Жаңалықтар

Орталық Қазақстан

Орталық Қазақстан — Қазақстан Республикасының құрамындағы экономика-географиялық аймақ.
21.11.2014 12:14 137981

Орталық Қазақстан — Қазақстан Республикасының құрамындағы экономика-географиялық аймақ.

Алғашқы қауымдық кезең

Орталық Қазақстан өңірі өзінің табиғи географиялық жағдайы мен орналасуына байланысты ежелгі қазақ тарихында ерекше орын алады. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде бұл аймақты ежелден алғашқы адамдардың мекендегені анықталған. Бұл уақыт тарихи дәуірлеу бойынша б.з.б. 5-3 ғ-лар аралығы. Олар негізінен терімшілікпен, аңшылықпен, сонымен қатар балықшылықпен де қосымша айналысқан. 15-25 адамнан тұратын алғашқы адамдар қауымдық тобырларды құрады, Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдар питекантроптың замандастары еді. Олар отты пайдалануды, мамонт сүйегінен, мал терісінен қарапайым үй салуды үйренді.

Обалысай I, Жаман Айбат, Семізбұғы ежелгі елді мекендерінен тас құралдар: шапқышар, қырғыш, кескіш, тілгіштер, жебелердің ұштары, жұмыр тастар және т.б. табылған. Ағаштан және сүйектен жасалған еңбек құралдары сақталмаған. Алғашқы адамдар қоныстарының ішіндегі ең белгілісі Батпақ-8, 12, Мұзбел-1, Сарыарқа, Оғызтау-1, 2 тұрақтары.

Орта ғасыр

Б.з. 6 ғасырында Орталық Қазақстан Түрік қағанатының кұрамына енді. 603 жылы Түрік қағанаты екіге бөлініп, Батыс Түрік қағанаты Жетісу мен Орталық Қазақстан аумағын қамтиды. Тарихи деректер бойынша 7 ғ-дың екінші жартысында Батыс Түрік қағанатының ішіндегі ең күшті тайпалық одақ — қимақтар Ертіс өзенінен Сыр, Шу бойына дейінгі аралықты мекендейді. 9 ғ-да Қимақ қағанаты жеті тайпадан тұрды, оларға: қимақ, ланиказ, аджлад, эймур, баяндур, татар, қыпшақтар жатады. Ал 10 ғ-да осы тайпалардан қыпшақтар алдыңғы қатарға шығып, Қыпшақ хандығын кұрды. 10 ғ-дың аяғында қыпшақтар Сыр бойындағы оғыздарды ығыстырды, Қазақстаннын түгелге жуык жеріне билігін жүргізіп, Дешті-Қыпшақ деп аталды. 11-12 ғғ-да қыпшақтар екіге бөлінді, он қанаты Торғай даласын, Жем, Жайық, Еділ бойын жайласа, сол қанаты Орталық және Шығыс Қазақстанды мекендеді. Қыпшақ хандығының алғашқы орталығы Ертіс өзенінің орта ағысыңда болса, кейіннен Сыр бойындағы Сығанақ қаласына ауысты. Қыпшақ мемлекетін хан басқарды, олардан баска билеушілер катарына тархандар, бектер, басқақтар жатады. Орталық Қазақстан шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығына негізделді. Мал жаз айларында Сарыарқаның кең даласын жайласа, қыста тау шатқалдарына, ықтасын жерлерге оралып отырды. Орта ғасырда Сарыарқа аркылы Ұлы Жібек жолының бір тармағы өтті, ол Қарқаралы, Ұлытау, Жезқазғанды басып өтіп, батысқа беттейді. Осы өңірде мыс, темір рудасы балқытылып, олардан еңбек кұралдары, қару-жарақтар жасалған. Оған дәлел Қарқаралы маңындағы Кент, Суықбұлақ мекендері, Темірші, Кентөбе кен орыңдары, Жезқазғандағы Милықұдық қонысы мен осы өңірдегі мыс және темір өндірген ежелгі кен орындары. Қытай өзені Хуанхэден Дунайға дейін созылған Ұлы Еуразия даласы адамзат тарихы бойында тек Батыс пен Шығыс арасындағы жалғаушы ғана емес, көптеген халықтардың ұлы бесігі болды.

Ауданның құрамы:

Қарағанды облысы

Ауданы 428 мың км2

Халқы 1339 мың адам

Орташа тығыздығы:3,1 адам/км2

Орталық Қазақстан - республикамыздағы су жетіспейтін аймақтардың бірі, теңіздерден қашық жатуымен бірге ірі езендері де жоктың қасы. Бірақ минералды ресурстарға бай аймақтың бірі.Сарыарқа жері пайдалы казбалардың көмбесі десе де болады. Мұнда-көмір, темір кені, мыс, марганец, алтын, күміс, мұнай жөне т.б.пайдалы қазбалар кездеседі. Орталық Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайының қолайлылығы орталықта орналасуында, яғни барлық экономикалық аудандармен шектеседі. Пайдалы қазба кен орындарына жақын орналасқан, аумағы транзит жолының үстінде және көлік қатынасы жақсы дамыған.Аудан шекарасының басқа республикалармен шектеспеуі ауданның сыртқы байланысының дамуына, ал климатының қуаң болуы ауыл шаруашылығын өркендетуге қолайсыз әсер етеді.Климаты шұғыл континенталды, қысы суық, боранды желдер жиі болып тұрады. Жылдық түсетін жауын-шашын мөлшері шамамен 250 мм. Вегетациялық кезеңнің ұзақтығы 160 күн. Осындай агроклиматтық жағдай ауыл шаруашылығының салаларын дамытуға кері әсерін тигізуде.

Табиғат ресурстары

Орталық Қазақстанды минералды ресурстардың қазынасы десек те болады. Бұл ауданда пайдалы қазбалардың алуан түрі және үлкен қоры шоғырланған. Жер қойнауындағы көмірдің мол қоры Қарағанды көмір алабында орналасқан. Сонымен бірге 100% кокстелетін көмір де осында. Мыс кен орындары Балқаш маңы мен Жезқазғанда, марганецтің 100%-ы Атасу және Жезді кен орындарында шоғырланған. Сонымен бірге мұнда сирек металдар да кездеседі. Вольфрам мен молибденнің негізгі кен орындары Жоғары Қайрақты, Көктенкөл, Солтүстік Қатпар,Қараоба және Оңтүстік Жауырда орналасқан. Оңтүстік Торғай мұнай газ алабында мұнай мен газдың 3 кен орны анықталып, барлау жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге кенсіз пайдалы қазбалардың қоры анықталып, әсіресе құрылыс материалдары көптеп шоғырланған. Аудан жеріндегі пайдалы қазбалардың ерекшелігі - олардың бір-біріне жақын орналасуында.

Су ресурсы

Орталық Қазақстанның оңтүстік шығысында Балқаш көлі орналасса, қалған аумағында (Қарасор, Қыпшақ және т.б.) ұсақ көлдер кездеседі. Олардың дені ащы көлдер. Судың жетіспеуі өнеркәсіп жөне ауыл шаруашылық салаларын дамытуға кедергі болуда. Сумен қамтамасыз ету үшін Ертіс - Қарағанды - Жезқазған су қоймалары және канал салынды.

Орман ресурсы

Орталық аудан орман ресурсына тапшы аудандардың бірі, негізгі ормандары суды қорғауда және рекреациялық мақсатта маңызды рөл атқарады. Негізгі ағаш түрлері - қарағай,қайың жөне көктерек. Табиғаттың әсем жерлерін сақтау мақсатында Қарқаралы ұлттық паркі ашылған.

Қызықты жағдайлар

1. П.И. Шангин (Алтай таулы округінің маркшейдері) Сарыарқаның табиғатына сипаттама бере отырып, аймақтың қорғасын мен мыс кендеріне бай екендігін және оларды өндірген ежелгі ошақтарын, 1816 жылғы зерттеу барысында жазып кеткен.

2. XIX ғасырдың ортасында байлық іздеген кәсіпкерлер бірінен соң бірі келіп 85 кен орнын игерген. 1895 жылы бір ғана Қарқаралы уезінде 311 кеніш игерілген.

3. 1940 жылға дейін Қарағанды кемір алабында 22 шахта жөне 1 көмір кесіндісі (Федоров) салынды. Бұл өндіріс орындары тек ауданның ғана емес, бүкіл Қазақстанның индустриалды дамуына септігін тигізді. Қарағанды Ресейдің Еділ маңы жөне Орал экономикалық аудандарын, Башқұртстан республикасы мен Орынбор облысын көмірмен қамтамасыз еткен.Ұлы Отан соғысы жылдары Қарағанды көмірі бүкіл елімізді отынмен қамтамасыз етті.

4. Орталық Қазақстан марганец (жез) кенінің барланған қоры бойынша дүние жүзінде 3-орында, ал ТМД елдері арасында Украинадан кейін 2-орында. Кеннің негізгі қоры Атасу кенді ауданында (батыс Қаражал, Үшқатын III, Үшқатын I, Шығыс Қамыс, Жомарт және т.б.) және Сарысу-Теңіз кенді ауданында («Түр», «Богач») шоғырланған.

Халқы

Орталық Қазақстанның халқы ұзақ уақытқа дейін аз қоныстанған аудан ретінде белгілі болатын. Ұлы Отан соғысына дейін және тың жерді игеру кезінде Кеңес өкіметінің батыс аймақтарынан славян ұлт өкілдері келіп қоныстана бастады. Соның нәтижесінде славян халықтарының саны көбейді. Қазіргі таңда Орталық Қазақстанда 115 ұлт өкілінен 1,3 млн адам тұрады.Ауданның 11 қаласында 1 134 мың адам тұрады, оның 453 мыңы Қарағанды қаласында (жалпы аудан халқының 34%). Екінші орында Теміртау қаласы (170 мың), республикамыздағы ең жоғары урбандалған экономикалық аудан (85%). Ауыл халқы біркелкі орналаспаған. Халықтың тығыз орналасқан аймақтарына - ауданның солтүстігі, өзен алаптары, ірі темір жол тораптары жөне су қоймаларының маңы жатады. Жұмыссыздық санының мөлшері қазір 6,9%-ды құрайды. Экономикалық, белсенді халықтың үлесі — 70%.Соңғы кездерде білім және денсаулық саласына бөлінетін қаржы көлемі 1,5 есеге көбейді.

Өнеркәсібі

Орталық Қазақстан - республикамыздағы ірі индустриалды аудандардың бірі. Жалпы ауданның аймақтық өнім шығарудағы үлесі 9%-дан астам. Кен орындарының барланған қоры - отын, электр қуаты, металлургия өнеркәсібін дамытуға мүмкіншілік береді.Ауданда ірі тау-кен металлургия кешені қалыптасқан. Оның құрамына тау-кен өндірісі салалары мен қара және түсті металлургия кәсіпорындары, көмір өнеркәсібі кіреді. Аудан экономикасында отын өнеркәсібі маңызды рөл атқарады. Мемлекетіміздің маңызды көмір базасына Қарағанды тас көмір алабы жатады. Онда республикада өндіретін тас көмірдің 32%-ы ендіріледі.Қара металлургия өнеркәсібінің дамуы Теміртау каласындағы толық циклді комбинатқа байланысты. Комбинатта шойынның 100%-ын, болаттың 97%-ын шығарады. Қуаттылығы жөнінен ТМД көлеміндегі металлургия кәсіпорындарының арасында 7-ші орында.Түсті металлургияда қарқынды дамығаны мыс ендіру саласы,бірақ басқа да түсті металдардың қоры аз емес. Ірі тау-кен металлургия комбинаты Жезқазғанда (Қазақстандағы ірі комбинат) және Балқашта салынған. Бұл жерде өндіру, байыту және шақпақталған мысты алу кешенді түрде дамыған. Мыстың мұндай түрі тек Орталық Қазақстанда шығады Орталық Қазақстан аумағында Қарағанды-Теміртау АӨК және Балқаш-Жезқазған өнеркәсіп тораптары орналасқан. Бір-бірімен жоғарғы электр желісі арқылы және темір жолмен байланысады. Қарағанды- Теміртау АӨК (ең қуаттысы) көмір өнеркәсібінің негізінде қалыптасқан. Орталығы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинаты. АӨК-нің құрамына өнеркәсібі дамыған Абай, Саран, Шахтинск қалалары, қала типтес Долинка, Шахан, Топар және т.б. кенттер кіреді.Бұл кешенде металды көп қажет ететін машина жасау және негізгі химияның салалары дамыған.АӨК-ні сумен Ертіс - Қарағанды каналы жөне Нұра су қоймасы қамтамасыз етеді.Балқаш және Жезқазған өнеркәсіп тораптары, толық циклді мыс өнеркәсібінің дамуына байланысты қалыптасқан тау-кен байыту комбинаты (оның құрамына кен орны, карьер, байыту фабрикалары, мыс балқыту зауыттары) жұмыс істейді. Орталық Қазақстанның өндіріс салалары көбінесе қоршаған ортаға қолайсыз әсер етеді. Зиянды қалдықтарды азайту үшін кәсіпорындар өнімдерінің қалдығын химия өнеркәсібінде пайдаланады. Жезқазған және Балқаш қалаларында күкірт қышқылы өндірілсе, Теміртау қаласында азот тыңайтқышы, тас көмір шайыры,бензол шығарылады.Қожды құрылыс материалы ретінде және цементке қосуға пайдаланады.Күкірт қышқылын өндіруден Орталық Қазақстан Шығыс Қазақстаннан кейін 2-ші орында.

Электр қуаты саласы

Электр қуаты саласында жылу электр стансалары негізгі рөлді атқарады. Қарағанды МАЭС-і және Теміртау, Балқаш ЖЭО-ы орталық ауданның кәсіпорындарын, сонымен бірге оңтүстік экономикалық ауданының кейбір кәсіпорындарын электр қуатымен қамтамасыз етеді

Машина жасау саласы

Машина жасау өндірісі көмекші салалардың рөлін атқарады . Қарағанды тау-кен жабдығы машина зауыты - металлургия кәсіпорындарына арналған тау-кен шахта құрал-жабдықтарын шығарады. Сондықтан да ауыр өнеркәсіп Орталық Қазақстанда жетекші орынға ие.Ауыр өнеркәсіп салаларының кешенін толықтырушы кәсіпорындарға жеңіл жөне тамақ өнеркәсібі жатады. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары тігін, тоқыма, аяқ киім бұйымдарын шығарады. Көлік түрлеріне келетін болсақ, негізгі рөлді темір жол атқарады. 1930 жылдары салынған Астана - Қарағанды - Мойынты - Шу темір жолы тек орталықтың емес, солтүстік ауданның да отын өнеркәсібін және басқа салаларын дамытты. Осы темір жол магистралінен бөлініп кен орындарына тартылған (Жезқазған, Қаражал, Теміртау,Балқаш, Саяқ) жолдар түсті және қара металлургияның дамуына түрткі болды.Темір жолмен катар автомобиль жолдары да жақсы дамыған. Автомагистральдар аудан ішіндегі және көршілес аудандардың ірі өнеркәсіп орындарын (Қарағанды - Теміртау,Қарағанды - Балқаш - Алматы) байланыстырады.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының салаларын дамытуға ауданның солтүстік бөлігі қолайлы. Негізінен астық тұқымдастардан жаздық бидай, арпа, тары, техникалық дақылдардан күнбағыс және бау-бақша мен картоп егіледі. Сонымен бірге ірі қара, жылқы, қой, шошқа өсіріледі. Ауданның оңтүстігіндегі жерлер тек қана мал жайылымына жарамды. Әсіресе қой бағылады. Орталық Қазақстан ауыл шаруашылық өнімдерімен өзін-өзі толық қамтамасыз ете алмағандықтан сырттан әкеледі.Ауыл шаруашылығына, әсіресе солтүстігіндегі тыңайған жерлерге жел эрозиясы үлкен зиян келтіріп отыр.

Экологиялық проблемалары

Республика аймағында бірнеше ірі экологиялық қолайсыз аймақ болса, соның бірі - Қарағанды облысы (орталық аудан). Экологиялық тепе-теңсіздіктің негізгі көзі: ауаның, судың және топырақтың ластануы өнеркәсіп қалдықтарының әсерінен және аумағының Семей полигонына жақын орналасуынан. Көптеген пайдалы қазбалардың кен орындарында тиісті экологиялық талаптарды орындамай пайдаланғаннан кейін ашық күйінде тастап кеткен немесе істен шығарылған. Бұл да қазіргі кезде қоршаған ортаға өз зиянын тигізуде.

Қалалары

Аудандағы қалалардың дені өткен ғасырдың 1930-1940 жылдары салынған. Қалалар пайдалы қазбалардың игерілуіне байланысты пайда болды. Кейіннен зауыт-фабрикалар салынды.

Қарағанды (453 мың адам). Мемлекетіміздегі жас қалалардың бірі, бірақ экономикалық әлуеті жағынан республикамыздағы жетекші қалалардың қатарында. Халық арасында Қарағанды «Кеншілер (шахтерлер) қаласы» деп аталады. Тарих тұрғысынан қарасақ алғашқы елді мекен 1,5 ғасыр бұрын көмір кенін игеруге байланысты пайда болған екен.

Теміртау (170 мың адам) - Қарағандының серіктес қаласы. Қаланың тарихы 1905 жылдан басталады. Нұра өзенінің сол жағалауында алғашқы көшіп келгендер орналаса бастады.

Балқаш (74 мың адам) — Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы өнеркәсіпті қала. Қалада республикамыздағы ең ірі кәсіпорындардың бірі - Балқаш мыс комбинаты бар. Қала 1937 жылы мыс балқыту зауытының салынуына байланысты іргесі қаланған маңызды түсті металлургияның орталығы. Комбинат мыс және күкірт қышқылын шығарады.

Жезқазған - мемлекетіміздің негізгі мыс балқыту орталығы болып есептеледі. Мұндағы кен байыту фабрикасы мен мыс балқыту зауыты мыстан басқа республикамыз бен ТМД елдерінің зауыттарына қажет қорғасын концентратын шығарады. Мыс балқыту өнеркәсібінен басқа құрылыс кәсіпорындары, тоқыма, тігін фабрикасы жөне ет комбинаттары жұмыс істейді.

Сен білесің бе?

1. Ұлы Отан соғысы жылдарында ер адамдардың дені әскер қатарына шақырылғандықтан, шахталарда әйел-қыздардың саны 20 000-ға жетіп, 29 әйелдер бригадасы жұмыс істеді.

2. Өткен ғасырдың 30-жылдарына дейін Орталық Қазақстанда балалармен темір жол қатынасы болған жоқ. Аумақтың негізгі бөлігінде мал шаруашылығы дамыды. Аудан даму қарқынын бірінші бес-жылдықта Орал-Кузнецк комбинатын кокстелген көмірмен қамтамасыз ету кезінде алды.

3. 1930 жылдары Қ.И. Сәтбаев Қаражал ауданынан ірі темір кен орнын тапқан кезде Қарағанды маңынан қазақ металлургия зауытын салу идеясын айтқан болатын. Тек 1944 жылдың желтоқсанында алғашқы Қазақстан болаты алынды. Ал 1978 жылдың қаңтарында жалпы өндірілген көмірдің көлемі 1 млрд тоннаға жетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға