Жаңалықтар

Қазақ халқының зор ғалымы

Қазақ халқының зор ғалымы (Қаныш Сәтбаевтың 50 жасқа толуына) Қай халық болса да өз ортасынан ғалым өсірген дәрежеге жеткенде, жалпы мәдениет тарихына өзінің елдігі мен өсуі туралы тың жаңалық мәлім еткен халық болады. Қазақ тарихында қазақ ғалымдарының шыққандығы – тарихтық үлкен нышанның бірі. Барлық елдер сияқты, қазақ халқы да бұрынғы өткен дәуірінен өзінің елдігін қадірлейтін әр алуан асыл азаматын атай алады. Сол қатарда ақын Абай, Жамбыл сияқты ел мақтаны болған азаматтарын айтады. Халық қамқоры, ел қайраткері Амангелдіні айта алады. Орыс мәдениетінің қазақ сахарасына берген алғашқы жас балдырған жемісі – Шоқанда оқымыстыны, Ыбырайдай үлгілі еңбек иесі, білім, тәрбие қайраткерін айта алады. Елдік қасиетті бойына жинаған шешен-ділмар, ағыл-тегіл ақындар, бармағынан бал тамған күйшілер, әсем сазды әншілер болғанын ескі тарихымыз да баян етеді. Советтік Қазақстанның бүгінгі өнерлі жұртшылығы бұрынғы мұралардың ең асылдарын, пайдалыларын өзінің жарқын жолды социалистік мәдениетінің қорына қосып, бүгінгі керекке жаратады. Шын бағалы ардақтысын мақтан ете біледі. Бірақ сол бұрынғы нелер жақсы деген қадірлі ұлдарының қатарында қазақ халқы бұрын атай алмайтын топтар болушы еді. Әрбір сапалы тарих пен саналы елдіктің үлкен сыны болатын бір топтан құралақан болатын. Ол – өзінен шыққан үлкен оқымыстыны қатарға қосу, қадір тұту жайы. Баяғыдан бергі өткен сансыз көп, шөл ғасырлар қазақтан оқымысты тудыру түгіл, бастауыш оқу, шала сауаттың шамасынан да құр қалдырып, өгей етіп келді. Тек Ұлы Октябрь берген, Ленин ұлт саясаты жеткізген социалистік мәдениет, коммунистік жаңа тәрбие ғана халқымыздың тарихтарын өзгертті. Жетпегенін жеткізіп, тумағанын тудырды. Бұрынғы замандарда болмақ түгіл, болжауға батыл бармас жаңа болмыс келтірді. Бұл күнде Советтік Қазақстан саясаттық, әлеуметтік тірлікте, шаруашылық, өнер табыста, мәдениеттік жарыста қай өнерлі халықтардан да қалыспайтын боп, алдыңғы қатарға ілесті. Ұлы орыс халқының туысқандық басшылығымен, қазақтың социалистік жаңа ұрпақтары сан биік тұрғылардың көп өмір саласындағы көрнекті шындарының басына самғады. Бабындағы қырандай шарықтап, "Мені көр" дегендей танылып жатыр. Данышпан Лениннің халықтар тарихына бас болған, бағыт айтқан ұлы пікірлерінің бірінде "қазақ сияқты мәдениеттен бұрын кенже қалған, патшалық Россияда теңсіздікте келген елдер капиталистік даму дәуіріне соқпай, социализмге төте өтеді" деп еді.Осы ойдың өмір, тарихта толық орындалғанын Қазақстан тірлігі сан саласының өзі-ақ көрсетеді. Құм-шөлдерде туып, түрленген әлденеше қалалар, одақтық, дүниелік даңқы бар алып өндірістер, сансыз көп заводтар, егін далалары, жоғары мектептер, үлкен өнерлі театрлар, гүлденген әдебиет, музыка – бәрі де зат байлығы мен интеллект байлығын танытатын айғақтарымыз. Бүгінгі Қазақстан картасына, кең көлеміне көз тастасаңыз, бірінен-бірі қызғылықты боп, шарықтап өсіп жатқан табыстарымыз көп мұнарадай бой жасап тұрады. Осы табыстар қатарында, бүгінгі гүлденген Қазақстанда ең алдымен аталатын анық асыл айғақ – соңғы жылдар туған Ғылым академиясы. Тездігімен тарихтың өзін таңырқатқандай кереметтей табыстар арасында совет адамының өзі бір төбе. Оның өзгеше, жиын атының өзі "қасиет" деп аталғандай. Бар табыстың иесі – совет адамы жаңа тарихтың жаңа бетін ашты. Кеше, қырық жыл ғана шамасында, алғашқы балалық шақтағы көшпелі ауылда, оқу-білімсіз, қараңғы ата-ана қасында, мал соңында, бақташылар ортасында туып-өскен бала бүл күнде кім болып отыр? Сол бір адам, жеке адам (ұл болсын, қыз болсын) – қазақ халқының жаңа нәсілінің үлгілі өкілі. Осындай білімді адамның шыққандығы – бақытты дәуірдің ең қызық, қымбат айғағы болды. Қазақтың советтік буындарының ел алдыңғы қатарында, жұртшылық мақтаны боп, толып өскен ғалым азаматтың ең алдыңғы сапында қадірлі орын алатын кісінің бірі – Қаныш Сәтбаев.   Қаныш 1899 жылы көшпелі қазақ аулында, бұрынғы Семей облысы, Павлодар уезі, Баянауыл ауданында, Ақкелін болысы, төртінші ауылда туған. Алғашқы бастауыш білімді аздап қазақша оқудан бастап, кейін ауылдық мектепте 1908 жылдан 1911 жылға шейін оқиды. Орысша оқуының басы осы мектепте басталған еді. 1911 жылы Павлодардағы екі класты "орысша-қазақша училищеге" түседі. Сол училищені бітірген соң, 1914 жылы Семей қаласындағы Учительская семинарияда оқыды. Революцияның алғашқы жылдарында Қаныш семинарияны бітіріп, мұғалімдер курсында оқытушы болады. Бір жағынан, өздігінен әзірленіп, жоғары дәрежелі инженерлік мектепке түсуге даярланып жүреді. Бірақ 1919 жылы денсаулығы нашарлап, елде тұруға тура келеді. Өзі туған Ақкелін болысына қайтып, сонда ауылдық мектепте оқытушы болады. Семей облысында Совет өкіметі орнаған кезде Павлодардың Уревкомы Қанышты Баянауылдағы оныншы учаске халық сотына председатель етіп сайлайды. Сөйтіп, Совет өкіметі орнасымен Қаныш совет қызметіне кірісті. 1921 жылдың күзіне шейін сол орында қызмет етіп, күздігүні Томскіге барып, коп жылдар арман еткен Технология институтына түседі. Сонымен, 1921 жылдан 1926 жылға шейін бар ынтасын салып, бір ғана оқу соңына беріледі. Талапты және талантты студенттің қызықты оқу жылдары өтеді. Сол оқушылық жылдарында қазақ тіліне алгебралық оқу кітабын аударады. 1926 жылдың май айында институтта тау-кен факультетінің барлық дәрістерін бітіріп, диплом қорғайды. Кейін Қазақстанның республикалық шаруашылық советі (КазВСНХ) жолдама беріп, Москвада Ақмоланың түсті металдары тресінің қызметіне кіреді. Ол трестің міндеті – Қарсақбай комбинатын салып бітіру және Орталық Қазақстанда Спасск комбинатын іске асыру еді. 1926 жылдан 1929 жылдың қысына дейін Москвада тұрып, жазғы айлардың барлығында Қаныш Жезқазғанда, Успен-Спасск ауданында геолог-зерттеуші қызметін атқарады. 1929 жылдың басында Қарсақбай комбинаты іске басып, қызу жұмыс басталғаннан кейін трест Москвадан Қарсақбайға көшеді.  Сол жылдан бастап, 1941 жылға дейін Қаныш Жезқазған ауданында үлкен жоспарлы ірі жұмыстар істейді. Жезқазған геолог-зерттеуші конторында кейде бас инженері болып, кейде начальнигі болып қызмет атқарады. 1926 жылдан санағанда, табандай 15 жыл бойында Жезқазған ауданының барлық кен байлығын зерттейді. Тәжірибесі өсіп, мемлекеттік ұлы шаруаны ойдағыдай басқаратын өнерпаз болумен қатар, Қаныш сол жылдардың өзінде де қазақ халқынан шыққан жас инженер геологтарды баулып, өсіре жүреді. Үлкен талантпен қанағаттанған талабының жемісі өз республикасына да және Ұлы Отан көлемінде де таныла бастайды. Қызықты еңбегі өркештеніп, Қаныш атын мол жұртшылыққа даңқтандырады. Жік салмай, желісін үзбей, 15 жыл бойы оның зер салғаны бір мұрат еді. Сол ұзақ 15 жыл бойында бар еңбек, қайратын, барлық жиған білім құралын, бар өмірін бір ғана жөнге жұмсады. Жұмсады да жеңіп шықты, жетіп шықты. Бұрынғы көшпелі ел жайлаған далада, Сарыарқада, тек киіз үйлі ауылдар ғана мезгіл-мезгіл кезіп өтіп жүрген бір түкпірге зер салған. Сол жерден әлем білмеген байлық табамын деген еді. Ол өлке туралы осыдан 2400 жыл бұрын грек тарихшысы Геродот бір сөз айтып кетіпті: "Арал теңізінің алқабында сақ, массагет деген елдер бар. Қола мен жездің молы соларда. Өз жерлерінен қазып алады" деген. XIII ғасырда соғып өткен бір кезбе: "Мұнда байлық жатыр" деп кетіпті. Сол үлкен атақонысты мекен еткен өзіміздің Бағаналы жер атын – Жезқазған қойыпты. Қай атасы қазғанын кім білсін! Қарсақбай, Жезқазғанды жалдамаға алып, өз меншігі еткен шетел байлары 1916-1917 жылдарда жездің молдығын "пәлендей" деп, бір меже қойған. Жабыса жалмағаны жез еді. Бірақ алғаны аз, тапқаны тамтық екен. 1917 жылы өзі де кетті. Сол Жезқазғанда 1926 жылы қызу жұмыс басталады. Сарыарқаның өз баласы, беті-жүзі келбетті, жас шырайда жарқыраған көркі бар, білім-сана нұры бар, жиырма жеті жасқа келген жігіт келді. Аз тобымен іске кірісті. Еңсесін салған еңбекпен жыл өтті... Жігіт өсіп, жігіт ағасы бола бастады. Жым-жырт жатқан Жезқазған сол жаңа жылдардың ішінде қайта туа бастады. Жаңа жастық тапқандай. Оны көп жерде, көп жан білуге айналады. Бес жыл деген бел еді, ол өткен. Сол кезеңге келгенде, шетел байлары мен мамандары межелеген кен байлығы мұнда қалды. Жігіт еңбегі жеңіп келеді екен. Алдыңғылар айтқан мөлшерден отыз есе артық кен қорын тауыпты. Тапқанын тығып жатқан жоқ, бар Одаққа даңқ етіп білдіре түсіп, іздеп жатты. Ізденгенін ізерлеп, ғылымдық еңбек етіп жазып та жатты. Үздіксіз еңбек үстінде жігіт өсіп, ер-азамат болды. Тағы бес жыл кеткен еді. Енді Жезқазған көп жұрт аузына ілінді. Шетел мамандары тапқан межеден кен мөлшерін алпыс есе асырды. Тағы бес жыл өтті. Жігіт жер ортасы жасқа қарай басты. Ендеп кеткен еңбегінің 15 жылға толған шағы еді. Жезқазған жаһанға мәлім ат алды. Қаныш жалғыз жезді зерттеп келген жоқ, сол 15 жыл ішінде Арқаның Жезқазған, Қарсақбай атты атырабында талай да талай басқа қазына да ашты. Жезқазғанға темір жол келсін, үлкен завод орнасын – бәріне де көмір керек, сол өлкеден Байқоңырдай, Қияқтыдай көмірді өзі тапты. Еспедей, елеусіз жерден есілген тағы талай қазына ошағын тапты. Қалың қатпар қорғасын мен күміс тапты. Болат заводқа мол қор болардай қара темір, марганец кенін ашты. Үй, дүкен салар тасты, топырақты заттың асылын, тағы талай бұйым тапты. Мыс қорытқанда қоспа боп, себі тиетін тағы бірнеше қосымша кен затын тапты. Алтын мен молибден де бұғып қалған жоқ. Оны да ашты. 1940 жылы ел-Отаны ер еңбегін бағалап, Қанышқа Одақтың ең жоғарғы сыйы – Ленин орденін берді, 1942 жылы бүкіл Отандағы білгіштердің ғылымдық табыстарын бағалаған қорытынды болып еді. Сонда "Жезқазғанның мыс кендері" деген кітабы үшін Қанышқа лауреат атағы берілді. 1943 жылы Совет Одағының зор ғылым ордасы – Fылым академиясының корреспондент мүшесі деген үлкен ғылымдық атақтағы алды. Бұл жылдарда Қаныш Алматыға ауысқан еді. Көп тәжірибелі ғалым, мойымас қажыр, қайрат иесі, басшы қызметкер Қаныштың ендігі еңбегі өзінің сүйікті республикасының астанасында өтуі шарт еді. Соны ескеріп, республиканың партия, үкімет басшылығы оны Алматыға ауыстырғанда, Бүкілодақтық Академияның Қазақстандық филиалына бастық етті. Сонымен қатар геология институтының директоры болып істеп тұрды. Қазақ халқының абыройын асырып, совет елінің мақтаны болған асыл азамат Қаныш Имантайұлы Сәтбаев жаңағы орынға келісімен Қазақстан жеріндегі кен байлықтарының бәрін зерттеп, табысқа табыс жалғап, молайтумен болды. Әсіресе ел-жұрттың жауыз дұшпаны – неміс басқыншыларымен болған Ұлы Отан соғысы шағында, Қаныш бастаған ғылым орындарының көмегі аса зор болды. Майданға керек болған кен қазынаның бәрін тез тапқызып, мол алғызып отырды. Самғағыш самолет, тозбас танк, мойымас мылтық, өрттей оқ жасауға керек заттың бәрін беруде Қаныштың әрі отаншыл басшылығы, әрі білгір мамандығы, жіті қырағылығы, қажымас еңбегі өзгеше орын алды. Осындай еңбектерінің халық үшін қадірі артқандықтан, 1945 жылы Одақтағы Ғылым академиясының тарихи ұлы мерекесі болған күндерде, Қаныш екінші рет Ленин орденін алды. Сол жылы Бүкілодақтық Ғылым академиясының толық мүшесі болып сайланады. Әрі ғылым қызметкері есебінде, әрі сол ғылыми қызметін басқара білетін талантты ұйымдастырушы ретінде, Қаныш еңбегі республикада және Одақ көлемінде айқын көрініп, үлкен баға ала бастады. Халқымыз өзінің сүйікті ұлы Қаныш Сәтбаевты 1946 жылы СССР Жоғарғы Советінің депутаттығына сайлады. Қазақстанның Одақ көлеміндегі тарихи дамуы неше алуан еді. Шаруашылық жөніндегі ұлы өсулер, ғылым, мәдениеттің өркендеуі және әсіресе әр ғылымның саласында үлкен өріске жетіп піскен, өскен ғылым қайраткерлері қазақтың өзінен шығып, ғалым-мамандардың көбеюі байқалып еді. Осы жылдарда Одақтық Ғылым академиясы болсын, Қазақстан партия, совет басшылығы болсын, енді қолда бар ғылымдық, мәдениеттік күш-қуатты таяныш етіп отырып, Қазақстанның өзіне арналған зор ғылым ордасын орнатуды талап етті. Қазақстанда Ғылым академиясы орнап, өркендесе екен деген асыл мұрат алға қойылып еді. Тәжірибеге қарағанда, ондай Академиялардың жасалуына негізгі шарт – кадрлар. Өзіне бөлек Академияны ойдағыдай жүргізіп кетуге жарайтын ұйымдастырушы керек. Ғылымдық терең зерттеу ісіне тәжірибесі жеткілікті, ой шалымы, басшылық, білім, өнері жеткілікті, үлкен сенімді қайраткер керек еді. Әрі өзі ғалым, ірі ғылым басшысы, соқталы азамат керек болды. Одақ Ғылым академиясының сол кездегі президенті академик Комаров1, қазіргі президенті академик Вавилов2 сияқты адамдар Қазақстанда Ғылым академиясын aшy деген ойды қуаттап, Қазақстанда өз Академиясын ашарлық оқымыстылардың жалпы әзірлігі жеткілікті деді. Қазақстандағы академияның жақсы бастап жүргізіп кете аларлық  өңіріне де берік сенімді болысты. Қазақстанның партия, совет басшылығы, барлық мәдениет қайраткерлері, соның ішінде әсіресе ғылым қызметкерлері қазақ Академиясы ашылатын болса, оның бірден-бір сенімді басшысы Сәтбаев қана бола алатындығына толық сенімді болысты.   Сонымен, 1946 жылдың июнь айында Советтік Қазақстан тарихында мәңгілік орын алатын өзгеше дәуір белгісіндей, советтік буындардың, ұрпақтардың мақтаны боларлық бір жаңа туыс пайда болды. Ол – Қазақстан Ғылым академиясының жасалуы еді. Бұрынғы еңбектерінің барлығы Қазақстан жұртшылығына үлкен сенім білдіріп, қадірлі болған Сәтбаев осы Академияның ең қалаулы, ең таңдаулы басшысы болып сайланды. Содан бері Қаныш Сәтбаев Қазақстан Ғылым академиясының президенті болып істеп келеді. Сонымен, ғылымдағы үлкен еңбек нәтижесінде зор бедел, абырой, сенім тапқан Қаныш, қазіргі күндерде Қазақстанның жас Академиясының қайраткері болып, талмай басшылық етіп келеді.   Қаныштың Қазақ Ғылым академиясындағы президенттік қасиеттерінің ең зоры - ол аса талантты және қажырлы, еңбекке төзімді ұйымдастырушы. Бұл жөнде, Қаныш өзі, геология сияқты үлкен күрделі ғылымның терең білімді маманы болғандықтан, ұйымдастырушылық, басшылық істі үнемі ғылымдық жолмен жүргізеді. Сан ғылымның басы қосылған күрделі еңбек үстінде өсіп келе жатқан Академияның ісін ғылымдық жолдармен, сан саламен өрбітіп, гүлдендіре білу – кімге де болсын оңай жұмыс емес. Аса жауапты жұмыс болуының үстіне, сан сала білімнен көп дерегі, білімі бар адам болуы керек. Қаныштың бір үлкен ерекшелігі – ол халықпен де, биологпен де, физикпен де, медикпен де және тарихшымен де, филологпен де өздерінің ғылыми тілінде сөйлесе біледі. Мамандық тілдерімен үндесіп, ұғыса біледі. Және сол әр ғылымның саласындағы әрбір кезеңде пісіп келген нақтылы, жауапты мәселелеріне қажет болған мәслихатын айтып, мықты басшылық ете біледі. Жұмысқа мойымайтын үлкен ісшілдік те бар. Өз басының білімін өсіруде жан-жақты, кең өрісті ғалым болуда тынымы жоқ ізденуші Қаныш, Қазақстан Ғылым академиясының ауқымында қызмет ететін ғалымдардың барлығына да анық ұстаз, үлгі боларлық білгіш. Ғылымдағы ұйымдастырушылық талантының тағы бір өзгешелігі – кадрларды өсіру жолындағы талап-қайратынан аса айқын көрінеді. Әрбір ғылым саласында жаңа туып келе жатқан ғылымдық талап соңында жүрген азамат болса, оқып жүрген жақсы зейінді ұл-қыз болса – бұлардың Қазақ Ғылым академиясының президенті Сәтбаевтан ақыл алмай, достық көрмей, көмегіне сүйенбей жүргендері жоқ деуге болады. Жылдан жылға қанат жайып, өрлеп өсіп келе жатқан Қазақстан ғылым қызметкерлерінің докторлары, кандидаттары, аспиранттары – барлығы да өздерінің өсіп, қалыптасу кезеңдерін алғанда, олардың ғылымдық еңбектерінің нәтижелі болып шығуы дәуіріндегі саты-саты ізденулерін алғанда, Қаныштан басшылық көмектің қайсысын болса да алып отырады. Ал, ғылымдық дәрежелерін алып, Академияның арнаулы институттарында, секторларында, филиалы мен базаларында немесе ғылымдық экспедицияларында алған білім, мамандығын іс жүзінде сарапқа салатын болғанда, Қаныштан олар алатын үлгі-өнегесі де көп. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның соғысқа керек болатын көп қорларын кен іздеп, мол табуына басшылық еткен Академия қазірде де жылдан-жылға етек алып, ендеп, күрделі еңбек ордасы болып келе жатыр. Қаныш басқарған Ғылым академиясы – Ұлы Отанның, соның ішінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы, өндіріс, ғылым, мәдениеті өркендеуіне ең алдымен қажет болатын жайларды зерттеп, ізденуші ойға үнемі басшылық ете білді. Бүкіл Академияның жиын еңбегі қадірлі Отанымызға арналған қасиетті еңбек болатын болса, көп тарамдары арқылы сол Отанмен нық қайнасып, берік байланысып өсіп келе жатқан советтік ғалымдардың бойындағы отаншылдық қасиетті Қазақ Ғылым академиясының президенті Қаныш Сәтбаев әрдайым айнымастан биік көтеріп ұстап келе жатыр. Қадірлі еңбек туы, қасиетті азаматтық туы! Осы сипаттары арқылы Қаныштың Академия ішінде барлық үлкенді-кішілі қызметкерлерге қадірі, бедел, абыройы да зор. Ол өзі де Академияның барлық ірі қызметкерлерінен бастап, жас мамандарына дейін, жай қатардағы қызметкерлеріне дейін, маман емес адамдарына дейін – барлығының да қызмет жайын, еңбек бағасын орын-орнымен өте жете біледі. Қызметкерлердің ғылым жолында өсуіне көмектесуден басқа, олардың күнделікті жай, жеке тұрмысының өзі туралы да көп қамқорлық етеді. Бұл да советтік басшы адамның адамгершілік, шынайы жақсылық қасиетін асыра түсіретін сипат. Міне, осындай ірі ғылымдық басшылықта, әрі адамгершілік істерінде озық біткен асыл сипаттары бар Қаныш Советтік Қазақстан ұрпақтарының ішінде Совет дәуірінің ардақты тәрбиесін алып, мемлекет қайраткері дәрежесіне жетті, ең үлгілі, ең асыл азаматының бірі болды. Жұртшылық оның елу жасқа толғанын шын еміреніп, аса бағалап, қадірлеп қарсы алды. Мұхтар Әуезов  
05.12.2012 05:52 9953

Қазақ халқының зор ғалымы

(Қаныш Сәтбаевтың 50 жасқа толуына)

Қай халық болса да өз ортасынан ғалым өсірген дәрежеге жеткенде, жалпы мәдениет тарихына өзінің елдігі мен өсуі туралы тың жаңалық мәлім еткен халық болады.

Қазақ тарихында қазақ ғалымдарының шыққандығы – тарихтық үлкен нышанның бірі. Барлық елдер сияқты, қазақ халқы да бұрынғы өткен дәуірінен өзінің елдігін қадірлейтін әр алуан асыл азаматын атай алады. Сол қатарда ақын Абай, Жамбыл сияқты ел мақтаны болған азаматтарын айтады. Халық қамқоры, ел қайраткері Амангелдіні айта алады. Орыс мәдениетінің қазақ сахарасына берген алғашқы жас балдырған жемісі – Шоқанда оқымыстыны, Ыбырайдай үлгілі еңбек иесі, білім, тәрбие қайраткерін айта алады.

Елдік қасиетті бойына жинаған шешен-ділмар, ағыл-тегіл ақындар, бармағынан бал тамған күйшілер, әсем сазды әншілер болғанын ескі тарихымыз да баян етеді.

Советтік Қазақстанның бүгінгі өнерлі жұртшылығы бұрынғы мұралардың ең асылдарын, пайдалыларын өзінің жарқын жолды социалистік мәдениетінің қорына қосып, бүгінгі керекке жаратады. Шын бағалы ардақтысын мақтан ете біледі.

Бірақ сол бұрынғы нелер жақсы деген қадірлі ұлдарының қатарында қазақ халқы бұрын атай алмайтын топтар болушы еді. Әрбір сапалы тарих пен саналы елдіктің үлкен сыны болатын бір топтан құралақан болатын. Ол – өзінен шыққан үлкен оқымыстыны қатарға қосу, қадір тұту жайы. Баяғыдан бергі өткен сансыз көп, шөл ғасырлар қазақтан оқымысты тудыру түгіл, бастауыш оқу, шала сауаттың шамасынан да құр қалдырып, өгей етіп келді. Тек Ұлы Октябрь берген, Ленин ұлт саясаты жеткізген социалистік мәдениет, коммунистік жаңа тәрбие ғана халқымыздың тарихтарын өзгертті. Жетпегенін жеткізіп, тумағанын тудырды. Бұрынғы замандарда болмақ түгіл, болжауға батыл бармас жаңа болмыс келтірді. Бұл күнде Советтік Қазақстан саясаттық, әлеуметтік тірлікте, шаруашылық, өнер табыста, мәдениеттік жарыста қай өнерлі халықтардан да қалыспайтын боп, алдыңғы қатарға ілесті.

Ұлы орыс халқының туысқандық басшылығымен, қазақтың социалистік жаңа ұрпақтары сан биік тұрғылардың көп өмір саласындағы көрнекті шындарының басына самғады. Бабындағы қырандай шарықтап, "Мені көр" дегендей танылып жатыр.

Данышпан Лениннің халықтар тарихына бас болған, бағыт айтқан ұлы пікірлерінің бірінде "қазақ сияқты мәдениеттен бұрын кенже қалған, патшалық Россияда теңсіздікте келген елдер капиталистік даму дәуіріне соқпай, социализмге төте өтеді" деп еді.Осы ойдың өмір, тарихта толық орындалғанын Қазақстан тірлігі сан саласының өзі-ақ көрсетеді. Құм-шөлдерде туып, түрленген әлденеше қалалар, одақтық, дүниелік даңқы бар алып өндірістер, сансыз көп заводтар, егін далалары, жоғары мектептер, үлкен өнерлі театрлар, гүлденген әдебиет, музыка – бәрі де зат байлығы мен интеллект байлығын танытатын айғақтарымыз. Бүгінгі Қазақстан картасына, кең көлеміне көз тастасаңыз, бірінен-бірі қызғылықты боп, шарықтап өсіп жатқан табыстарымыз көп мұнарадай бой жасап тұрады. Осы табыстар қатарында, бүгінгі гүлденген Қазақстанда ең алдымен аталатын анық асыл айғақ – соңғы жылдар туған Ғылым академиясы. Тездігімен тарихтың өзін таңырқатқандай кереметтей табыстар арасында совет адамының өзі бір төбе. Оның өзгеше, жиын атының өзі "қасиет" деп аталғандай. Бар табыстың иесі – совет адамы жаңа тарихтың жаңа бетін ашты.

Кеше, қырық жыл ғана шамасында, алғашқы балалық шақтағы көшпелі ауылда, оқу-білімсіз, қараңғы ата-ана қасында, мал соңында, бақташылар ортасында туып-өскен бала бүл күнде кім болып отыр? Сол бір адам, жеке адам (ұл болсын, қыз болсын) – қазақ халқының жаңа нәсілінің үлгілі өкілі. Осындай білімді адамның шыққандығы – бақытты дәуірдің ең қызық, қымбат айғағы болды. Қазақтың советтік буындарының ел алдыңғы қатарында, жұртшылық мақтаны боп, толып өскен ғалым азаматтың ең алдыңғы сапында қадірлі орын алатын кісінің бірі – Қаныш Сәтбаев.

 

Қаныш 1899 жылы көшпелі қазақ аулында, бұрынғы Семей облысы, Павлодар уезі, Баянауыл ауданында, Ақкелін болысы, төртінші ауылда туған. Алғашқы бастауыш білімді аздап қазақша оқудан бастап, кейін ауылдық мектепте 1908 жылдан 1911 жылға шейін оқиды. Орысша оқуының басы осы мектепте басталған еді. 1911 жылы Павлодардағы екі класты "орысша-қазақша училищеге" түседі. Сол училищені бітірген соң, 1914 жылы Семей қаласындағы Учительская семинарияда оқыды. Революцияның алғашқы жылдарында Қаныш семинарияны бітіріп, мұғалімдер курсында оқытушы болады. Бір жағынан, өздігінен әзірленіп, жоғары дәрежелі инженерлік мектепке түсуге даярланып жүреді. Бірақ 1919 жылы денсаулығы нашарлап, елде тұруға тура келеді. Өзі туған Ақкелін болысына қайтып, сонда ауылдық мектепте оқытушы болады. Семей облысында Совет өкіметі орнаған кезде Павлодардың Уревкомы Қанышты Баянауылдағы оныншы учаске халық сотына председатель етіп сайлайды. Сөйтіп, Совет өкіметі орнасымен Қаныш совет қызметіне кірісті. 1921 жылдың күзіне шейін сол орында қызмет етіп, күздігүні Томскіге барып, коп жылдар арман еткен Технология институтына түседі. Сонымен, 1921 жылдан 1926 жылға шейін бар ынтасын салып, бір ғана оқу соңына беріледі. Талапты және талантты студенттің қызықты оқу жылдары өтеді. Сол оқушылық жылдарында қазақ тіліне алгебралық оқу кітабын аударады. 1926 жылдың май айында институтта тау-кен факультетінің барлық дәрістерін бітіріп, диплом қорғайды. Кейін Қазақстанның республикалық шаруашылық советі (КазВСНХ) жолдама беріп, Москвада Ақмоланың түсті металдары тресінің қызметіне кіреді. Ол трестің міндеті – Қарсақбай комбинатын салып бітіру және Орталық Қазақстанда Спасск комбинатын іске асыру еді. 1926 жылдан 1929 жылдың қысына дейін Москвада тұрып, жазғы айлардың барлығында Қаныш Жезқазғанда, Успен-Спасск ауданында геолог-зерттеуші қызметін атқарады. 1929 жылдың басында Қарсақбай комбинаты іске басып, қызу жұмыс басталғаннан кейін трест Москвадан Қарсақбайға көшеді.  Сол жылдан бастап, 1941 жылға дейін Қаныш Жезқазған ауданында үлкен жоспарлы ірі жұмыстар істейді. Жезқазған геолог-зерттеуші конторында кейде бас инженері болып, кейде начальнигі болып қызмет атқарады. 1926 жылдан санағанда, табандай 15 жыл бойында Жезқазған ауданының барлық кен байлығын зерттейді. Тәжірибесі өсіп, мемлекеттік ұлы шаруаны ойдағыдай басқаратын өнерпаз болумен қатар, Қаныш сол жылдардың өзінде де қазақ халқынан шыққан жас инженер геологтарды баулып, өсіре жүреді. Үлкен талантпен қанағаттанған талабының жемісі өз республикасына да және Ұлы Отан көлемінде де таныла бастайды. Қызықты еңбегі өркештеніп, Қаныш атын мол жұртшылыққа даңқтандырады.

Жік салмай, желісін үзбей, 15 жыл бойы оның зер салғаны бір мұрат еді. Сол ұзақ 15 жыл бойында бар еңбек, қайратын, барлық жиған білім құралын, бар өмірін бір ғана жөнге жұмсады. Жұмсады да жеңіп шықты, жетіп шықты. Бұрынғы көшпелі ел жайлаған далада, Сарыарқада, тек киіз үйлі ауылдар ғана мезгіл-мезгіл кезіп өтіп жүрген бір түкпірге зер салған. Сол жерден әлем білмеген байлық табамын деген еді.

Ол өлке туралы осыдан 2400 жыл бұрын грек тарихшысы Геродот бір сөз айтып кетіпті: "Арал теңізінің алқабында сақ, массагет деген елдер бар. Қола мен жездің молы соларда. Өз жерлерінен қазып алады" деген. XIII ғасырда соғып өткен бір кезбе: "Мұнда байлық жатыр" деп кетіпті. Сол үлкен атақонысты мекен еткен өзіміздің Бағаналы жер атын – Жезқазған қойыпты. Қай атасы қазғанын кім білсін! Қарсақбай, Жезқазғанды жалдамаға алып, өз меншігі еткен шетел байлары 1916-1917 жылдарда жездің молдығын "пәлендей" деп, бір меже қойған. Жабыса жалмағаны жез еді. Бірақ алғаны аз, тапқаны тамтық екен. 1917 жылы өзі де кетті. Сол Жезқазғанда 1926 жылы қызу жұмыс басталады. Сарыарқаның өз баласы, беті-жүзі келбетті, жас шырайда жарқыраған көркі бар, білім-сана нұры бар, жиырма жеті жасқа келген жігіт келді. Аз тобымен іске кірісті. Еңсесін салған еңбекпен жыл өтті... Жігіт өсіп, жігіт ағасы бола бастады. Жым-жырт жатқан Жезқазған сол жаңа жылдардың ішінде қайта туа бастады. Жаңа жастық тапқандай. Оны көп жерде, көп жан білуге айналады. Бес жыл деген бел еді, ол өткен. Сол кезеңге келгенде, шетел байлары мен мамандары межелеген кен байлығы мұнда қалды. Жігіт еңбегі жеңіп келеді екен. Алдыңғылар айтқан мөлшерден отыз есе артық кен қорын тауыпты. Тапқанын тығып жатқан жоқ, бар Одаққа даңқ етіп білдіре түсіп, іздеп жатты. Ізденгенін ізерлеп, ғылымдық еңбек етіп жазып та жатты. Үздіксіз еңбек үстінде жігіт өсіп, ер-азамат болды. Тағы бес жыл кеткен еді. Енді Жезқазған көп жұрт аузына ілінді. Шетел мамандары тапқан межеден кен мөлшерін алпыс есе асырды. Тағы бес жыл өтті. Жігіт жер ортасы жасқа қарай басты. Ендеп кеткен еңбегінің 15 жылға толған шағы еді. Жезқазған жаһанға мәлім ат алды.

Қаныш жалғыз жезді зерттеп келген жоқ, сол 15 жыл ішінде Арқаның Жезқазған, Қарсақбай атты атырабында талай да талай басқа қазына да ашты. Жезқазғанға темір жол келсін, үлкен завод орнасын – бәріне де көмір керек, сол өлкеден Байқоңырдай, Қияқтыдай көмірді өзі тапты. Еспедей, елеусіз жерден есілген тағы талай қазына ошағын тапты. Қалың қатпар қорғасын мен күміс тапты. Болат заводқа мол қор болардай қара темір, марганец кенін ашты. Үй, дүкен салар тасты, топырақты заттың асылын, тағы талай бұйым тапты. Мыс қорытқанда қоспа боп, себі тиетін тағы бірнеше қосымша кен затын тапты. Алтын мен молибден де бұғып қалған жоқ. Оны да ашты.

1940 жылы ел-Отаны ер еңбегін бағалап, Қанышқа Одақтың ең жоғарғы сыйы – Ленин орденін берді, 1942 жылы бүкіл Отандағы білгіштердің ғылымдық табыстарын бағалаған қорытынды болып еді. Сонда "Жезқазғанның мыс кендері" деген кітабы үшін Қанышқа лауреат атағы берілді. 1943 жылы Совет Одағының зор ғылым ордасы – Fылым академиясының корреспондент мүшесі деген үлкен ғылымдық атақтағы алды. Бұл жылдарда Қаныш Алматыға ауысқан еді. Көп тәжірибелі ғалым, мойымас қажыр, қайрат иесі, басшы қызметкер Қаныштың ендігі еңбегі өзінің сүйікті республикасының астанасында өтуі шарт еді. Соны ескеріп, республиканың партия, үкімет басшылығы оны Алматыға ауыстырғанда, Бүкілодақтық Академияның Қазақстандық филиалына бастық етті. Сонымен қатар геология институтының директоры болып істеп тұрды.

Қазақ халқының абыройын асырып, совет елінің мақтаны болған асыл азамат Қаныш Имантайұлы Сәтбаев жаңағы орынға келісімен Қазақстан жеріндегі кен байлықтарының бәрін зерттеп, табысқа табыс жалғап, молайтумен болды. Әсіресе ел-жұрттың жауыз дұшпаны – неміс басқыншыларымен болған Ұлы Отан соғысы шағында, Қаныш бастаған ғылым орындарының көмегі аса зор болды. Майданға керек болған кен қазынаның бәрін тез тапқызып, мол алғызып отырды. Самғағыш самолет, тозбас танк, мойымас мылтық, өрттей оқ жасауға керек заттың бәрін беруде Қаныштың әрі отаншыл басшылығы, әрі білгір мамандығы, жіті қырағылығы, қажымас еңбегі өзгеше орын алды. Осындай еңбектерінің халық үшін қадірі артқандықтан, 1945 жылы Одақтағы Ғылым академиясының тарихи ұлы мерекесі болған күндерде, Қаныш екінші рет Ленин орденін алды. Сол жылы Бүкілодақтық Ғылым академиясының толық мүшесі болып сайланады. Әрі ғылым қызметкері есебінде, әрі сол ғылыми қызметін басқара білетін талантты ұйымдастырушы ретінде, Қаныш еңбегі республикада және Одақ көлемінде айқын көрініп, үлкен баға ала бастады. Халқымыз өзінің сүйікті ұлы Қаныш Сәтбаевты 1946 жылы СССР Жоғарғы Советінің депутаттығына сайлады.

Қазақстанның Одақ көлеміндегі тарихи дамуы неше алуан еді. Шаруашылық жөніндегі ұлы өсулер, ғылым, мәдениеттің өркендеуі және әсіресе әр ғылымның саласында үлкен өріске жетіп піскен, өскен ғылым қайраткерлері қазақтың өзінен шығып, ғалым-мамандардың көбеюі байқалып еді. Осы жылдарда Одақтық Ғылым академиясы болсын, Қазақстан партия, совет басшылығы болсын, енді қолда бар ғылымдық, мәдениеттік күш-қуатты таяныш етіп отырып, Қазақстанның өзіне арналған зор ғылым ордасын орнатуды талап етті. Қазақстанда Ғылым академиясы орнап, өркендесе екен деген асыл мұрат алға қойылып еді. Тәжірибеге қарағанда, ондай Академиялардың жасалуына негізгі шарт – кадрлар. Өзіне бөлек Академияны ойдағыдай жүргізіп кетуге жарайтын ұйымдастырушы керек. Ғылымдық терең зерттеу ісіне тәжірибесі жеткілікті, ой шалымы, басшылық, білім, өнері жеткілікті, үлкен сенімді қайраткер керек еді. Әрі өзі ғалым, ірі ғылым басшысы, соқталы азамат керек болды. Одақ Ғылым академиясының сол кездегі президенті академик Комаров1, қазіргі президенті академик Вавилов2 сияқты адамдар Қазақстанда Ғылым академиясын aшy деген ойды қуаттап, Қазақстанда өз Академиясын ашарлық оқымыстылардың жалпы әзірлігі жеткілікті деді. Қазақстандағы академияның жақсы бастап жүргізіп кете аларлық  өңіріне де берік сенімді болысты.

Қазақстанның партия, совет басшылығы, барлық мәдениет қайраткерлері, соның ішінде әсіресе ғылым қызметкерлері қазақ Академиясы ашылатын болса, оның бірден-бір сенімді басшысы Сәтбаев қана бола алатындығына толық сенімді болысты.

 

Сонымен, 1946 жылдың июнь айында Советтік Қазақстан тарихында мәңгілік орын алатын өзгеше дәуір белгісіндей, советтік буындардың, ұрпақтардың мақтаны боларлық бір жаңа туыс пайда болды. Ол – Қазақстан Ғылым академиясының жасалуы еді. Бұрынғы еңбектерінің барлығы Қазақстан жұртшылығына үлкен сенім білдіріп, қадірлі болған Сәтбаев осы Академияның ең қалаулы, ең таңдаулы басшысы болып сайланды.

Содан бері Қаныш Сәтбаев Қазақстан Ғылым академиясының президенті болып істеп келеді. Сонымен, ғылымдағы үлкен еңбек нәтижесінде зор бедел, абырой, сенім тапқан Қаныш, қазіргі күндерде Қазақстанның жас Академиясының қайраткері болып, талмай басшылық етіп келеді.

 

Қаныштың Қазақ Ғылым академиясындағы президенттік қасиеттерінің ең зоры - ол аса талантты және қажырлы, еңбекке төзімді ұйымдастырушы. Бұл жөнде, Қаныш өзі, геология сияқты үлкен күрделі ғылымның терең білімді маманы болғандықтан, ұйымдастырушылық, басшылық істі үнемі ғылымдық жолмен жүргізеді. Сан ғылымның басы қосылған күрделі еңбек үстінде өсіп келе жатқан Академияның ісін ғылымдық жолдармен, сан саламен өрбітіп, гүлдендіре білу – кімге де болсын оңай жұмыс емес. Аса жауапты жұмыс болуының үстіне, сан сала білімнен көп дерегі, білімі бар адам болуы керек. Қаныштың бір үлкен ерекшелігі – ол халықпен де, биологпен де, физикпен де, медикпен де және тарихшымен де, филологпен де өздерінің ғылыми тілінде сөйлесе біледі. Мамандық тілдерімен үндесіп, ұғыса біледі. Және сол әр ғылымның саласындағы әрбір кезеңде пісіп келген нақтылы, жауапты мәселелеріне қажет болған мәслихатын айтып, мықты басшылық ете біледі. Жұмысқа мойымайтын үлкен ісшілдік те бар. Өз басының білімін өсіруде жан-жақты, кең өрісті ғалым болуда тынымы жоқ ізденуші Қаныш, Қазақстан Ғылым академиясының ауқымында қызмет ететін ғалымдардың барлығына да анық ұстаз, үлгі боларлық білгіш.

Ғылымдағы ұйымдастырушылық талантының тағы бір өзгешелігі – кадрларды өсіру жолындағы талап-қайратынан аса айқын көрінеді.

Әрбір ғылым саласында жаңа туып келе жатқан ғылымдық талап соңында жүрген азамат болса, оқып жүрген жақсы зейінді ұл-қыз болса – бұлардың Қазақ Ғылым академиясының президенті Сәтбаевтан ақыл алмай, достық көрмей, көмегіне сүйенбей жүргендері жоқ деуге болады. Жылдан жылға қанат жайып, өрлеп өсіп келе жатқан Қазақстан ғылым қызметкерлерінің докторлары, кандидаттары, аспиранттары – барлығы да өздерінің өсіп, қалыптасу кезеңдерін алғанда, олардың ғылымдық еңбектерінің нәтижелі болып шығуы дәуіріндегі саты-саты ізденулерін алғанда, Қаныштан басшылық көмектің қайсысын болса да алып отырады.

Ал, ғылымдық дәрежелерін алып, Академияның арнаулы институттарында, секторларында, филиалы мен базаларында немесе ғылымдық экспедицияларында алған білім, мамандығын іс жүзінде сарапқа салатын болғанда, Қаныштан олар алатын үлгі-өнегесі де көп.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның соғысқа керек болатын көп қорларын кен іздеп, мол табуына басшылық еткен Академия қазірде де жылдан-жылға етек алып, ендеп, күрделі еңбек ордасы болып келе жатыр.

Қаныш басқарған Ғылым академиясы – Ұлы Отанның, соның ішінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы, өндіріс, ғылым, мәдениеті өркендеуіне ең алдымен қажет болатын жайларды зерттеп, ізденуші ойға үнемі басшылық ете білді. Бүкіл Академияның жиын еңбегі қадірлі Отанымызға арналған қасиетті еңбек болатын болса, көп тарамдары арқылы сол Отанмен нық қайнасып, берік байланысып өсіп келе жатқан советтік ғалымдардың бойындағы отаншылдық қасиетті Қазақ Ғылым академиясының президенті Қаныш Сәтбаев әрдайым айнымастан биік көтеріп ұстап келе жатыр. Қадірлі еңбек туы, қасиетті азаматтық туы! Осы сипаттары арқылы Қаныштың Академия ішінде барлық үлкенді-кішілі қызметкерлерге қадірі, бедел, абыройы да зор. Ол өзі де Академияның барлық ірі қызметкерлерінен бастап, жас мамандарына дейін, жай қатардағы қызметкерлеріне дейін, маман емес адамдарына дейін – барлығының да қызмет жайын, еңбек бағасын орын-орнымен өте жете біледі. Қызметкерлердің ғылым жолында өсуіне көмектесуден басқа, олардың күнделікті жай, жеке тұрмысының өзі туралы да көп қамқорлық етеді. Бұл да советтік басшы адамның адамгершілік, шынайы жақсылық қасиетін асыра түсіретін сипат.

Міне, осындай ірі ғылымдық басшылықта, әрі адамгершілік істерінде озық біткен асыл сипаттары бар Қаныш Советтік Қазақстан ұрпақтарының ішінде Совет дәуірінің ардақты тәрбиесін алып, мемлекет қайраткері дәрежесіне жетті, ең үлгілі, ең асыл азаматының бірі болды. Жұртшылық оның елу жасқа толғанын шын еміреніп, аса бағалап, қадірлеп қарсы алды.

Мұхтар Әуезов

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға