Жаңалықтар

Жүктілік

Жүктілік  (лат. gravіdіtas) – физиологиялық құбылыс; ұрықтанған жұмыртқа клеткасының жатыр қуысында дамуы. Жүктілік ұрықтанудан басталады. Ұрықтанғаннан кейін зиготаның бөлшектенуі, яғни бластомерлер (жұмыртқа клеткасы бөлінген кезде түзілетін клетка бөлшектері) пайда болады. Соның нәтижесінде бір клеткалы ұрықтан көп клеткалы ұрық – морула түзіледі. Бөлшектену кезінде ұрық жатыр түтігінен жатыр қуысына қарай жылжиды. Бұл процесс 4 – 5 күнге созылады. Бұдан кейін ұрық морула сатысында жатырға түсіп, бластоцистаға (іші сұйыққа толы қуыс) айналады. Адам ұрығының қағанақ (амнион), бүр (хорион) қабықтары болады. Бүр жатыр денесіне еніп, жатыр клеткаларымен қосылуының нәтижесінде бала жолдасы пайда болады. Бала жолдасы ұрықты ана организмімен байланыстырады. Қағанақ ішінде ұрықты қоршап жатқан қағанақ сұйығы бар. Қағанақ сұйығы ұрықты түрлі зақымданудан сақтайды. Сондай-ақ, ұрық өзінің өсіп дамуына қажетті минералды заттарды осы сұйықтан алады. 7-тәулікте ұрық жатырдың шырышты қабығына енеді. Мұны – имплантация деп атайды. Имплантация тез өтеді. Ұрық шырышты қабыққа толық енгеннен кейін, оның үстіндегі тесік жабылады. Бұл имплантацияның аяқталғанын көрсетіп, Жүктілік дамуының алғашқы бастамасы деп есептелінеді. Кейде жатыр түтігінің ауруға шалдығуының салдарынан ұрықтанған жұмыртқаклетка жатыр қуысында жылжи алмай, жатыр түтігінің ішкі қабатында жабысып өседі. Мұны – жатырдан тыс жүктілік деп атайды (қ. Жатыр). Жүктіліктің дамуында: ұрықтық (эмбрионалды) және нәрестелік (феталды) кезеңдер ажыратылады. Ұрықтық кезең – ұрықтану мезгілінен бастап, Жүктіліктің 2-айының соңына дейін созылады. Бұл кезеңде ұрықтың дамуы өте қарқынды жүреді. Ұрықтың бейімделушілік қабілеті әлі толық жетілмегендіктен, ұрық зақымдаушы факторлардың әсеріне өте сезімтал келеді. Оттек жетіспеушілігі, дененің қызуы, микробтар, вирустар, антиметаболиттер, есірткі, т.б. зиянды заттар эмбрион дамуының бұзылуына, оның өліміне немесе туа біткен мүгедектікке әкелуі мүмкін. Нәрестелік кезең – Жүктіліктің 3-айынан нәресте туғанға дейін созылады. Бұл кезеңде құрсақтағы нәрестенің тез өсуі, тіндердің жіктелуі, мүшелер мен жүйелердің дамуы жүреді. Нәрестенің тіршілігін құрсақ ішіндегі даму кезінде және туғаннан кейін қамтамасыз ететін жаңа функционалдық жүйелер тұрақтанады. Бала жолдасының функционалды белсенділігі артқан кезде ұрықтың дамуы ана организмімен өзара байланыста, тұрақты түрде жүреді. Ана мен құрсақтағы нәресте арасындағы өзара байланысқа биохимиялық, иммундық, эндокриндік, жүйкелік, т.б. механизмдер қатысады. Жүктілік кезінде әйел организмінде күрделі физиологиялық өзгерістер байқалады. Әйелдің сыртқы бейнесі, жүрісі өзгереді, бетіне сепкіл түседі. Тері қабаттары өзгереді. Жатырдың өсуіне байланысты құрсақ созылып, іштің ақ жолағы кеңейеді. Ішкі секреция бездерінің де қызметі өзгереді. Бала жолдасының гормон бөлуіне байланысты әйелдің сүт бездерінің көлемі ұлғайып, емшек ұшын қысқанда сары уыз – сұйық зат бөлінеді. Жүректің соғуы жылдамдап, қан мөлшері артады. Қан тамырлары кеңейіп, газ алмасу процесі жақсы жүреді. Ұрықтың дұрыс қалыптасып өсуі ананың денсаулығына, жасына, қанша бала тапқанына байланысты болады. Мысалы, түрлі аурулар (туберкулез, тұмау, диабет, бауыр ауруы, т.б.), дұрыс тамақтанбау немесе кейбір дәрі-дәрмекті дәрігердің рұқсатынсыз қабылдау, сондай-ақ, шылым шегу мен алкогольді сусындарды ішу – Жүктіліктің қалыпты дамымауына әкеліп соқтырады. Жүкті әйел мезгілімен жатып, күніне 8 – 9 сағат ұйықтап, витамині мол, көкөніс, жеміс-жидек, т.б. тағамдарды ішу қажет. Сондай-ақ гигиена талаптарын дұрыс орындап, денесін қыспайтын киім киіп, тазалық сақтауы, дәрігер белгілеген гимнастикалық жаттығуларды үзбей орындауы қажет. Денешынықтырумен шұғылданған әйел тез әрі жеңіл босанады. Жүктіліктің ұзақтығы – 280 күн (40 апта). Жүкті әйелдер перзентханада босанып, үйге шыққан соң әйелдер консультациясының, акушер-гинекологтің бақылауында болуы қажет.
05.12.2012 10:52 12597

Жүктілік  (лат. gravіdіtas) – физиологиялық құбылыс; ұрықтанған жұмыртқа клеткасының жатыр қуысында дамуы. Жүктілік ұрықтанудан басталады. Ұрықтанғаннан кейін зиготаның бөлшектенуі, яғни бластомерлер (жұмыртқа клеткасы бөлінген кезде түзілетін клетка бөлшектері) пайда болады. Соның нәтижесінде бір клеткалы ұрықтан көп клеткалы ұрық – морула түзіледі. Бөлшектену кезінде ұрық жатыр түтігінен жатыр қуысына қарай жылжиды. Бұл процесс 4 – 5 күнге созылады. Бұдан кейін ұрық морула сатысында жатырға түсіп, бластоцистаға (іші сұйыққа толы қуыс) айналады. Адам ұрығының қағанақ (амнион), бүр (хорион) қабықтары болады. Бүр жатыр денесіне еніп, жатыр клеткаларымен қосылуының нәтижесінде бала жолдасы пайда болады. Бала жолдасы ұрықты ана организмімен байланыстырады. Қағанақ ішінде ұрықты қоршап жатқан қағанақ сұйығы бар. Қағанақ сұйығы ұрықты түрлі зақымданудан сақтайды. Сондай-ақ, ұрық өзінің өсіп дамуына қажетті минералды заттарды осы сұйықтан алады. 7-тәулікте ұрық жатырдың шырышты қабығына енеді.
Мұны – имплантация деп атайды. Имплантация тез өтеді. Ұрық шырышты қабыққа толық енгеннен кейін, оның үстіндегі тесік жабылады. Бұл имплантацияның аяқталғанын көрсетіп, Жүктілік дамуының алғашқы бастамасы деп есептелінеді. Кейде жатыр түтігінің ауруға шалдығуының салдарынан ұрықтанған жұмыртқаклетка жатыр қуысында жылжи алмай, жатыр түтігінің ішкі қабатында жабысып өседі. Мұны – жатырдан тыс жүктілік деп атайды (қ. Жатыр). Жүктіліктің дамуында: ұрықтық (эмбрионалды) және нәрестелік (феталды) кезеңдер ажыратылады. Ұрықтық кезең – ұрықтану мезгілінен бастап, Жүктіліктің 2-айының соңына дейін созылады. Бұл кезеңде ұрықтың дамуы өте қарқынды жүреді. Ұрықтың бейімделушілік қабілеті әлі толық жетілмегендіктен, ұрық зақымдаушы факторлардың әсеріне өте сезімтал келеді. Оттек жетіспеушілігі, дененің қызуы, микробтар, вирустар, антиметаболиттер, есірткі, т.б. зиянды заттар эмбрион дамуының бұзылуына, оның өліміне немесе туа біткен мүгедектікке әкелуі мүмкін. Нәрестелік кезең – Жүктіліктің 3-айынан нәресте туғанға дейін созылады.

Бұл кезеңде құрсақтағы нәрестенің тез өсуі, тіндердің жіктелуі, мүшелер мен жүйелердің дамуы жүреді. Нәрестенің тіршілігін құрсақ ішіндегі даму кезінде және туғаннан кейін қамтамасыз ететін жаңа функционалдық жүйелер тұрақтанады. Бала жолдасының функционалды белсенділігі артқан кезде ұрықтың дамуы ана организмімен өзара байланыста, тұрақты түрде жүреді. Ана мен құрсақтағы нәресте арасындағы өзара байланысқа биохимиялық, иммундық, эндокриндік, жүйкелік, т.б. механизмдер қатысады. Жүктілік кезінде әйел организмінде күрделі физиологиялық өзгерістер байқалады. Әйелдің сыртқы бейнесі, жүрісі өзгереді, бетіне сепкіл түседі. Тері қабаттары өзгереді. Жатырдың өсуіне байланысты құрсақ созылып, іштің ақ жолағы кеңейеді.
Ішкі секреция бездерінің де қызметі өзгереді. Бала жолдасының гормон бөлуіне байланысты әйелдің сүт бездерінің көлемі ұлғайып, емшек ұшын қысқанда сары уыз – сұйық зат бөлінеді. Жүректің соғуы жылдамдап, қан мөлшері артады. Қан тамырлары кеңейіп, газ алмасу процесі жақсы жүреді. Ұрықтың дұрыс қалыптасып өсуі ананың денсаулығына, жасына, қанша бала тапқанына байланысты болады. Мысалы, түрлі аурулар (туберкулез, тұмау, диабет, бауыр ауруы, т.б.), дұрыс тамақтанбау немесе кейбір дәрі-дәрмекті дәрігердің рұқсатынсыз қабылдау, сондай-ақ, шылым шегу мен алкогольді сусындарды ішу – Жүктіліктің қалыпты дамымауына әкеліп соқтырады. Жүкті әйел мезгілімен жатып, күніне 8 – 9 сағат ұйықтап, витамині мол, көкөніс, жеміс-жидек, т.б. тағамдарды ішу қажет. Сондай-ақ гигиена талаптарын дұрыс орындап, денесін қыспайтын киім киіп, тазалық сақтауы, дәрігер белгілеген гимнастикалық жаттығуларды үзбей орындауы қажет. Денешынықтырумен шұғылданған әйел тез әрі жеңіл босанады. Жүктіліктің ұзақтығы – 280 күн (40 апта). Жүкті әйелдер перзентханада босанып, үйге шыққан соң әйелдер консультациясының, акушер-гинекологтің бақылауында болуы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға