Жаңалықтар

Ертедегі Жетісудағы діни нанымдар мен дәстүрлері

Ертедегі Жетісудағы діни нанымдар мен дәстүрлері Ертедегі Жетісуда діни нанымдар мен дәстүрлері ерекше күшті болды, онда исламның таралуына қарамастан, бұрынғысынша зороастризм, несториандық түсініктегі христиан діні, буддизм сақталып қалды. Халық арасында шаманизмнің және басқа да ертедегі түріктер діндерінің дәстүрлері күшті болды. Мысалы, XII ғасырдың соңғы ширегінде [[Баласағұн]да несториандық митрополия құрылғаны мәлім. Амра каталогында Қашғар мен Невакеттің митрополиті аталған. Несториандықтың таралғаның несториандық жазулары бар, монтолдарға дейінгі уақытқа жатқызылатын қайрақтардың табылуы дәлелдейді. Ақтөбе қаласының жұртынан қазып аршылтан шарап ашытатын орын несториандардікі болуы мүмкін, оны салуға крестер бейнеленіп күйдірілген кірпіш пайдаланылған. X тасырда Жетісуда манихей дінінің кезқарасы күшейді. Ән-Нединнің айтуынша, манихейлер Самарқанда және көбінесе Нукатта (Невакетте) тұрған. Эпиграфиялық және археологиялық олжалар рухани және материалдық мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері болтанын, алайда онын дамуының басты батыты этникалық-мәдени интеграция болтанын растайды. Мұсылман қаласы мәдениетінің қалыптасуына із қалдырған ертедегі дәстүрлердің сақталуын айта келіп, зерттеліп отырған аймақтың IX — XIII ғасырлардағы қалалық және көшпелі мәдениеті Шығыс мәдениетінің біртұтас тізбегіндегі буындардың бірі болғанын тағы бір атап көрсеткен жөн. Тіл, ғылым және әдебиет. EX — XII ғасырларда исламның таралуына байланысты араб тілі кең өріс алды. Әдеби және ғылыми шығармалар сол тілде жазылады. Шығыстың аса көрнекті ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби (870— 950 жылдар) шығармаларын араб тілінде жазған. Ол Фараб (Отырар) өлкесіне қаратан Весидж қаласында туып, Бұхара мен Бағдатта оқып білім алтан. Әл-Фараби өзінің ғылыми көзқарастарында өз заманынан әлдеқайда озып кеткен философ әрі энциклопедист ғалым болды. Әл-Фараби ғылымды теориялық (логика, жаратылыстану, математика) және практикалық (этика, саясат) деп бөлді. Ол өз еңбектерінде адам дүниені, оның мәнін өзінің сезім мүшелері мен парасаты арқылы тани алады деп дәлелдейді. Әл-Фарабидің мәдениет пен ғылымға қосқан үлесі мейлін- ше жан-жақты және жемісті болды. Логика мен медицина, ғарышнама мен анатомия, философия мен заң ғылымы, математика мен акустика — ол ден қойған ауқымды шеңбер, ұлы ойшыл өзінің көрегендік ақыл-ойымен қамтыған білім салалары, міне, осындай. Қазір ғылымға Фарабтан, Тараз- дан, т.б. қазақ жері қалаларынан шыққан көптеген ғалымдардың, әдебиетшілердің есімдері белгілі болып отыр. Тіпті ондаған Фарабилердің енбектері мен есімдері анықталды. XI ғасырда Жүсіп Баласағұни сол кездегі аса маңызды тарихи және әдеби шығармаларының бірі «Құтадғу білікті» жазды. Бұл - Қазақстан мен Орта Азиядағы түрік халықтарының зайырлы әдебиетінің бізге дейін жеткен тұңғыш ескерткіші. Бұл шығармада ақынның өз заманындағы өмір шындығы, қоғамдық сана және белгілі бір әлеуметтік топтардын саяси тұжырымдамасы өзіндік бейнемен көрсетілген. Өсиеттер мен татылымдар жинаты болып табылатын дастанда қоләнершілер мен көпестердің мемлекеттегі рөлі жоғары бағаланады. Шығармадан автордың әл-Фараби, Ибн Сина, Бируни көзқарастарымен және философиясымен жақсы таныс болтаны көрінеді. Махмұд Қашғари шығармаларының құны зор. Оның әкесі Ыстықкөл жағасындагы қала — Барсханнан шыққан. Махмұд Қашғари ұзақ жылдар саяхат жасағаннан кейін, 1074 жылы «Диуан лұгат ат-түркті» («Түрік тілінің сөздігі») жазды. Бұл еңбекпен автор тіл білімі тарихына үлкен үлес қосты. Бұл шығарма түркі тілдес халықтардың тұрмысы тарихын, мінез-құлқын, сондай-ақ сол заманның табиғи-ғылыми түсініктерін зерттегенде де баға жеткісіз ескерткіш болып табылады. XII ғасырда Ясы (Түркістан) қаласында тұрған Қожа Ахмет Йасауи өз заманының үздік ойшылы және ақыны болды. Ол Қазақстанда мұсылман дінің таратты және кейіннен оның қабірі үстіне ғажайып кесене салынды. АхметЙасауидің «Диуан-и Хикмет» (Данышпандық кітабы) деген өлеңдер жинағы бар. Онда түріктілінде жаратқан та деген сүйіспеншілік, мойындаушылық пен сопылық уатыздалады. Жинақта мәдени және этнологиялық сипаттаты мәліметтер көп. Ахмет Йасауи төңірегіне ақындар жиналған, оның көптеген шәкірттері болды, солардың ішінде ең белгілісі Бақырғани (1186 жылыөлген), ол да осиеттер жинағын қалдырған. Ахмет Йасауидің шығармашылығы туралы айтқанда, оның ұстазы Арыстан баб есімін атап өту керек, оның өз шәкіртіне мейлінше тікелей ықпал жасағаны сөзсіз. Бұл жөнінде Қожа Ахметтің өлеңдерінде айтылады. Ақын өзін исламмен Арыстан бабтың таныстырғаның, езіне оның «мыңдаған зікір» үйреткенін атап өтеді. Сопылық білімдердің алташқы негіздерін Ахметке оның ұстазы берген. «Арыстан бабтың сөздері киелі — соларды тыңдандар, - деп уағыздайды Ахмет Йасауи, — оларда екіжүзділік, өтірік, пайдакүнемдік айыпталады және адамгершілік кемелденуге, сопылыққа, аз- бен қанағат етуге шақыру бар». Мұнда «Арыстан баб сездерінің» Қожа Ахмет өсиеттерімен тура байланысы, сабақтастығы көрінеді. Арыстан баб туралы деректемелердің басқа бір тобын қазақ фольклорының үлгілері әсіресе бақсылардың, шамандардың иелерін шақырулары құрайды. Қазақтардың көзқарастарына сәйкес, Орта Азия мен Қазақстанның мұсылман әулиелері иерархиясында Арыстан баб жотарғы сатыда тұрады. Тауап етудің қазіргі дәстүрі де осы көзқарасты растайды, ол бойынша әуелі Арыстан бабтың мазарына, сонан соң Қожа Ахметтің қабіріне бару қажет: «Арыстан бабта түне, Кожа Ахметтен тіле» деген сөз бар  
05.12.2012 06:17 5901

Ертедегі Жетісудағы діни нанымдар мен дәстүрлері
Ертедегі Жетісуда діни нанымдар мен дәстүрлері ерекше күшті болды, онда исламның таралуына қарамастан, бұрынғысынша зороастризм, несториандық түсініктегі христиан діні, буддизм сақталып қалды. Халық арасында шаманизмнің және басқа да ертедегі түріктер діндерінің дәстүрлері күшті болды. Мысалы, XII ғасырдың соңғы ширегінде [[Баласағұн]да несториандық митрополия құрылғаны мәлім. Амра каталогында Қашғар мен Невакеттің митрополиті аталған. Несториандықтың таралғаның несториандық жазулары бар, монтолдарға дейінгі уақытқа жатқызылатын қайрақтардың табылуы дәлелдейді. Ақтөбе қаласының жұртынан қазып аршылтан шарап ашытатын орын несториандардікі болуы мүмкін, оны салуға крестер бейнеленіп күйдірілген кірпіш пайдаланылған. X тасырда Жетісуда манихей дінінің кезқарасы күшейді. Ән-Нединнің айтуынша, манихейлер Самарқанда және көбінесе Нукатта (Невакетте) тұрған. Эпиграфиялық және археологиялық олжалар рухани және материалдық мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері болтанын, алайда онын дамуының басты батыты этникалық-мәдени интеграция болтанын растайды. Мұсылман қаласы мәдениетінің қалыптасуына із қалдырған ертедегі дәстүрлердің сақталуын айта келіп, зерттеліп отырған аймақтың IX — XIII ғасырлардағы қалалық және көшпелі мәдениеті Шығыс мәдениетінің біртұтас тізбегіндегі буындардың бірі болғанын тағы бір атап көрсеткен жөн. Тіл, ғылым және әдебиет. EX — XII ғасырларда исламның таралуына байланысты араб тілі кең өріс алды. Әдеби және ғылыми шығармалар сол тілде жазылады. Шығыстың аса көрнекті ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби (870— 950 жылдар) шығармаларын араб тілінде жазған. Ол Фараб (Отырар) өлкесіне қаратан Весидж қаласында туып, Бұхара мен Бағдатта оқып білім алтан. Әл-Фараби өзінің ғылыми көзқарастарында өз заманынан әлдеқайда озып кеткен философ әрі энциклопедист ғалым болды.
Әл-Фараби ғылымды теориялық (логика, жаратылыстану, математика) және практикалық (этика, саясат) деп бөлді. Ол өз еңбектерінде адам дүниені, оның мәнін өзінің сезім мүшелері мен парасаты арқылы тани алады деп дәлелдейді. Әл-Фарабидің мәдениет пен ғылымға қосқан үлесі мейлін- ше жан-жақты және жемісті болды. Логика мен медицина, ғарышнама мен анатомия, философия мен заң ғылымы, математика мен акустика — ол ден қойған ауқымды шеңбер, ұлы ойшыл өзінің көрегендік ақыл-ойымен қамтыған білім салалары, міне, осындай. Қазір ғылымға Фарабтан, Тараз- дан, т.б. қазақ жері қалаларынан шыққан көптеген ғалымдардың, әдебиетшілердің есімдері белгілі болып отыр. Тіпті ондаған Фарабилердің енбектері мен есімдері анықталды.
XI ғасырда Жүсіп Баласағұни сол кездегі аса маңызды тарихи және әдеби шығармаларының бірі «Құтадғу білікті» жазды. Бұл - Қазақстан мен Орта Азиядағы түрік халықтарының зайырлы әдебиетінің бізге дейін жеткен тұңғыш ескерткіші. Бұл шығармада ақынның өз заманындағы өмір шындығы, қоғамдық сана және белгілі бір әлеуметтік топтардын саяси тұжырымдамасы өзіндік бейнемен көрсетілген.
Өсиеттер мен татылымдар жинаты болып табылатын дастанда қоләнершілер мен көпестердің мемлекеттегі рөлі жоғары бағаланады. Шығармадан автордың әл-Фараби, Ибн Сина, Бируни көзқарастарымен және философиясымен жақсы таныс болтаны көрінеді. Махмұд Қашғари шығармаларының құны зор. Оның әкесі Ыстықкөл жағасындагы қала — Барсханнан шыққан. Махмұд Қашғари ұзақ жылдар саяхат жасағаннан кейін, 1074 жылы «Диуан лұгат ат-түркті» («Түрік тілінің сөздігі») жазды. Бұл еңбекпен автор тіл білімі тарихына үлкен үлес қосты. Бұл шығарма түркі тілдес халықтардың тұрмысы тарихын, мінез-құлқын, сондай-ақ сол заманның табиғи-ғылыми түсініктерін зерттегенде де баға жеткісіз ескерткіш болып табылады.
XII ғасырда Ясы (Түркістан) қаласында тұрған Қожа Ахмет Йасауи өз заманының үздік ойшылы және ақыны болды. Ол Қазақстанда мұсылман дінің таратты және кейіннен оның қабірі үстіне ғажайып кесене салынды. АхметЙасауидің «Диуан-и Хикмет» (Данышпандық кітабы) деген өлеңдер жинағы бар. Онда түріктілінде жаратқан та деген сүйіспеншілік, мойындаушылық пен сопылық уатыздалады. Жинақта мәдени және этнологиялық сипаттаты мәліметтер көп. Ахмет Йасауи төңірегіне ақындар жиналған, оның көптеген шәкірттері болды, солардың ішінде ең белгілісі Бақырғани (1186 жылыөлген), ол да осиеттер жинағын қалдырған.
Ахмет Йасауидің шығармашылығы туралы айтқанда, оның ұстазы Арыстан баб есімін атап өту керек, оның өз шәкіртіне мейлінше тікелей ықпал жасағаны сөзсіз. Бұл жөнінде Қожа Ахметтің өлеңдерінде айтылады. Ақын өзін исламмен Арыстан бабтың таныстырғаның, езіне оның «мыңдаған зікір» үйреткенін атап өтеді. Сопылық білімдердің алташқы негіздерін Ахметке оның ұстазы берген. «Арыстан бабтың сөздері киелі — соларды тыңдандар, - деп уағыздайды Ахмет Йасауи, — оларда екіжүзділік, өтірік, пайдакүнемдік айыпталады және адамгершілік кемелденуге, сопылыққа, аз- бен қанағат етуге шақыру бар». Мұнда «Арыстан баб сездерінің» Қожа Ахмет өсиеттерімен тура байланысы, сабақтастығы көрінеді.
Арыстан баб туралы деректемелердің басқа бір тобын қазақ фольклорының үлгілері әсіресе бақсылардың, шамандардың иелерін шақырулары құрайды. Қазақтардың көзқарастарына сәйкес, Орта Азия мен Қазақстанның мұсылман әулиелері иерархиясында Арыстан баб жотарғы сатыда тұрады. Тауап етудің қазіргі дәстүрі де осы көзқарасты растайды, ол бойынша әуелі Арыстан бабтың мазарына, сонан соң Қожа Ахметтің қабіріне бару қажет: «Арыстан бабта түне, Кожа Ахметтен тіле» деген сөз бар
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға