Жаңалықтар

Адамның мінез-құлығы

    Адам ағзасы баска тірі ағзалар сиякты өзінің биологиялық қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылады. Осы арқылы ағза өзінің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтап отырады. Адам ағзасы өз қажетін қанағаттандыру үшін үнемі тамақтанады, тыныс алады және т.б. Соған байланысты өседі, дамиды жөне тіршілігін жалғастырады. Адам қоғамдағы өз мінез-құлығы аркылы әлеуметтік және рухани қажетін қанағаттандырады. Мұндай қажеттіктерге еңбек етуі, білім алуы, шығармашылық жүмысы, білгенін баскаларға үйретуі және т.б. жатады. Адам өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін міндетті түрде алдына мақсат қояды. ішкі сезімге беріліп, ойлайды, қиялданады, есіне түсіреді. Мұның бәрі әр адамның жеке ішкі сезімі арқылы миында алдын ала бейнеленеді. Бұлар адамның психикасына тән қасиеттер. И. М. Сеченов адам психикасы мен жоғары жүйке қызметінің рефлекстік сипатының ұқсастығына ерекше мән берді. Психология ғылымының физиологиямен өте тығыз байланысты екенін атап көрсетті. Әрбір адам белгілі бір өлеуметтік ортада тіршілік ететіндіктен, сол ортаның тыныс-тіршілігімен санасады. Адам қоғамда басқа адамдармен қарым-қатынас жасамай, өмір сүре алмайды. Отбасында, ұжымда, қоғамда тіршілік етіп, сол аркылы психикасы қалыптасады. Осын- дай қарым-қатынастың нәтижесінде өрбір адам жеке түлға ретінде өмір сүреді. Адамның психикасының қалыптасуында сөздің де маңызы зор. Өз қажетін қанағаттандыру максатында қалыптасқан күрделі психикалық және физиологиялық үдерістер жиынтығы - мінез-құлықты білдіреді. Адамның мінез-қүлығын және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылымды этология (гр. «еtһоs» - мінез, «logos» - ілім) дейді. Рефлекс — жүйке кызметінің негізі, оның түрлері. Адам денесіндегі барлык тіршілік үдерістердің тікелей жүйке жүйесінің басқаруымен жүретіні өздеріңе белгілі (жүйке жүйесін, рефлексті естеріңе түсіріңдер). Ағзага сыртқы және ішкі ортаның өзгерістері тітіркендіргіш ретінде өсер етіп, рефлекс пайда болады. Рефлекс аркылы ағза үнемі өзгеріп түратын сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделеді. ішкі мүшелермен мүшелер жүйелері қызметтерінің үйлесімді жүруі рефлекс арқылы реттеледі. Рефлекс кезінде үлкен ми сыңарларының қыртысында сырткы жөне ішкі ортадан келетін тітіркендіргіштердің өсері талданады. Рефлекс үғымын ғылымға алғаш рет енгізген француз ғалымы - Р.Декарт (1596-1650). Рефлекстерді шығу тегіне сәйкес шартсыз жөне шартты рефлекстер деп екі топка бөледі. Шартсыз рефлекс орталык жүйке жүйесінің төменгі бөлімдері (жұлын, сопақша, ортаңғы ми, мишық) аркылы жүзеге асады. Алдыңғы мидың үлкен ми сыңарлары алып тасталған жануарларда шартсыз рефлекс сақталады. Шартсыз рефлекстер адамның жасына сәйкес үнемі өзгеріп отырады. Туа пайда болған ретті тізбек арқылы бірімен-бірі байланысқан шартсыз рефлекстер жиынтығы - түйсік - инстинкт (лат. «instictus» - түйсіну) деп аталады. Түйсік - едәуір күрделі мінез-құлықтың бір түрі. Түйсік көбінесе топтасып тіршілік ететін бунақденелілерде де айқын байқалады. Түйсік арқылы ағзаның ішкі ортасының қажеті қанағаттандырылады. Жаңа туған нәрестенің алғаш рет анасын емуі - тағамдық шарт сыз рефлекске жатады. Көзге бір затты жақындатқанда көзді жұму - қорғаныштық шартсыз рефлекс. Сәбиге таные емес затты көрсеткенде соған карай басы мен көзін бұруы - бағдарлаушы шартсыз рефлекс. Шартсыз рефлекстер арқылы ағзаның ішкі ортасының түрактылығы қамтамасыз етіледі. Ішкі мүшелер мен мүшелер жүйесінің кызметі үйлесімді түрде жүреді. Шартты рефлекстер Шартты рефлекстер. Ми қыртысында шартты рефлексті жүзеге асыратын жүйке - рефлекс орталықтары орналасады. Жүйке орталығы мен жүйкелер арасында шеңбер түрінде үнемі байланыстар болып тұрады. Шартты рефлекстер кезінде ми қыртысы мен мидың басқа бөлімдерінің арасында уақытша байланыстар түзіледі. Шартты рефлекстер - ағза мінез-құлығының ең қарапайым көрінісі. Шартты рефлекстер бірімен-бірі белгілі бір реттілікпен жүзеге асатын бірнеше кезеңдерден түрады. Шартты рефлекстер аркылы адам тамағын табуға, кауіпті жағдайлардан қорғануға әрекет жасайды. Мүның бәрі де жоғары жүйке қызметі аркылы жүзеге асады.
05.12.2012 05:26 16879

 

 

Адам ағзасы баска тірі ағзалар сиякты өзінің биологиялық қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылады. Осы арқылы ағза өзінің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтап отырады. Адам ағзасы өз қажетін қанағаттандыру үшін үнемі тамақтанады, тыныс алады және т.б. Соған байланысты өседі, дамиды жөне тіршілігін жалғастырады. Адам қоғамдағы өз мінез-құлығы аркылы әлеуметтік және рухани қажетін қанағаттандырады. Мұндай қажеттіктерге еңбек етуі, білім алуы, шығармашылық жүмысы, білгенін баскаларға үйретуі және т.б. жатады. Адам өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін міндетті түрде алдына мақсат қояды. ішкі сезімге беріліп, ойлайды, қиялданады, есіне түсіреді. Мұның бәрі әр адамның жеке ішкі сезімі арқылы миында алдын ала бейнеленеді. Бұлар адамның психикасына тән қасиеттер. И. М. Сеченов адам психикасы мен жоғары жүйке қызметінің рефлекстік сипатының ұқсастығына ерекше мән берді. Психология ғылымының физиологиямен өте тығыз байланысты екенін атап көрсетті.

Әрбір адам белгілі бір өлеуметтік ортада тіршілік ететіндіктен, сол ортаның тыныс-тіршілігімен санасады. Адам қоғамда басқа адамдармен қарым-қатынас жасамай, өмір сүре алмайды. Отбасында, ұжымда, қоғамда тіршілік етіп, сол аркылы психикасы қалыптасады. Осын- дай қарым-қатынастың нәтижесінде өрбір адам жеке түлға ретінде өмір сүреді. Адамның психикасының қалыптасуында сөздің де маңызы зор. Өз қажетін қанағаттандыру максатында қалыптасқан күрделі психикалық және физиологиялық үдерістер жиынтығы - мінез-құлықты білдіреді.

Адамның мінез-қүлығын және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылымды этология (гр. «еtһоs» - мінез, «logos» - ілім) дейді. Рефлекс — жүйке кызметінің негізі, оның түрлері. Адам денесіндегі барлык тіршілік үдерістердің тікелей жүйке жүйесінің басқаруымен жүретіні өздеріңе белгілі (жүйке жүйесін, рефлексті естеріңе түсіріңдер). Ағзага сыртқы және ішкі ортаның өзгерістері тітіркендіргіш ретінде өсер етіп, рефлекс пайда болады. Рефлекс аркылы ағза үнемі өзгеріп түратын сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделеді. ішкі мүшелермен мүшелер жүйелері қызметтерінің үйлесімді жүруі рефлекс арқылы реттеледі. Рефлекс кезінде үлкен ми сыңарларының қыртысында сырткы жөне ішкі ортадан келетін тітіркендіргіштердің өсері талданады. Рефлекс үғымын ғылымға алғаш рет енгізген француз ғалымы - Р.Декарт (1596-1650).

Рефлекстерді шығу тегіне сәйкес шартсыз жөне шартты рефлекстер деп екі топка бөледі. Шартсыз рефлекс орталык жүйке жүйесінің төменгі бөлімдері (жұлын, сопақша, ортаңғы ми, мишық) аркылы жүзеге асады. Алдыңғы мидың үлкен ми сыңарлары алып тасталған жануарларда шартсыз рефлекс сақталады. Шартсыз рефлекстер адамның жасына сәйкес үнемі өзгеріп отырады. Туа пайда болған ретті тізбек арқылы бірімен-бірі байланысқан шартсыз рефлекстер жиынтығы - түйсік - инстинкт (лат. «instictus» - түйсіну) деп аталады. Түйсік - едәуір күрделі мінез-құлықтың бір түрі. Түйсік көбінесе топтасып тіршілік ететін бунақденелілерде де айқын байқалады. Түйсік арқылы ағзаның ішкі ортасының қажеті қанағаттандырылады.

Жаңа туған нәрестенің алғаш рет анасын емуі - тағамдық шарт сыз рефлекске жатады. Көзге бір затты жақындатқанда көзді жұму - қорғаныштық шартсыз рефлекс. Сәбиге таные емес затты көрсеткенде соған карай басы мен көзін бұруы - бағдарлаушы шартсыз рефлекс. Шартсыз рефлекстер арқылы ағзаның ішкі ортасының түрактылығы қамтамасыз етіледі. Ішкі мүшелер мен мүшелер жүйесінің кызметі үйлесімді түрде жүреді.

Шартты рефлекстер

Шартты рефлекстер. Ми қыртысында шартты рефлексті жүзеге асыратын жүйке - рефлекс орталықтары орналасады. Жүйке орталығы мен жүйкелер арасында шеңбер түрінде үнемі байланыстар болып тұрады. Шартты рефлекстер кезінде ми қыртысы мен мидың басқа бөлімдерінің арасында уақытша байланыстар түзіледі. Шартты рефлекстер - ағза мінез-құлығының ең қарапайым көрінісі. Шартты рефлекстер бірімен-бірі белгілі бір реттілікпен жүзеге асатын бірнеше кезеңдерден түрады. Шартты рефлекстер аркылы адам тамағын табуға, кауіпті жағдайлардан қорғануға әрекет жасайды. Мүның бәрі де жоғары жүйке қызметі аркылы жүзеге асады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға