Жаңалықтар

Мал шаруашылығы. Тамақ және жеңіл өнеркәсіптері

Мал шаруашылығы. Тамақ және жеңіл өнеркәсіптері Мал шаруашылығы Мал шаруашылығы ірі қара (мүйізді ірі қара малын өсіру), жылқы, түйе, қой, шошқа және құс өсіру шаруашылықтарына бөлінеді. Мал шаруашылығының құрамына, сонымен қатар марал (марал мен теңбіл бұғы өсіру), аң, ара шаруашылықтары, жібек құртын өсіру мен балық шаруашылығы да кіреді. Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы орналастырудың негізгі факторы бұл - жемшөп базасы. Оны жайылымдықтар, шабындықтар, азықтық дақылдар егістіктер құрайды. Шабындық жерлермен еліміздің Батысы мен Шығысы жақсы қамтамасыз етілген. Шабындықтары аз Солтүстік пен Оңтүстікте азықтық шөптер өсіріледі. Бірақ бәрібір мал шаруашылығының негізі жайылымдық жері болып табылады. Қазақстанның солтүстік, орталық бөлігі мен биік тауларының етегіндегі көктемгі, жазғы, күзгі жайылымдықтар алып жатыр. Орманды дала мен дала зонасында төрт түліктің барлығы, ал шөлейт және шөл зоналарында қой, жылқы және түйе малдары жайылады. Орта және биік таулардағы субальпілік және альпілік шалғындар - еліміздегі ең құнарлы жазғы жайылымдар (жайлаулар). Еліміздің Оңтүстігі мен Батысындағы қар қабаты жұқа болып келетін құмды жерлер - жыл бойы (негізінен, қыста) қой және жылқы өсіруге пайдаланылатын жайылымдықтар. Қазақстанның барлық бөліктерінде мал шаруашылығымен айналысады, бірақ мал басының 3/5 бөлігі еліміздің Солтүстігі мен Оңтүстігінде өсіріледі. Солтүстікте, Шығыста және Оңтүстікте сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы дамыған. Оған құнарлы азық қоры қажет. Қой шаруашылығының негізгі өнімдері - ет, май, жүн, тері, қаракөл. Оның екі негізгі бағыты - биязы жүнді және қылшық жүнді қой шаруашылығы бар. Биязы жүнді қойлар (меринос) ең сапалы жүн маталарын алуға болатын ұзын, жіңішке біртекті жүн береді. Бұл жануарларға жақсы жайылымдар мен қысқы азық қажет. Ондай жағдайлар елдің солтүстік, шығыс және оңтүстік бөліктерінің бәрінде кездеседі. Қылшық жүнді қой өсіру - азық қоры біршама аз, ұзақ жайылымдарға (500 км-ге дейін) тән болып келеді. Бұл бағытта Қазақстандық селекция кереметі деп аталатын еділбай қойларын ерекше бөліп қарауға болады. Еділбай қойлары төзімді, көнбіс, жергілікті климат жағдайына жақсы бейімделген болып келеді. Олардан тон тігу үшін ең жақсы материал, жүнін пима, киіз басуда қолданады. Олар бағалы азық-түлік ет пен май береді, оларды сондықтан құрықты қойлар деп атайды. Қазақстанда өсірілетін қойлардың ішінде қаракөл қойлары ерекше орын алады. Қаракөл қойларын өсірумен шұғылданатын негізгі аудан - Оңтүстік Қазақстан. Еліміздегі халықтың дәстүрлі кәсібі - жылқы шаруашылығы. Жылқылар қазір де жүк таситын, салт мінілетін, жұмыс және бәйге аттары ретінде кеңінен пайдаланылады. Оларды, сонымен қатар бағалы азық-түлік өнімдері - жылқы етін, қымыз алу үшін де өсіреді. Біздің елімізде жылқы малын өсіру барлық жерде таралған сала. Бірақ жылқылардың негізгі бөлігі Оңтүстік пен Солтүстікте өсіріледі. Шөлді және шөлейтті зонада түйе шаруашылығының маңызы зор. Түйе - ең ірі, жүк тасуға бейім, азық талғамайтын, ыстық, шөлге шыдамды жануар. Түйе шаруашылығының негізгі өнімдері - ет, сүт, шұбат және жүні. Бұл малдардың саны бойынша Қазақстанның Батысы мен Оңтүстігін, әсіресе Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстарын ерекше атауға болады. Шошқа шаруашылығы - жылдам салмақ қосып, тез көбейетін әрі жайылымды қажет етпейтін, ауыл шаруашылығы үшін тиімді. Шошқа өсіруде егін шаруашылығынан алынатын жем және тамақ қалдықтары пайдаланылады. Ол біздің елімізде астық шаруашылығы мен картоп өсіру дамыған зонада кең таралған. Шошқа есірудің негізгі ауданы - Солтүстік (мал басының жартысынан астамы), ал екінші аудан - Оңтүстік (15%). Жұмыртқа мен құс етін (тауық, қаз, үйрек, күркетауық) алу үшін құс шаруашылығы дамыған. Ол өндірістің өнеркәсіптік технологияларымен жұмыс істейтін фабрикалар ауыл шаруашылығының алғашқы саласы. Әсіресе үлкен қалалар орналасқан Оңтүстік пен астық шаруашылығының негізгі орталығы - Солтүстік ерекшеленеді. Панталық марал шаруашылығы Алтайда, Бұқтырма өзенінің аңғарында пайда болды. Марал шаруашылығының негізгі өнімі - пантокрин алу үшін қолданылатын панты (бұғының жас мүйізі). Елдің ең құрғақшылықты аудандарынан басқа жерлерде, бал, балауыз, прополис алынатын ара шаруашылықтары дамыған. Бұл салада Шығыс Қазақстан алда келеді. Тамақ және жеңіл өнеркәсібі - АӨК-тің 3 кезеңі Бұл өнеркәсіптегі «ең жалпы халықтық» және «тек қалада» ғана орналаспайтын сала. Наубайханалар, сүт, ет, көкөніс зауыттары ауылдық жерлерде де жұмыс істейді. Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен, көлікпен тығыз байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз етеді (арнайы дайындалған немесе өндіріс қалдықтары) және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына оң ықпал жасайды. Көптеген «тамақ өнеркәсіптері» көлемі үлкен, қымбат құрал-жабдықтар пайдаланады. Сонымен қатар кішігірім зауыттар (май шайқайтын, шұжық шығаратын цехтар) кәдімгі 2 - 3 бөлмеге сыйып кетеді. Ондай зауыттар қымбат болмағандықтан, оларды шағын кәсіпорындар да сатып ала алады. Тамақ өнеркәсібі - тұтас салалар кешені. Оның орналасуына шешуші әсер ететін негізгі 2 фактор - шикізат және тұтыну. Материалды көп қажет ететін салаларында дайын өнім бірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен. Шикізат факторының әсерін көрсететін нақты мысалға - қант өнеркәсібі (Алматы, Жамбыл) географиясын жатқызуға болады. Біздің елімізде «тәтті өнімді» дәстүрлі түрде қант қызылшасынан өндіреді. Шикізат базаларына май айыру өндірісі, яғни өсімдік майын алу бағытталып орналасады. Қуатты зауыттар күнбағыс өсірілетін (Өскемен), мақта мен мақсары өсірілетін (Шымкент) аймақтарда орналасқан. Алматы мен Ақтөбенің зауыттары негізінен тасымалданып әкелінген майды шақпақтайды. Өскемендегі май айыру өндірісі халуа шығарумен үйлестірілген. Жеміс-көкөніс өнеркәсібі тез бұзылатын өнімдер - көкөніс, жеміс өңдеумен айналысады. Ол толығымен дерлік Қазақстанның оңтүстігінде, әсіресе, Алматы облысында орналасқан. Шикізат кезіне бағытталатын салалардың ішінде балық өнеркәсібі ауыл шаруашылығымен тікелей байланыспағандықтан, ерекше сипатқа ие. Ол ірі көлдердің, су қоймалары мен өзендердің балық қорларын пайдаланады. Саланың басты кәсіпорны - «Атыраубалық» АҚ (Балықшы а.). Осы кәсіпорын ғана бекіре балықтарының уылдырығын өңдейді. Тұтыну орындарына өндірістік өңдеуден өткен шикізатты пайдаланатын салалар таяу орналасады. Олардың өнімдері нашар сақталатын (торт, пирожный, басқа да кондитерлік өнімдер, нан) немесе жасалған шикізатынан тасымалдануы қиын болып келеді. Нан пісіру көптеген елді мекендерде бар. Кондитер, макарон өнімдері өндірісінің де кеңістікте таралу «бейнесі» осыған ұқсайды. Ең ірі кондитер өндірісі - Алматы мен Қостанайда, шай - Алматыда, макарон өнімдері - Петропавл қаласында орналасқан. Тамақ индустриясының бірқатар салалары шикізатқа да, тұтынушыға да бағытталып жұмыс істейді. Ұн тартатын өнеркәсіптер астық өңдеумен айналысады. Сүт өнеркәсібінің бастапқы сатылары (пастерленген сүт, қаймақ, кілегей, айран шығару) тұтынушыға таяу орналасады. Оның соңғы сатылары, мысалы, май шайқау (мал майы және сары май дайындау) мен ірімшік жасау кеп сүт алынатын жерлерде көбірек дамыған. Еліміздің ең «сүтті» аудандары - Солтүстік пен Оңтүстік. Олар 1, 2 орындарды бөліседі. Ет өнеркәсібінің орналасуы екі жақты болып келеді. Ет өнімдерін даярлау (шұжық, жіңішке шұжық (сосиска), орама, сүрленген шошқа еті, т.б.) өнімді пайдаланатын орталықтарға «бекітілсе», ал ет консервілерін (бұқтырылған ет) өндірісі - шикізат көзіне таяу орналасады. Бірақ көбінесе бұл өндірістер бір кәсіпорындарға - комбинаттарға біріктіріледі. Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты - тұрғындарды әдемі, әр алуан, ең бастысы тиімді — жоғары сапалы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз ету. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары бар: мақта, жүн, табиғи былғары. Дегенмен, ол экономикадағы ең бір «шешімін таппаған» сала болып есептеледі. Жеңіл өнеркәсіп көп салалы өндіріс. Оның негізгілері - тоқыма, тігін, мақта-мата, былғары, тері илеу салалары. Жеңіл өнеркәсіп (кей жағдайда болмаса) - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін, экологиялық жағынан «таза» және көбінесе «әйелдер» қызметінің саласы. Өнеркәсіптің өнімі жөне өңделген шикізатты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Бұл оның салаларының таралып орналасу «бейнесін» көрсетеді. Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала - мата тоқу саласы. Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, ол мақта, жүн, зығыр, жібек маталары мен тоқыма өнімдерін, киіз шығарады. Оларды есімдік (мақта, зығыр) немесе жануарлар (жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды. Бірінші сатысы - металлургиядағы кен байыту сияқты, мақтаны, жүнді өңдеу болып табылады. Ол мақта тазалайтын зауыттар мен жүн жуатын фабрикаларда атқарылады. Мақтаны дәнінен, қорапшасының қалдықтарынан, жапырағынан, сабағынан алып, жүнді кір мен майдан, басқа да лас заттардан тазартады. Тазаланған талшықтардан қатаң мата тоқылатын жіп иіріледі. Алынған қатаң матаны бояп, бетіне өрнек салады (әрлеу). 1 т жуылған жүн алу үшін 2 т жуылмаған жүн, ал 1 т мақта талшығын алу үшін 3 т астам мақта шикізаты қажет. Сондықтан бастапқы өңдеу кәсіпорындары шикізат көздеріне жақын орналастырылады. Әрбір келесі сатыны жекелеген жіп иіру, тоқыма немесе әрлеу фабрикаларында атқаруға болады. Бірақ ол көлік шығынын көбейтіп, дайын өнімнің бағасын қымбаттатып жібереді. Мақта-мата өндірісінің негізгі сатыларын бір комбинатта жинақтау тиімдірек болады. Мақта-мата өнеркәсіптері Оңтүстікте шоғырланған. Барлық мақта тазалау зауыттары (олар 30-дай) Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Жүн өнеркәсібі мардымсыз дамыған. Жүнді бастапқы өңдеу фабрикалары Оңтүстікте (Таразда]] және т.б.) және Шығыста (Семейде), ал мата тоқитын фабрикалар Фабричный кентінде (Алматы маңында), Қостанай мен Семейде орналасқан. Тоқыма өнеркәсібінде Алматы ерекше орын алады. Былғары, аяқ киім және тері өңдеу өнеркәсіптері бір-бірімен тығыз байланысты. Тері өңдеу (табиғи былғары алу) шикізат көзіне, су мен электр қуатына жақын орналасады. Еліміздегі тері өңдеу өнеркәсібінің негізгі орталықтары - Өтеген батыр (Алматы облысы), Петропавл, Рудный зауыттары. Қостанайда, Алматыда, Таразда, Ақтауда аяқ киім фабрикалары жұмыс істейді. Жеңіл өнеркәсіптің «кез келген жерде» орналаса беретін саласы - тігін өнеркәсібі. Ол көбінесе тұтынушыға таяу орналасады. Өнімнің негізгі бөлігін шағын тігін шеберханалары шығарады. Бірақ Шымкенттегі «Восход» сияқты ірі фабрикалар да бар. АӨК-тің аумақтық орналасуы АӨК географиясы табиғи, еңбек және экономикалық факторлары арқылы қалыптасады. Табиғи жағдайлар әр ауданның ауыл шаруашылық мамандануын анықтайды. Ол өз кезегінде ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мен тамақ өнеркәсібіне әсерін тигізеді. Ауыл шаруашылық мамандануы еңбек қорларына байланысты. Олар тығыз орналасқан жерлерде еңбекті көп қажет ететін, ал аз қоныстанған жерлерде көп жұмыс күшін қажет етпейтін салаларды орналастыруға болады. АӨК жұмысында халықтың тарихи қалыптасқан дағдысы да үлкен рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы жеңіл және тамақ өнеркәсібімен тығыз байланысты, ал оның өнімін негізгі тұтынушылар - қалалар. Сондықтан АӨК орналасуының негізгі ұстанымы - шикізат өндіріп, оны өңдейтін және дайын өнімді тұтынатын аудандарды жақындастыру. Қазақстанда АӨК-тің маманданған салалары астықты мал шаруашылығы - (Солтүстікте), мақта өсіретін (Оңтүстікте), қой өсіретін (Батыс пен Орталықта) және т.б. шаруашылықтары орналасқан. Ең бастысы, олар табиғи зоналармен сәйкес келеді. Бірақ бұл сәйкестік үнемі толық емес.
05.12.2012 10:50 39521

Мал шаруашылығы. Тамақ және жеңіл өнеркәсіптері

Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығы ірі қара (мүйізді ірі қара малын өсіру), жылқы, түйе, қой, шошқа және құс өсіру шаруашылықтарына бөлінеді.

Мал шаруашылығының құрамына, сонымен қатар марал (марал мен теңбіл бұғы өсіру), аң, ара шаруашылықтары, жібек құртын өсіру мен балық шаруашылығы да кіреді.

Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы орналастырудың негізгі факторы бұл - жемшөп базасы. Оны жайылымдықтар, шабындықтар, азықтық дақылдар егістіктер құрайды.

Шабындық жерлермен еліміздің Батысы мен Шығысы жақсы қамтамасыз етілген. Шабындықтары аз Солтүстік пен Оңтүстікте азықтық шөптер өсіріледі. Бірақ бәрібір мал шаруашылығының негізі жайылымдық жері болып табылады.

Қазақстанның солтүстік, орталық бөлігі мен биік тауларының етегіндегі көктемгі, жазғы, күзгі жайылымдықтар алып жатыр. Орманды дала мен дала зонасында төрт түліктің барлығы, ал шөлейт және шөл зоналарында қой, жылқы және түйе малдары жайылады. Орта және биік таулардағы субальпілік және альпілік шалғындар - еліміздегі ең құнарлы жазғы жайылымдар (жайлаулар). Еліміздің Оңтүстігі мен Батысындағы қар қабаты жұқа болып келетін құмды жерлер - жыл бойы (негізінен, қыста) қой және жылқы өсіруге пайдаланылатын жайылымдықтар.

Қазақстанның барлық бөліктерінде мал шаруашылығымен айналысады, бірақ мал басының 3/5 бөлігі еліміздің Солтүстігі мен Оңтүстігінде өсіріледі. Солтүстікте, Шығыста және Оңтүстікте сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы дамыған. Оған құнарлы азық қоры қажет.

Қой шаруашылығының негізгі өнімдері - ет, май, жүн, тері, қаракөл. Оның екі негізгі бағыты - биязы жүнді және қылшық жүнді қой шаруашылығы бар. Биязы жүнді қойлар (меринос) ең сапалы жүн маталарын алуға болатын ұзын, жіңішке біртекті жүн береді. Бұл жануарларға жақсы жайылымдар мен қысқы азық қажет. Ондай жағдайлар елдің солтүстік, шығыс және оңтүстік бөліктерінің бәрінде кездеседі.

Қылшық жүнді қой өсіру - азық қоры біршама аз, ұзақ жайылымдарға (500 км-ге дейін) тән болып келеді. Бұл бағытта Қазақстандық селекция кереметі деп аталатын еділбай қойларын ерекше бөліп қарауға болады. Еділбай қойлары төзімді, көнбіс, жергілікті климат жағдайына жақсы бейімделген болып келеді. Олардан тон тігу үшін ең жақсы материал, жүнін пима, киіз басуда қолданады. Олар бағалы азық-түлік ет пен май береді, оларды сондықтан құрықты қойлар деп атайды.

Қазақстанда өсірілетін қойлардың ішінде қаракөл қойлары ерекше орын алады. Қаракөл қойларын өсірумен шұғылданатын негізгі аудан - Оңтүстік Қазақстан.

Еліміздегі халықтың дәстүрлі кәсібі - жылқы шаруашылығы.

Жылқылар қазір де жүк таситын, салт мінілетін, жұмыс және бәйге аттары ретінде кеңінен пайдаланылады. Оларды, сонымен қатар бағалы азық-түлік өнімдері - жылқы етін, қымыз алу үшін де өсіреді. Біздің елімізде жылқы малын өсіру барлық жерде таралған сала. Бірақ жылқылардың негізгі бөлігі Оңтүстік пен Солтүстікте өсіріледі.

Шөлді және шөлейтті зонада түйе шаруашылығының маңызы зор. Түйе - ең ірі, жүк тасуға бейім, азық талғамайтын, ыстық, шөлге шыдамды жануар. Түйе шаруашылығының негізгі өнімдері - ет, сүт, шұбат және жүні. Бұл малдардың саны бойынша Қазақстанның Батысы мен Оңтүстігін, әсіресе Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстарын ерекше атауға болады.

Шошқа шаруашылығы - жылдам салмақ қосып, тез көбейетін әрі жайылымды қажет етпейтін, ауыл шаруашылығы үшін тиімді. Шошқа өсіруде егін шаруашылығынан алынатын жем және тамақ қалдықтары пайдаланылады. Ол біздің елімізде астық шаруашылығы мен картоп өсіру дамыған зонада кең таралған. Шошқа есірудің негізгі ауданы - Солтүстік (мал басының жартысынан астамы), ал екінші аудан - Оңтүстік (15%).

Жұмыртқа мен құс етін (тауық, қаз, үйрек, күркетауық) алу үшін құс шаруашылығы дамыған. Ол өндірістің өнеркәсіптік технологияларымен жұмыс істейтін фабрикалар ауыл шаруашылығының алғашқы саласы. Әсіресе үлкен қалалар орналасқан Оңтүстік пен астық шаруашылығының негізгі орталығы - Солтүстік ерекшеленеді.

Панталық марал шаруашылығы Алтайда, Бұқтырма өзенінің аңғарында пайда болды. Марал шаруашылығының негізгі өнімі - пантокрин алу үшін қолданылатын панты (бұғының жас мүйізі). Елдің ең құрғақшылықты аудандарынан басқа жерлерде, бал, балауыз, прополис алынатын ара шаруашылықтары дамыған. Бұл салада Шығыс Қазақстан алда келеді.

Тамақ және жеңіл өнеркәсібі - АӨК-тің 3 кезеңі

Бұл өнеркәсіптегі «ең жалпы халықтық» және «тек қалада» ғана орналаспайтын сала. Наубайханалар, сүт, ет, көкөніс зауыттары ауылдық жерлерде де жұмыс істейді. Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен, көлікпен тығыз байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз етеді (арнайы дайындалған немесе өндіріс қалдықтары) және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына оң ықпал жасайды.

Көптеген «тамақ өнеркәсіптері» көлемі үлкен, қымбат құрал-жабдықтар пайдаланады. Сонымен қатар кішігірім зауыттар (май шайқайтын, шұжық шығаратын цехтар) кәдімгі 2 - 3 бөлмеге сыйып кетеді. Ондай зауыттар қымбат болмағандықтан, оларды шағын кәсіпорындар да сатып ала алады.

Тамақ өнеркәсібі - тұтас салалар кешені. Оның орналасуына шешуші әсер ететін негізгі 2 фактор - шикізат және тұтыну. Материалды көп қажет ететін салаларында дайын өнім бірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен.

Шикізат факторының әсерін көрсететін нақты мысалға - қант өнеркәсібі (Алматы, Жамбыл) географиясын жатқызуға болады. Біздің елімізде «тәтті өнімді» дәстүрлі түрде қант қызылшасынан өндіреді.

Шикізат базаларына май айыру өндірісі, яғни өсімдік майын алу бағытталып орналасады. Қуатты зауыттар күнбағыс өсірілетін (Өскемен), мақта мен мақсары өсірілетін (Шымкент) аймақтарда орналасқан. Алматы мен Ақтөбенің зауыттары негізінен тасымалданып әкелінген майды шақпақтайды. Өскемендегі май айыру өндірісі халуа шығарумен үйлестірілген.

Жеміс-көкөніс өнеркәсібі тез бұзылатын өнімдер - көкөніс, жеміс өңдеумен айналысады. Ол толығымен дерлік Қазақстанның оңтүстігінде, әсіресе, Алматы облысында орналасқан.

Шикізат кезіне бағытталатын салалардың ішінде балық өнеркәсібі ауыл шаруашылығымен тікелей байланыспағандықтан, ерекше сипатқа ие. Ол ірі көлдердің, су қоймалары мен өзендердің балық қорларын пайдаланады.

Саланың басты кәсіпорны - «Атыраубалық» АҚ (Балықшы а.). Осы кәсіпорын ғана бекіре балықтарының уылдырығын өңдейді.

Тұтыну орындарына өндірістік өңдеуден өткен шикізатты пайдаланатын салалар таяу орналасады. Олардың өнімдері нашар сақталатын (торт, пирожный, басқа да кондитерлік өнімдер, нан) немесе жасалған шикізатынан тасымалдануы қиын болып келеді.

Нан пісіру көптеген елді мекендерде бар. Кондитер, макарон өнімдері өндірісінің де кеңістікте таралу «бейнесі» осыған ұқсайды. Ең ірі кондитер өндірісі - Алматы мен Қостанайда, шай - Алматыда, макарон өнімдері - Петропавл қаласында орналасқан.

Тамақ индустриясының бірқатар салалары шикізатқа да, тұтынушыға да бағытталып жұмыс істейді. Ұн тартатын өнеркәсіптер астық өңдеумен айналысады.

Сүт өнеркәсібінің бастапқы сатылары (пастерленген сүт, қаймақ, кілегей, айран шығару) тұтынушыға таяу орналасады. Оның соңғы сатылары, мысалы, май шайқау (мал майы және сары май дайындау) мен ірімшік жасау кеп сүт алынатын жерлерде көбірек дамыған. Еліміздің ең «сүтті» аудандары - Солтүстік пен Оңтүстік. Олар 1, 2 орындарды бөліседі. Ет өнеркәсібінің орналасуы екі жақты болып келеді. Ет өнімдерін даярлау (шұжық, жіңішке шұжық (сосиска), орама, сүрленген шошқа еті, т.б.) өнімді пайдаланатын орталықтарға «бекітілсе», ал ет консервілерін (бұқтырылған ет) өндірісі - шикізат көзіне таяу орналасады. Бірақ көбінесе бұл өндірістер бір кәсіпорындарға - комбинаттарға біріктіріледі.

Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты - тұрғындарды әдемі, әр алуан, ең бастысы тиімді — жоғары сапалы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз ету.

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары бар: мақта, жүн, табиғи былғары. Дегенмен, ол экономикадағы ең бір «шешімін таппаған» сала болып есептеледі.

Жеңіл өнеркәсіп көп салалы өндіріс. Оның негізгілері - тоқыма, тігін, мақта-мата, былғары, тері илеу салалары.

Жеңіл өнеркәсіп (кей жағдайда болмаса) - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін, экологиялық жағынан «таза» және көбінесе «әйелдер» қызметінің саласы. Өнеркәсіптің өнімі жөне өңделген шикізатты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Бұл оның салаларының таралып орналасу «бейнесін» көрсетеді.

Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала - мата тоқу саласы. Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, ол мақта, жүн, зығыр, жібек маталары мен тоқыма өнімдерін, киіз шығарады. Оларды есімдік (мақта, зығыр) немесе жануарлар (жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды.

Бірінші сатысы - металлургиядағы кен байыту сияқты, мақтаны, жүнді өңдеу болып табылады. Ол мақта тазалайтын зауыттар мен жүн жуатын фабрикаларда атқарылады. Мақтаны дәнінен, қорапшасының қалдықтарынан, жапырағынан, сабағынан алып, жүнді кір мен майдан, басқа да лас заттардан тазартады. Тазаланған талшықтардан қатаң мата тоқылатын жіп иіріледі. Алынған қатаң матаны бояп, бетіне өрнек салады (әрлеу).

1 т жуылған жүн алу үшін 2 т жуылмаған жүн, ал 1 т мақта талшығын алу үшін 3 т астам мақта шикізаты қажет. Сондықтан бастапқы өңдеу кәсіпорындары шикізат көздеріне жақын орналастырылады.

Әрбір келесі сатыны жекелеген жіп иіру, тоқыма немесе әрлеу фабрикаларында атқаруға болады. Бірақ ол көлік шығынын көбейтіп, дайын өнімнің бағасын қымбаттатып жібереді. Мақта-мата өндірісінің негізгі сатыларын бір комбинатта жинақтау тиімдірек болады.

Мақта-мата өнеркәсіптері Оңтүстікте шоғырланған. Барлық мақта тазалау зауыттары (олар 30-дай) Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан.

Жүн өнеркәсібі мардымсыз дамыған. Жүнді бастапқы өңдеу фабрикалары Оңтүстікте (Таразда]] және т.б.) және Шығыста (Семейде), ал мата тоқитын фабрикалар Фабричный кентінде (Алматы маңында), Қостанай мен Семейде орналасқан. Тоқыма өнеркәсібінде Алматы ерекше орын алады.

Былғары, аяқ киім және тері өңдеу өнеркәсіптері бір-бірімен тығыз байланысты. Тері өңдеу (табиғи былғары алу) шикізат көзіне, су мен электр қуатына жақын орналасады. Еліміздегі тері өңдеу өнеркәсібінің негізгі орталықтары - Өтеген батыр (Алматы облысы), Петропавл, Рудный зауыттары. Қостанайда, Алматыда, Таразда, Ақтауда аяқ киім фабрикалары жұмыс істейді.

Жеңіл өнеркәсіптің «кез келген жерде» орналаса беретін саласы - тігін өнеркәсібі. Ол көбінесе тұтынушыға таяу орналасады. Өнімнің негізгі бөлігін шағын тігін шеберханалары шығарады. Бірақ Шымкенттегі «Восход» сияқты ірі фабрикалар да бар.

АӨК-тің аумақтық орналасуы

АӨК географиясы табиғи, еңбек және экономикалық факторлары арқылы қалыптасады. Табиғи жағдайлар әр ауданның ауыл шаруашылық мамандануын анықтайды. Ол өз кезегінде ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мен тамақ өнеркәсібіне әсерін тигізеді.

Ауыл шаруашылық мамандануы еңбек қорларына байланысты. Олар тығыз орналасқан жерлерде еңбекті көп қажет ететін, ал аз қоныстанған жерлерде көп жұмыс күшін қажет етпейтін салаларды орналастыруға болады. АӨК жұмысында халықтың тарихи қалыптасқан дағдысы да үлкен рөл атқарады.

Ауыл шаруашылығы жеңіл және тамақ өнеркәсібімен тығыз байланысты, ал оның өнімін негізгі тұтынушылар - қалалар. Сондықтан АӨК орналасуының негізгі ұстанымы - шикізат өндіріп, оны өңдейтін және дайын өнімді тұтынатын аудандарды жақындастыру.

Қазақстанда АӨК-тің маманданған салалары астықты мал шаруашылығы - (Солтүстікте), мақта өсіретін (Оңтүстікте), қой өсіретін (Батыс пен Орталықта) және т.б. шаруашылықтары орналасқан. Ең бастысы, олар табиғи зоналармен сәйкес келеді. Бірақ бұл сәйкестік үнемі толық емес.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға