Жаңалықтар

Археологиялық ескерткіштер

  Археологиялық ескерткіштер — халықтардың ежелгі  тарихына қатысты материалдық мәдениетінің ескерткіштері.  А. е-ге жататындар: қалашықтар мен қалалар; ежелгі қоныстардың қалдықтары; обалар, қабір үстіне орнатылған ескерткіштер мен салт-дәстүрлік құрылыстар; адамның еңбек қызметін сипаттайтын ескерткіштер; тасқа және үңгірде қашалған жазулар; табылған жекелеген қазбалардың  орындары.  Солт. Қазақстан обл-нда  А.е.  саны 605 нышаннан тұрады, қазіргі кезде оның  сақталғаны — 171. Палеолит дәуірінен табылған кейбір ескерткіштер тас ғасыры мезолит және неолит дәуірінің тұрақтары; қола дәуірінің  қоныстары мен молалары; ерте темір ғасыры  қалашықтары, молалары мен жекелеген қорғандары; ортағасырлық молалар мен қорғандар, қоныстар болып табылады. А.е.  Солт.-Қазақстан обл. ежелгі тұрғындарының жоғ. палеолит дәуірінен ортағасырлық кезеңге дейінгі өмірі мен тұрмысын көрсетеді. 100-ден аса нышанға қазба жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениетін  көрсететін көптеген коллекциялар жиналды. Қола дәуірінің  заттық кешендері негізінде Г.Б. Зданович қола ғасырдың алатын кезеңі мен хронологиясын  жасады, Петровтік мәдениет дербес өз алдына бөліп қаралды (1975). С.Я. Зданович  Солт.-Қазақстан обл. және көрші облыс материалдары негізінде қола ғасырдың аяқ шеніндегі Саргарин мәдениетін анықтады. В.Ф. Зайберт  неолит кезеңінің А.е.  материалдары бойынша Атбасар мәдениетіне  жататын  ескерткіштердің  хронологиясын әзірледі, ал энеолит кезеңінің  ескеткіштері Ботай мәдениетімен біріктіріле қарастырылды. А.А. Плешаков мезолит және неолит дәуірі материалдары бойынша  тәжірибе-трассологиялық әдіспен ежелгі  халықтардың  шаруашылыққа қолданған кремнийден жасалған еңбек құралдарын қалпына келтіру ісін жүзеге асырды. М.К.Хабдулина зерттеген ескерткіштер  негізінде  номадтардың Ұлы даласы  жүйесіндегі  ерте темір ғасыры далалық Есіл өңірінің мәдени-тарихи оқиғаларын айқындап берді. Облыста сақталған — 171 А.е. ішінен  Петропавл қ-нда бір нышан, Бескөл ауд-нда — 26, Булаевта — 3, Возвышенскийде — 1, Жамбылда — 17, Есілде — 50, Мамлютте — 1, Пресновта — 6, Сергеевте — 50,  Аққайыңда — 3, Қызылжарда — 13 нышан бар. А.е. обл. су көзі — Есіл өзені бойында орналасқан.  Мамлют ауд-нда 7 А.е-тен тек ерте темір ғасырына жататын жалғыз Мәңгісор ескі моласы ғана сақталған, Мамлюттегі  қорғандар қазылды,  ал қалған ескерткіштер жүргізген жұмыстар кезінде  бұзылып тасталған. Мәскеу  ауд-ндағы (қазіргі Шал ақын атынд.) ерте темір  ғасырына жататын Бұлақ ескі қорғаны карьер қазғанда бұзылған.  Преснов  ауд-нда ерте темір ғ. және қола дәуіріне жататын 9 қабір ескерткіштері мен бір қоныс бар екендігі туралы  мәліметтер болды. Қазіргі кезде ерте темір ғасырына жататын  алты қабір  орны мен кейбір қорғандар  сақталған.  Сергеев ауд.  ежелгі тарихтың әр кезеңіне қатысты 74 А.е.  бар екендігі белгілі. Оның 50-і сақталып қалған. Алты нышан ғыл. жұмыстар мақсатында қазылды, ал қалғандары а.ш. қызметі салдарынан жойылды немесе Сергеев су қоймасының астында қалды.  Сергеев ауд-дағы көптеген ескеркіштерден Солт. Қазақстанның ежелгі тұрғындарының ш. мен әлеум.-мәдени өмірін білдіретін коллекциялар табылды. Алыпқаш моласының материалдары бойынша қола дәуірінің алтын әшекейлі киімі  қайта қалпына келтірілді. Бұрлық, Кеңес, Ұлубай және т.б  обалар  қола дәуірі және ерте темір ғасырындағы тарихи үдерістерді болжауға мүмкіндік берді. Аққайың ауд-дағы үш археол. нышан ерте темір ғасыры қорғандары  түрінде  қабір ескерткіштеріне жатады. Соколов а-нда  табылған А.е. де  қызықты материалдар. Вишневка-І қонысы ерте қола дәуірі бойынша  мәліметтер ұсынады, қазіргі кезде ғылымда  Вишнев үлгісіндегі керамика белгілі.  Петропавл қ. жерінде  әр дәуірдің 16 А.е. болған, қазіргі кезде соның біреуі ғана — ерте темір ғасырындағы Ақтау қалашығы ғана сақталған.
04.12.2012 11:45 59282

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға