Жаңалықтар

Шахтинск

Шахтинск қаласы (Тентек) - Қала 1961 жылы құрылды. Қала аумағы 0,2 мың шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 56,6 мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 3 кенттік округ бар. Қалада 01.01.07 жылға 256 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 3 ірі, 29 орта, 224 шағын субъектілері. Негізгі экономикалық бағыт: энергетика; тамақ өнеркәсібі. Қаланың негізгі кәсіпорындары: «Апрель» ЖШС бөлімшесі. Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері: шұжық өнімдері; электр энергиясы; жылу энергиясы. 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады.[2] 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 3 ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 10 шаруа қожалығы, 5,0 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 0,7 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылады, оның ішінде 0,6 мың га - егістік алқаптар.* 2006 жылғы астыққа 0,5 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде дәнді дақылдар – 5,2 га, картоп - 0,4 мың га, көкөніс - 0,2 мың га. 2006 жылы 2,6 тонна дәнді дақыл, 7,2 мың тонна картоп, 4,5 мың тонна көкөніс дақылдары, 0,6 мың тонна ет (тірі салмақта); 3,3 мың тонна сүт; 1791,7 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2007 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 4,6 мың бас; қой мен ешкі – 2,3 мың бас; шошқа – 2,3 мың бас; жылқы - 0,2 мың бас; құс – 19,2 мың басты құрады.* Қалада 2006/2007 оқу жылы басына • 14 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 6930 оқушы оқиды, • 1 колледжде - 847 оқушы, • 1 кәсіби-техникалық оқу орнында 352 оқушы оқиды. Қалада • 8 кітапхана, • 3 клуб типті мекеме, • 1 мұражай әрекет етеді. 2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 3813 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 23002 теңге. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 1451,9 млн. теңгені құрады. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 2747,0 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемге 18,3 есе артық. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 121,8 млн. теңгені құрады немесе 2005 жылғы көлемге 150,3%-ы құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 2644,2 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 197,9 млн. теңге. Шахтинск-Қарағанды облысындағы қала . (1961 жылға дейін Тентек қала типті поселка ). Шерубай-Нұра және Тентек өзендері аралығында. Қарағандыдан батысқа таман 50 шақырым жерде орналасқан. Іргесі 1949 жылы Тентек кокстелетін көмір кен орнының игерілуіне байланысты қаланған. Қаланың әкімшілік қарамағына Шахан және Новодолинка поселкесі, Солтүстік-батыс елді мекені кіреді. Шахтинск қаласы.1961 жылдың 15 тамызында Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен бұрынғы Тентек кентінің негізінде құрылды.. Тас көмір қоры 4,5 миллиард тоннаны құрайтын Тентек өңірінің қазыналы байлығын игеру өткен ғасырдың 50-жылдарында басталды. Аталмыш кен орнын ашу С. Фишман, Г. Думлер тәрізді әйгілі геолог-ғалымдардың есімімен тығыз байланысты болды. Аймақтағы «Долинка» шахтасы 1970, Ленин атындағы шахта 1971, «Қазақстан» шахтасы 1971», «Шахтинск» шахтасы 1973, «Тентек» шахтасы 1979 жылдары бой көтерді. «Испат-Кармет» компаниясының иелігіндегі 4 шахта қызулы отын өндіру көлемін соңғы жылдары ұлғайта түсуде. Қаладағы синтетикалық жуу құралдары зауыты бірегей кәсіпорындардың санатында. Қалада технологиялық колледж, кәсіптік-техникалық мектеп, 10-нан астам орта дәрежелі білім беретін оқу орындары, көркемөнер,музыка, спорт мектептері жұмыс жасайды Қаланың тұңғыш қадасын қаққан Василий Войтухов есімі мақтан етуге тұрарлық. Оның тікелей басшылығымен 1959 жылы кенттегі бірінші монша бой көтерсе, қазір бірегей мәдениет сарайының құрылысы басталды. 1961 жылы Тентек кентінде құрыш қолды құрылысшылар жалпы көлемі 100 мың шаршы метрлік өндірістік , тұрмыстық құрылыс салу дәрежесіне қол жеткізді. Шахтинск қаласы жайлы әңгіме өрбіткенде оның құрамына кіретін Долинка поселкасын айтпай кету мүмкін емес.1931-1959жылдар арасында жұмыс жасаған Карлаг саяси тұтқындардың азап лагеріне айналып, елдің қасіретті шежіресі болып енді. Қазір Долинкада саяси қуғын-сүргін көргендердің мұражайын ашу жөнінде ынталы топ құрылып , осы бағытта жұмыс істеуде.  
05.12.2012 10:59 4088

Шахтинск қаласы (Тентек) - Қала 1961 жылы құрылды. Қала аумағы 0,2 мың шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 56,6 мың адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 3 кенттік округ бар.

Қалада 01.01.07 жылға 256 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 3 ірі, 29 орта, 224 шағын субъектілері. Негізгі экономикалық бағыт: энергетика; тамақ өнеркәсібі. Қаланың негізгі кәсіпорындары: «Апрель» ЖШС бөлімшесі. Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері: шұжық өнімдері; электр энергиясы; жылу энергиясы. 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады.[2] 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 3 ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 10 шаруа қожалығы, 5,0 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 0,7 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылады, оның ішінде 0,6 мың га - егістік алқаптар.* 2006 жылғы астыққа 0,5 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде дәнді дақылдар – 5,2 га, картоп - 0,4 мың га, көкөніс - 0,2 мың га. 2006 жылы 2,6 тонна дәнді дақыл, 7,2 мың тонна картоп, 4,5 мың тонна көкөніс дақылдары, 0,6 мың тонна ет (тірі салмақта); 3,3 мың тонна сүт; 1791,7 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2007 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 4,6 мың бас; қой мен ешкі – 2,3 мың бас; шошқа – 2,3 мың бас; жылқы - 0,2 мың бас; құс – 19,2 мың басты құрады.* Қалада 2006/2007 оқу жылы басына • 14 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 6930 оқушы оқиды, • 1 колледжде - 847 оқушы, • 1 кәсіби-техникалық оқу орнында 352 оқушы оқиды. Қалада • 8 кітапхана, • 3 клуб типті мекеме, • 1 мұражай әрекет етеді. 2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 3813 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 23002 теңге. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 1451,9 млн. теңгені құрады. Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 2747,0 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемге 18,3 есе артық. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 121,8 млн. теңгені құрады немесе 2005 жылғы көлемге 150,3%-ы құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 2644,2 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 197,9 млн. теңге.

Шахтинск-Қарағанды облысындағы қала . (1961 жылға дейін Тентек қала типті поселка ). Шерубай-Нұра және Тентек өзендері аралығында. Қарағандыдан батысқа таман 50 шақырым жерде орналасқан. Іргесі 1949 жылы Тентек кокстелетін көмір кен орнының игерілуіне байланысты қаланған. Қаланың әкімшілік қарамағына Шахан және Новодолинка поселкесі, Солтүстік-батыс елді мекені кіреді. Шахтинск қаласы.1961 жылдың 15 тамызында Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен бұрынғы Тентек кентінің негізінде құрылды.. Тас көмір қоры 4,5 миллиард тоннаны құрайтын Тентек өңірінің қазыналы байлығын игеру өткен ғасырдың 50-жылдарында басталды. Аталмыш кен орнын ашу С. Фишман, Г. Думлер тәрізді әйгілі геолог-ғалымдардың есімімен тығыз байланысты болды. Аймақтағы «Долинка» шахтасы 1970, Ленин атындағы шахта 1971, «Қазақстан» шахтасы 1971», «Шахтинск» шахтасы 1973, «Тентек» шахтасы 1979 жылдары бой көтерді. «Испат-Кармет» компаниясының иелігіндегі 4 шахта қызулы отын өндіру көлемін соңғы жылдары ұлғайта түсуде. Қаладағы синтетикалық жуу құралдары зауыты бірегей кәсіпорындардың санатында. Қалада технологиялық колледж, кәсіптік-техникалық мектеп, 10-нан астам орта дәрежелі білім беретін оқу орындары, көркемөнер,музыка, спорт мектептері жұмыс жасайды Қаланың тұңғыш қадасын қаққан Василий Войтухов есімі мақтан етуге тұрарлық. Оның тікелей басшылығымен 1959 жылы кенттегі бірінші монша бой көтерсе, қазір бірегей мәдениет сарайының құрылысы басталды. 1961 жылы Тентек кентінде құрыш қолды құрылысшылар жалпы көлемі 100 мың шаршы метрлік өндірістік , тұрмыстық құрылыс салу дәрежесіне қол жеткізді. Шахтинск қаласы жайлы әңгіме өрбіткенде оның құрамына кіретін Долинка поселкасын айтпай кету мүмкін емес.1931-1959жылдар арасында жұмыс жасаған Карлаг саяси тұтқындардың азап лагеріне айналып, елдің қасіретті шежіресі болып енді. Қазір Долинкада саяси қуғын-сүргін көргендердің мұражайын ашу жөнінде ынталы топ құрылып , осы бағытта жұмыс істеуде.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға