Жаңалықтар

Оқуға ұмтылатын уақыт

Оқуға ұмтылатын уақыт Оқудың керектігі турасында сөз жазып отырудың керектігі жоқ! Аспандағы күннің барлығына қандай сенім болса, оқудың керектігіне де сондай сенім болған: оқусыз ел — дүниедегі тіршілік жарысына ере алмай жоқ болады. Біз: «Қазақ үкіметі, қазақ ұлты» — деген сөздің бәрін де оқу таразысымен өлшейміз: оқусыз атақ — өрмекшінің ұясы сияқты бос нәрсе. Қазақтың азаматтары 1917-інші жылы һәм одан бергі уақыттарда оқу жұмысына өте көңіл беріп кіріскен түрде болды. Өткен 21-інші жылдан бері бүтін Қазақстан өлкесінде, оның бергі жағында осы Семей губерниясында қазақтың оқу жұмысы өте көңілсіз халге айланды. Оның себептерін бұрынғы мақалаларымызда көп жазып, елдің алдына салып, пікір жүргіздік. Сол сөз, сол пікір бұл уақытта пікір бойынша қалып отырған түрі бар. Губерниялық уездің оқу бөлімдерінен қазақ азаматтары сытылып шығып кетіп отыр. Мұғалімдердің жаралысы басқа қызметке, басқа кәсіпке ауысып кіріп отыр. Оқу іздеген қазақ балалары құры сандалаққа түсіп жүр. Оқу жұмысын біз газет бетінде ғана емес, уездік, губерниялық топтардың .алдында да қозғадық. Неше түрлі әдемі жобаларды өткізіп, қаулылар шығардық: міне, оқу уақыты келіп жетті, дайындық істеген ұлттың мектептері ашылып, балалары оқи бастады, біздің қазақ...(ше)? Бұрынғы көп мектептер азайтылып ықшамдалды: сол ықшамдалған мектептерден қазақ өзінің санына қарай сыбаға алды. Семей қаласында партшкол ғана ашылып, 80 бала шамасы қазақ балалары оқып отыр. Бұрынғы Семейдегі рабфак жабылды. Институт деген оқу жұрты да қазақтың кісісі жоқ болғандықтан жабылып отыр. Қазірдегі қазақ үшін ашылғалы отырған мектеп орта дәрежелі (педагогический техникум) мұғалімдік жұрты. Қазақ оқытушыларының, азаматтарының жоқтығын еске алып, оқу бөлімі бұл мектепті де керексіз (деп) тапқан екен. Губерниялық топта қазақ уәкілдері «Кісі табылады, ашу керек» — деген жобаны қуаттап өткізіп отыр. Бұл мектепке әлі шәкірт те келген жоқ, мұғалімдер де келген жоқ. Бұл мектепте оқытуға лайықтанған азаматтар Әлікей Сәтбайұлы, Сейтбаттал Мұстафаұлы, Имам Әлімбиікұлы еді. Сейтбаттал келіп отыр, ана екеуі келген жоқ. Басқа уездерде қаншалық мектеп ашылды, қай дәрежеде болып ашылды? Бізде түсіп отырған мағлұмат жоқ. Елді түзу жолға жетектейтін азаматтар, қазақ елін қатарға кіргізуді мақсұт еткен азаматтар, оқу жұмысын қарастырыңыздар. Оқу жұмысы қасиетті жұмыс екенін, саясатқа құрбан болуға жарамайтын жұмыс екенін кеш уақытта көңілдеріңізден шығармаңыздар. Оқу бөлімдеріне қазақ азаматтары кіріп, қазақ мектептерін ретке салулары керек. Жергілікті елдің қазынасынан асыралатын мектептерімізді өңдеп, барлық керектерін табу керек. 20—21-інші жылдардағы елдің орталарына салынбақ болған, кейбіреулері қаланып бітіп қойған, кейбіреулерінің кірпіші дайындалып қойылған мектептерді аяқсыз қалдыруға жарамайды. Оған оқу бөлімдері не болып, жергілікті қазына есебінен түзеттіріп, мектеп жасап алулары керек. Сол күйінде аяқсыз қалып, жоғалып кетсе, халықтың малы, қанша еңбегі босқа жоғалғанына есеп болады. Ол кешілмейтін күнә. Мемлекет ішкі жағынан һәм сыртқы жағынан қауіпсіз халге айланып, титықты, ашаршылықтан құтылды. Ендігі күш салып қарастыратын жұмысымыз — оқу һәм шаруаны түзеп, өнімді арттыру. Губерниялық оқу бөліміндегі һәм уездік оқу бөлімдеріндегі қазақ азаматтарынан оқу жұмысы туралы мағлұмат жіберіп тұруларын айрықша өтініш етеді. Оқу жұмысы не халде екенін біліп отыруды жалпы қазақ елі керек етеді. Сондықтан оқу жұмысын газетке жазып, мән-жәйін елдің алдына салып отыруға міндеттіміз.   Мұхтар Әуезов  
05.12.2012 10:54 2878

Оқуға ұмтылатын уақыт

Оқудың керектігі турасында сөз жазып отырудың керектігі жоқ! Аспандағы күннің барлығына қандай сенім болса, оқудың керектігіне де сондай сенім болған: оқусыз ел — дүниедегі тіршілік жарысына ере алмай жоқ болады. Біз: «Қазақ үкіметі, қазақ ұлты» — деген сөздің бәрін де оқу таразысымен өлшейміз: оқусыз атақ — өрмекшінің ұясы сияқты бос нәрсе. Қазақтың азаматтары 1917-інші жылы һәм одан бергі уақыттарда оқу жұмысына өте көңіл беріп кіріскен түрде болды. Өткен 21-інші жылдан бері бүтін Қазақстан өлкесінде, оның бергі жағында осы Семей губерниясында қазақтың оқу жұмысы өте көңілсіз халге айланды. Оның себептерін бұрынғы мақалаларымызда көп жазып, елдің алдына салып, пікір жүргіздік. Сол сөз, сол пікір бұл уақытта пікір бойынша қалып отырған түрі бар. Губерниялық уездің оқу бөлімдерінен қазақ азаматтары сытылып шығып кетіп отыр. Мұғалімдердің жаралысы басқа қызметке, басқа кәсіпке ауысып кіріп отыр. Оқу іздеген қазақ балалары құры сандалаққа түсіп жүр. Оқу жұмысын біз газет бетінде ғана емес, уездік, губерниялық топтардың .алдында да қозғадық. Неше түрлі әдемі жобаларды өткізіп, қаулылар шығардық: міне, оқу уақыты келіп жетті, дайындық істеген ұлттың мектептері ашылып, балалары оқи бастады, біздің қазақ...(ше)? Бұрынғы көп мектептер азайтылып ықшамдалды: сол ықшамдалған мектептерден қазақ өзінің санына қарай сыбаға алды.

Семей қаласында партшкол ғана ашылып, 80 бала шамасы қазақ балалары оқып отыр. Бұрынғы Семейдегі рабфак жабылды. Институт деген оқу жұрты да қазақтың кісісі жоқ болғандықтан жабылып отыр. Қазірдегі қазақ үшін ашылғалы отырған мектеп орта дәрежелі (педагогический техникум) мұғалімдік жұрты. Қазақ оқытушыларының, азаматтарының жоқтығын еске алып, оқу бөлімі бұл мектепті де керексіз (деп) тапқан екен. Губерниялық топта қазақ уәкілдері «Кісі табылады, ашу керек» — деген жобаны қуаттап өткізіп отыр. Бұл мектепке әлі шәкірт те келген жоқ, мұғалімдер де келген жоқ. Бұл мектепте оқытуға лайықтанған азаматтар Әлікей Сәтбайұлы, Сейтбаттал Мұстафаұлы, Имам Әлімбиікұлы еді. Сейтбаттал келіп отыр, ана екеуі келген жоқ. Басқа уездерде қаншалық мектеп ашылды, қай дәрежеде болып ашылды? Бізде түсіп отырған мағлұмат жоқ. Елді түзу жолға жетектейтін азаматтар, қазақ елін қатарға кіргізуді мақсұт еткен азаматтар, оқу жұмысын қарастырыңыздар. Оқу жұмысы қасиетті жұмыс екенін, саясатқа құрбан болуға жарамайтын жұмыс екенін кеш уақытта көңілдеріңізден шығармаңыздар. Оқу бөлімдеріне қазақ азаматтары кіріп, қазақ мектептерін ретке салулары керек. Жергілікті елдің қазынасынан асыралатын мектептерімізді өңдеп, барлық керектерін табу керек. 20—21-інші жылдардағы елдің орталарына салынбақ болған, кейбіреулері қаланып бітіп қойған, кейбіреулерінің кірпіші дайындалып қойылған мектептерді аяқсыз қалдыруға жарамайды. Оған оқу бөлімдері не болып, жергілікті қазына есебінен түзеттіріп, мектеп жасап алулары керек. Сол күйінде аяқсыз қалып, жоғалып кетсе, халықтың малы, қанша еңбегі босқа жоғалғанына есеп болады. Ол кешілмейтін күнә. Мемлекет ішкі жағынан һәм сыртқы жағынан қауіпсіз халге айланып, титықты, ашаршылықтан құтылды. Ендігі күш салып қарастыратын жұмысымыз — оқу һәм шаруаны түзеп, өнімді арттыру. Губерниялық оқу бөліміндегі һәм уездік оқу бөлімдеріндегі қазақ азаматтарынан оқу жұмысы туралы мағлұмат жіберіп тұруларын айрықша өтініш етеді. Оқу жұмысы не халде екенін біліп отыруды жалпы қазақ елі керек етеді. Сондықтан оқу жұмысын газетке жазып, мән-жәйін елдің алдына салып отыруға міндеттіміз.

 

Мұхтар Әуезов

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға