіршікті қызыл граниттен жасалған. Б. Есбергенова  
05.12.2012 12:01 2941

Шөлсай 1, 2, 3 – түркі дәуірінің ескерткіштері (6 – 9 ғ-лар). Жамбыл обл. Мерке а-нан оңт-ке қарай 22 км жерде, биік таулы жайлауда, Боқтікен шыңынан оңт-ке қарай, өзі аттас қыратта орналасқан. Биік таулы шың оған фон қызметін атқарып тұрған іспетті. 1998 ж. Мерке кешенді археол. экспед. (жетек. А.М. Досымбаева) зерттеген. Ш. 1 диам. 9 м, биікт. 1 м болып келген қорған тас үйіндіні құрайды. Үйіндінің ортасында тоналған із байқалады. Қорғанға жақын жерден алғашқы орнынан қозғалған әйел мүсіні табылды. Граниттен дайындалған, көл. 0,9 м 27 см 42 см 29 см болып келген мүсін бедерлеу әдісімен жасалған. Бас киімі, миндаль көзді бет-әлпеті, доғал қастарына жалғасқан күйдегі тік түскен мұрнына, ерні айқын түрде өңделген. Қыр бөлігінде доғал түрде тереңдей түсірілген құлақтары, мойнынан төмен алқасы мен көкірегі көрсетілген. Жартылай бүгілген қолымен бел тұсында жалпақ түпті ыдыс ұстаған күйде тұр. Ш. 2 Ш. 1-ден оңт.-шығысқа қарай 0,4 км жерде. Диам. 12 м, биікт. 1,3 м болып келген қорған тастан қаланған, әйел мүсіні бар үйіндіні құ-райды. Қорғанның төбесінде онша терең емес шұқыр бар. Мүсін тіркелгенге дейін қорғанның шығыс жағында тұрды. Ол алғашқы орнынан қозғалған болуы да мүмкін. Көл. 0,9 м 35 – 40 см  37 см мүсін қызыл граниттен жасалған. Мүсін бедерлеу әдісімен орындалған. Кеудесі, басы, бел тұсына ыдыс ұстаған қолдарымен бірге саусақтары да анық өңделген. Иілген қасына жалғасқан мұрны, терең ойылған көздері мен аузы түркілік бет-әлпетті танытады. Мүсіннің кеудесінде домалақ келген алқа әйел-ананың түркілік қоғамдағы орнын және қорған тастың үлкен ғұрыптық орын екендігін көрсетеді. Ш. 3 Ш. 2-ден оңт.-батысқа қарай 1 км жерде орналасқан. Ескерткіш 1996 ж. Мерке кешенді археол. экспед. жүргізген зерттеу жұмыстары барысында ашылып, 2001 ж. зерттелді. Диам. 10 м, биікт. 0,8 м болып келген қорған ортасында орналасқан екі тас мүсіні бар тас үйіндісінен тұрады. Мүсін бедерлеу әдісімен жасалған. Қазба жұмысына дейін үйінді үстінен мүсіннің тек басы көрініп тұрды. Мүсіндер бір-біріне қаратылып, ер кісі мүсінінің жүзі оңт.-шығысқа, ал әйел мүсіннің жүзі солт.-батысқа қаратылып қойылған. Үйіндіні қазу кезінде диам. 2 – 3 м, тереңд. 1 – 4 м көлбеу шұңқыр байқалды. Шұңқыр түбіне қалыңд. 0,1 м-ге дейінгі күл қабаты салынған. Мүсін иконограф. әдеттегідей, екі мүсінде де қарын тұсында қолдарына кубок тәрізді ыдыс ұстаған. Мүсіндердің түр-түсі бойынша айырмашылығы бар. Әйел мүсіні қара түсті қиыршықты граниттен, ал ер адамдікі тегіс түйіршікті қызыл граниттен жасалған.
Б. Есбергенова
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға