Жаңалықтар

Қорғалжын ауданы

Қорғалжын ауданы – Ақмола обл-ндағы әкімш. бөлік. 1928 ж. құрылған. Солт-нде Егіндікөл, Астрахан аудандарымен, оңт-нде Қарағанды обл-ның Нұра ауд-мен шектеседі. Аудан аумағындағы 26 елді мекен 8 ауылдық әкімш. округке біріктірілген. Жерінің аум. 9,3 мың км2. Тұрғыны 13,0 мың адам (2003). Аудан негізінен Теңіз – Қорғалжын ойысында орналасқан. Жер бедері сәл белесті жазық. Климаты континенттік. Қысы ұзақ (қар 180 күндей жатады, қалыңд. 20 см-дей), боранды (20 күндей), суық. Қаңтар айының орташа темп-расы –17 – 18ӘС. Жазы қоңыржай ыстық, қуаң (50 күндей). Шілде айының орташа темп-расы 20 – 21ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 250 – 300 мм. Аудан жері арқылы Нұра, Құлан-өтпес өзендері ағып өтеді. Көлдер өте көп. Негізгілері: Қорғалжын, Теңіз, Қоқай, Асаубалық, Сұлтанкелді, Есей, Шолақшалқар, Жәнібекшалқар, Шишалқор, Қарасор, Құмкөл, Алакөл, т.б. Топырағы қоңыр, күңгірт қоңыр, Нұраның аңғары қара топырақты. Аудан жерінде жабайы шошқа, қоңыр түлкі, қарсақ, борсық, қоян, күзен, ақ тышқан, қосаяқ, су тышқаны, ондатра; құстардан: қоқиқаз, қаз, үйрек, аққу, аққұтан, қызғыш, т.б. көптеген су құстары мекендейді. Көлдерінде мөңке, алабұға, оңғақ, лақа, торта, шортан, аққайран кездеседі. Аудан аумағында мемл. Қорғалжын қорығы орналасқан. Қ. а-нда облыс халқының 1,7%-ы тұрады. Негізгі халқы қазақтар (87,1%, 2003). Одан басқа орыс (6,8%), украин (2,3%), неміс (1,8%), беларусь (1,5%), өзбек (0,04%), т.б. ұлт өкілдері (1,8%) тұрады. Халқының орташа тығызд. 1 км2-ге 1,4 адамнан келеді. Халқы 1,0 мың адамнан асатын ірі елді мекендері: Қорғалжын (5,0 мың адам), Арықты (1,3), Кеңбидайық (1,1), Жантеке (1,4), Сабынды (1,8) а-дары. Ауданда май з-ты, сүт цехы, диірмен, наубайхана, тұрмыстық комб., құрылыс, автокөлік мекемелері, типография, астық пункті, т.б. бар. Аудандағы 17 ЖШС, 184 шаруа қожалығы, 3 тағам өңдейтін кәсіпорын, 88 сауда орындары халыққа түрлі салада қызмет көрсетеді. А. ш. жері 656,5 мың га, оның 46,1 мың га-сы егіндік, 28,2 мың га-сы шабындық, 382,8 мың га-сы жайылым, 199,5 мың га-сы тыңайған жер. 2001 ж. 8,5 мың сиыр, 4,2 мың қой мен ешкі, 3,6 мың жылқы, 0,6 мың шошқа, 12,6 мың құс болды. Оқу, білім беру және мәдениет салаларында мектепке дейінгі 8 балалар мекемесі, 5 бастауыш, 8 орталау, 11 орта мектеп, 33 кітапхана, халық театры, мұражай, 22 клуб, 3 мәдениет үйі бар. Денсаулық сақтау және емдеу мекемелерінен ауд. аурухана, 5 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 13 фельдш.-акушерлік пункт болды. Ауд. “Шамшырақ нұры” (1934 жылдан), “Свет маяка” (1957 жылдан) газеттері шығарылады. С. Әбдірахманов  
05.12.2012 06:54 8237

Қорғалжын ауданы – Ақмола обл-ндағы әкімш. бөлік. 1928 ж. құрылған. Солт-нде Егіндікөл, Астрахан аудандарымен, оңт-нде Қарағанды обл-ның Нұра ауд-мен шектеседі. Аудан аумағындағы 26 елді мекен 8 ауылдық әкімш. округке біріктірілген. Жерінің аум. 9,3 мың км2. Тұрғыны 13,0 мың адам (2003). Аудан негізінен Теңіз – Қорғалжын ойысында орналасқан. Жер бедері сәл белесті жазық. Климаты континенттік. Қысы ұзақ (қар 180 күндей жатады, қалыңд. 20 см-дей), боранды (20 күндей), суық. Қаңтар айының орташа темп-расы –17 – 18ӘС. Жазы қоңыржай ыстық, қуаң (50 күндей). Шілде айының орташа темп-расы 20 – 21ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 250 – 300 мм. Аудан жері арқылы Нұра, Құлан-өтпес өзендері ағып өтеді. Көлдер өте көп. Негізгілері: Қорғалжын, Теңіз, Қоқай, Асаубалық, Сұлтанкелді, Есей, Шолақшалқар, Жәнібекшалқар, Шишалқор, Қарасор, Құмкөл, Алакөл, т.б. Топырағы қоңыр, күңгірт қоңыр, Нұраның аңғары қара топырақты. Аудан жерінде жабайы шошқа, қоңыр түлкі, қарсақ, борсық, қоян, күзен, ақ тышқан, қосаяқ, су тышқаны, ондатра; құстардан: қоқиқаз, қаз, үйрек, аққу, аққұтан, қызғыш, т.б. көптеген су құстары мекендейді. Көлдерінде мөңке, алабұға, оңғақ, лақа, торта, шортан, аққайран кездеседі. Аудан аумағында мемл. Қорғалжын қорығы орналасқан. Қ. а-нда облыс халқының 1,7%-ы тұрады. Негізгі халқы қазақтар (87,1%, 2003). Одан басқа орыс (6,8%), украин (2,3%), неміс (1,8%), беларусь (1,5%), өзбек (0,04%), т.б. ұлт өкілдері (1,8%) тұрады. Халқының орташа тығызд. 1 км2-ге 1,4 адамнан келеді. Халқы 1,0 мың адамнан асатын ірі елді мекендері: Қорғалжын (5,0 мың адам), Арықты (1,3), Кеңбидайық (1,1), Жантеке (1,4), Сабынды (1,8) а-дары. Ауданда май з-ты, сүт цехы, диірмен, наубайхана, тұрмыстық комб., құрылыс, автокөлік мекемелері, типография, астық пункті, т.б. бар. Аудандағы 17 ЖШС, 184 шаруа қожалығы, 3 тағам өңдейтін кәсіпорын, 88 сауда орындары халыққа түрлі салада қызмет көрсетеді. А. ш. жері 656,5 мың га, оның 46,1 мың га-сы егіндік, 28,2 мың га-сы шабындық, 382,8 мың га-сы жайылым, 199,5 мың га-сы тыңайған жер. 2001 ж. 8,5 мың сиыр, 4,2 мың қой мен ешкі, 3,6 мың жылқы, 0,6 мың шошқа, 12,6 мың құс болды. Оқу, білім беру және мәдениет салаларында мектепке дейінгі 8 балалар мекемесі, 5 бастауыш, 8 орталау, 11 орта мектеп, 33 кітапхана, халық театры, мұражай, 22 клуб, 3 мәдениет үйі бар. Денсаулық сақтау және емдеу мекемелерінен ауд. аурухана, 5 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 13 фельдш.-акушерлік пункт болды. Ауд. “Шамшырақ нұры” (1934 жылдан), “Свет маяка” (1957 жылдан) газеттері шығарылады.

С. Әбдірахманов
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға