Жаңалықтар

Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы

  Жалаңтөс Баһадүр сейітқұлұлы – мемлекет қайраткері, батыр, қолбасшы, би. әйтеке бидің үлкен атасы. ол 1576 жылдың 15 қыркүйегінде сырдария өзенінің бойындағы нұрата аймағында туған. бес жасқа келгенде әкесі сейітқұл оны осы нұратадағы мешітке оқуға береді. 1590 ж. бұхар ханы абдулланың жоғары дәрежелі қолбасшылар даярлайтын әскери мектебіне оқуға жібереді. бұл мектепте қолбасшылық өнерінен дәріс беретін бақимұхаммедтің баласы имамқұл жалаңтөс баһадүрдің ерекше қабілетін байқап, оны өзімен бірге хан ордасында өтетін әр түрлі кеңестерге, салтанатты рәсімдерге қатыстырып отырады. хан ұрпағы имамқұл мен жалаңтөс баһадүрдің достығы осы кезден басталады. бұхараның әскери мектебінде үш жыл оқыған жалаңтөс баһадүр 1593 ж. бұланғар, лайыш, қаттықорған жерлеріндегі әлімұлы тайпасының бір бөліміне би болып сайланады. 1598 ж. қыркүйекте бұхар ханы абдулла қайтыс болып, тақ үшін тартыс басталады. бұхар хандығының ақсүйектері алшындардың қолдауымен бақимұхаммедті хан көтереді. жалаңтөс баһадүр хан кеңесіне мүшелікке қабылданып, әскери істер жөніндегі кеңесші болып тағайындалады. 1611 ж. таққа имамқұл отырғызылады. осы кезеңде бұхар хандығының нығаюына жалаңтөс баһадүр көп еңбек сіңіреді. 1618 ж. имамқұл хан жалаңтөс баһадүрді хандығының бас қолбасшысы етіп тағайындайды. бұл кезеңде бұхар хандығында белгілі дәрежеде тәртіп орнап, тұрақтылық сақталады. жалаңтөс баһадүрдің беделінен сескенген имамқұл 1626 ж. бұхар хандығына тәуелді емес самарқан аймағын құрып, оған жалаңтөс баһадүрді әмір етіп тағайындайды. ол самарқандағы ұлықбек медресесінің қарсысынан 1620 – 36 ж. «ширдор» (“арыстан қақпа”) медресесін салдырады. 1646 ж. екі медресенің ортасынан «тіллә қари» (“алтынмен апталған”) медресесінің құрылысын бастайды. 1643 ж. жалаңтөс баһадүр жетісу өлкесіне басып кірген жоңғарларға қарсы шайқасып жатқан салқам жәңгір ханға 20 мың қол бастап көмекке келіп, қалмақтарды ойсырата жеңеді. 1644 ж. ауғанстан, үндістан аумағын билейтін моғол империясы мен бұхар хандығы соғысады. салқам жәңгір 100 мың қолмен жалаңтөс баһадүрге көмекке келеді де, бұхар хандығы аман қалады. жалаңтөс баһадүр жоңғарлардың қазақ сахарасына қарсы жасаған соғыстары кезінде қазақ хандығына қалың қолмен келіп қосылып, оның күшін еселеді. жалаңтөс баһадүр 1656 ж. самарқанда дүние салды, денесі дағбид қыстағындағы өзі пір тұтатын мақтым ағзам әулие бейітінің жанына жерленген.      
05.12.2012 09:19 3465

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға