Жаңалықтар

Абай жайындағы Көкбай әңгімесі

Абай жайындағы Көкбай әңгімесі Көкбай Абаймен ең алғашқы рет жақындасып кетуім ел ортасында болған бір съездің үстінде басталды дейді. Ел ішінің ақы алысып, ақы берісіп жатқан съезі еді. Мұны өткізуге Семейден Досовский деген уйез келіп еді. Сол бір ісімді жақтырмай мені ел кісілерінің ортасында тұрғанымда, стражник ортасында тұрғанымда, стражниктерін (атарман) жіберіп, жазаламақшы болды. Әлгілер ерікке қоймай әкетіп бара жатқан соң, қасымда еріп жүретін өлеңші жігіттерім бар еді, солардың біреуінен Абайға бір ауыз өлеңмен сәлем айтып жібердім. Ол кезде он салып, өлең айтатұғым, қасымдағы жолдастарым да сондайды әдет қылатын. Уйезге әкелген соң Абай да келді де "жазығы не?" деп, істің жөнін сұрады. Содан кейін Досовский: "Бұған біреу басшылық етіп, тәрбиесіне алмаса, мына елдің ортасында арызқой, пәлеқұмар болып бұзылғалы жүрген адам, сен тәрбиеге алып, міндетті болып түзетемін десең, берем. Әйтпесе жазаға ұшырайтын ісі бар", — деді. Абай маған кепіл болып алып шықты, осыдан кейін Абайдың жолдасы болдым. Жолдастығым 25 жылға созылды. Жаңағы оқиға 1880 жылдардың шамасында болып еді. Содан кейін қыс болсын, жаз болсын Абай ел араласа қасында жүріп, ауылына келсе, үйінде бірге жатып, айырылыспайтын болдық. Абайдың қасында ай жүріп, ай жарым жүріп келіп, бір әредік толас болғанда ғана өз үйіме бір жұма, көп болса он күнге рұқсат алып келіп, артынан қайта барамын. 1880 жылдан бастап, 1886 жылдарға шейін Абай әрбір өлеңді жазып жүрді. Бірақ бұл уақыттағы сөздерінің барлығын Көкбай сөздері деп жүргізді. Кейін Омбыда "Дала уалаяты" мен "Серке" газеті шыққанда, бірер өлеңін тағы да менің атыммен жіберді. "Сорлы Көкбай жылайды да жырлайды" дегенді мен қылып қойып, өзін айтып еді. Осы хал 86-жылға шейін келді де, сол жылдың жазында ел жайлауға шықты. Абай ауылының ең өрістеп барып, орнықпақ болған жайлауы "Бақанас" өзенінің бойы еді. Кеш жүріп кетті, біз Абаймен бірге бірнеше кісі болып артынан келдік. Осы жылы Абай ауылында доктор Долгополов та қонақ еді. Ауыл Бақанастың бойындағы Көпбейіт деген жерге қонып жатыр екен. Абай қонып жатқан ауылды көріп, осы суретті өлең қыл деді. Мен біраз өлең қылып едім, жақтырмады да, өзі жазбақшы болды. Сонымен үй тігіліп болып бәріміз жайланған соң Абайға келіп едім: "Өлең Көкшенің бойынан асайын деді ғой", - деді (Көкше - Көкбайдың руы). Мен: "Асса, басында мен қолқаланып алған нәрсе емес еді. Енді өзіңіз ретін тауып қайта аларсыз",—деп қалжыңдадым, сөйтсем сол күні "Жаздыкүн шілде болғанданы" жазған екен. Оқып берді. Өзі жазған сөзіне ең алғашқы рет аз да болса қанағат қылғанын көргенім сол. Менің қалжыңыма орай қылып: "Сен соғымыңа бір ту бие ал, мен енді өлеңімді өзім алайын", - деді. "Жаз" өлеңіндегі Абайдың ауылы - өз ауылы, Абайдың астындағы аяңшылы Абайдың Әбдірақметтен алған аяңшыл күрең төбел аты. Айқайшы шалы сол жылы өз ауылымен көрші болып отырған Әнет Бармақ деген шал. Құс салып жүрген жас жігіттер өзінің балалары Ақылбай, Әбдірахман болатын. Осыдан кейін өлеңді жиі жаза бастады. Тегінде өлеңді көп жазатын уақыты қыстыгүні мен жазға салым болатын. Кейін 89-90-жылдарда тыныштық алып отырғанда, барлық әндерін де бір-ақ қыста, жазға салым шығарды. Өзі біреуге ұзақ әңгіме, ұзақ жыр сияқты нәрселерді айтқызғанда ешуақытта басқа бөтен нәрселерге аумай, таза көңілмен, үлкен ықыласпен тыңдайтын. Және әрқашан сондайды тыңдап болған соң мағынасы мен жөнін ұғындырып, сын айтатын, сол ретпен "Ақбала-Боздақты" айтқанымызда, осы жырдың ішіндегі бір-ақ ауыз өлеңін жақсы көрді де, "мынаны шығарған кісі ақын" деді. Тегінде өлең ішінде бірер ауыз дәмді сөзі табылса, сол үшін қатты ырза болып қалушы еді. Жаңағы өлеңде: Ақбала мен Боздақ тау аралап келе жатса, алдарынан шағылысып жүрген құр, үйігіп жүрген екі түлкі кездесіпті. Сонда Боздақ Ақбалаға: "Бір қораз бір мекиен талда ойнайды, Адам түгіл хайуан мал да ойнайды. Құдайым бір нәрсеге бастап жүрме, Алдымыздан кез келген аң да ойнайды...", — депті. Абай "осы сөзінен айтушының ақындығы білінеді" деп санады. Әрқашан Абай ақындық туралы сөйлегенде: "Ол қуат табиғат сыйы, құдай сыйы деп құрметпен сөйлейтін. Ақындық шабыты шын келгенде адамды қайта тудырып жібереді. Ол келгенде адам жай, жабайы адам болмайды", — дейтін. Осы сөзінің шындығы бәріміздің көзімізше, ел ішінің бір ақынының тұсында ақталғандай болды. 85-жылдың шамасында Қарамолада болатын червечнайға Абаймен бірге көп кісі болып келе жаттық. Ішімізде Байкөкше деген ақын да бар еді. Бір мезгілде Байкөкшенің өңіне Абайдың көзі түсті де: "Мына кәрінің жыны ұстап келе жатыр екен", — дейді. Айтқанындай сол арада Байкөкше Абайға түнде көрген түсін айтып, ұзақ өлеңді шұбатып жөнелді. Түсінде Абайдың бірталай қиындық, қауыптан өтіп мұратына қолы жеткенін көрген екен. Соны айтумен бірге өзінің жоруында өлеңге қосып, Қарамоладан жолы болып, қастық қылмақ кісілерді жеңіп қайтатынын айтты. Абай ел ортасында өлең шығарып жүретін, ақынмын деген жігіттердің кейбіреулеріне кездескенде, солардың өз жандарынан шығарған өлендерін айтқызып тыңдайтын уақыттары да болушы еді. Бірақ ол ақындар өзіне өлең шығарып айтсын, басқаны өлең қылсын, сөздерін жай тыңдағаны болмаса, өлеңдеріне орай өлең айтып, айтысқа кіріспейтін. Өзім білгенде мұндай іс бір-ақ рет болды. Ел ішінің тағы бір съезі болып, Семейдің оязы келгенде, соған тілмаш болып Сыбан Әріп келді. Әріп екеуміз құрбы болатынбыз. Кездескен жерде әрқашан бірер ауыз өлеңмен жанасып қалатынбыз. Съез болып жатқанда менің бір ақы сұраған арызым болып, соның тез қарауын тапсырамын деп Әріпке: Найманша, ажырайма кеуіп-ісіп, Ежелден арғын аға, найман кішік. Төбеңмен жүр, тез бітір қызметіңді, Күнде бүйтіп мөлимен ісім түсіп, — дегенімде. Ол: Асықпа, бітіремін қызметіңді, Тапсырған құрбылықпен міндетіңді. Арғынға Көкше сенен Қызай жақын, Ата қумай түзей бер өз бетіңді, - деді. Мен мұның орайына: Көкше атам — Тобықтының бел баласы, Бөтен деген білместің бос таласы, Нарымбайды Тәшкендік сарт дейді ғой, Сол сияқты қазақтың бір жаласы, — дедім (Нарымбай — Әріптердің аталары болса керек). Әріп: Тіпті Тобықты арғын емес, Көкше тұрсын, Ата қуып қайтесің өзің жүрсің. Құдай ақы теңдесім Алтай-қарпық, Құр көңілді көтерген кеудең құрсын, — деді. Біз осылай сөйлесіп жатқанда, өзіміздің елдің біреулері Абайға барып: Әріп пен Көкбай айтысып жатыр депті. Сонан соң біреу келіп екеумізді де Абай шақырады деді, мен мынаны айттым дедім. Абай тыңдады да, әлгі даудың орайына: Ақсопы дүниеден ұлсыз өткен, Енеген жалшысынан бала біткен. Өкіреш Найман ұл болмаған соң, Атасыз да Найман көп, деп aп кеткен, - деді. Өлең айтқыш жігіттердің сөздерінде нәр жұғын болса, дәмді сөзін көріп ырза болса, ондайлардың өлеңді көбірек айтқанын тілейтін. Кейбіреулеріне өлең қыларлық теманы да беретін сияқты еді. Бір жылы менің өзіме: "Абылай хан мен Кенесарының қазаққа істеген еңбектерін ұзақ әңгіме қылып айтып беріп, осыны өлең қыл", - деді. "Абылай да, Кенесары да қазақтың мақтан қылатын ерлері. Бұлардың еңбегі де айта қалғандай, ұмытпастық еңбек. Сондықтан бастарынан кешкен дәуренді жақсы сөзбен жыр қылып ел ортасына жаю жақсы өлеңшінің міндеті, сен үйіңе барып орнығып отырып осыны өлең қылып кел", — деді. Содан кейін үйге келіп отырысымен өлең қылуға кірісіп, күндіз-түні тыным алмай жаздым да, 5—6 күнде бітіріп, Абайға қарай қайта жүрдім. Абай бұл уақытта үлкен ауылынан бауырдағы ауылына, тоқалынікіне барып, сонда жатыр екен. Кіші ауылы "Аралтөбе" деген жерде, үлкен ауылынан 25 шақырым жерде, біздің ауылдан 70 шақырымдай жерде еді. Мұхтар Әуезов
04.12.2012 11:27 9839

Абай жайындағы Көкбай әңгімесі

Көкбай Абаймен ең алғашқы рет жақындасып кетуім ел ортасында болған бір съездің үстінде басталды дейді. Ел ішінің ақы алысып, ақы берісіп жатқан съезі еді. Мұны өткізуге Семейден Досовский деген уйез келіп еді. Сол бір ісімді жақтырмай мені ел кісілерінің ортасында тұрғанымда, стражник ортасында тұрғанымда, стражниктерін (атарман) жіберіп, жазаламақшы болды. Әлгілер ерікке қоймай әкетіп бара жатқан соң, қасымда еріп жүретін өлеңші жігіттерім бар еді, солардың біреуінен Абайға бір ауыз өлеңмен сәлем айтып жібердім. Ол кезде он салып, өлең айтатұғым, қасымдағы жолдастарым да сондайды әдет қылатын.

Уйезге әкелген соң Абай да келді де "жазығы не?" деп, істің жөнін сұрады. Содан кейін Досовский: "Бұған біреу басшылық етіп, тәрбиесіне алмаса, мына елдің ортасында арызқой, пәлеқұмар болып бұзылғалы жүрген адам, сен тәрбиеге алып, міндетті болып түзетемін десең, берем. Әйтпесе жазаға ұшырайтын ісі бар", — деді.

Абай маған кепіл болып алып шықты, осыдан кейін Абайдың жолдасы болдым. Жолдастығым 25 жылға созылды. Жаңағы оқиға 1880 жылдардың шамасында болып еді. Содан кейін қыс болсын, жаз болсын Абай ел араласа қасында жүріп, ауылына келсе, үйінде бірге жатып, айырылыспайтын болдық. Абайдың қасында ай жүріп, ай жарым жүріп келіп, бір әредік толас болғанда ғана өз үйіме бір жұма, көп болса он күнге рұқсат алып келіп, артынан қайта барамын.

1880 жылдан бастап, 1886 жылдарға шейін Абай әрбір өлеңді жазып жүрді. Бірақ бұл уақыттағы сөздерінің барлығын Көкбай сөздері деп жүргізді. Кейін Омбыда "Дала уалаяты" мен "Серке" газеті шыққанда, бірер өлеңін тағы да менің атыммен жіберді. "Сорлы Көкбай жылайды да жырлайды" дегенді мен қылып қойып, өзін айтып еді.

Осы хал 86-жылға шейін келді де, сол жылдың жазында ел жайлауға шықты. Абай ауылының ең өрістеп барып, орнықпақ болған жайлауы "Бақанас" өзенінің бойы еді. Кеш жүріп кетті, біз Абаймен бірге бірнеше кісі болып артынан келдік. Осы жылы Абай ауылында доктор Долгополов та қонақ еді. Ауыл Бақанастың бойындағы Көпбейіт деген жерге қонып жатыр екен.

Абай қонып жатқан ауылды көріп, осы суретті өлең қыл деді. Мен біраз өлең қылып едім, жақтырмады да, өзі жазбақшы болды. Сонымен үй тігіліп болып бәріміз жайланған соң Абайға келіп едім: "Өлең Көкшенің бойынан асайын деді ғой", - деді (Көкше - Көкбайдың руы).

Мен: "Асса, басында мен қолқаланып алған нәрсе емес еді. Енді өзіңіз ретін тауып қайта аларсыз",—деп қалжыңдадым, сөйтсем сол күні "Жаздыкүн шілде болғанданы" жазған екен. Оқып берді.

Өзі жазған сөзіне ең алғашқы рет аз да болса қанағат қылғанын көргенім сол. Менің қалжыңыма орай қылып: "Сен соғымыңа бір ту бие ал, мен енді өлеңімді өзім алайын", - деді.

"Жаз" өлеңіндегі Абайдың ауылы - өз ауылы, Абайдың астындағы аяңшылы Абайдың Әбдірақметтен алған аяңшыл күрең төбел аты. Айқайшы шалы сол жылы өз ауылымен көрші болып отырған Әнет Бармақ деген шал. Құс салып жүрген жас жігіттер өзінің балалары Ақылбай, Әбдірахман болатын.

Осыдан кейін өлеңді жиі жаза бастады. Тегінде өлеңді көп жазатын уақыты қыстыгүні мен жазға салым болатын. Кейін 89-90-жылдарда тыныштық алып отырғанда, барлық әндерін де бір-ақ қыста, жазға салым шығарды.

Өзі біреуге ұзақ әңгіме, ұзақ жыр сияқты нәрселерді айтқызғанда ешуақытта басқа бөтен нәрселерге аумай, таза көңілмен, үлкен ықыласпен тыңдайтын. Және әрқашан сондайды тыңдап болған соң мағынасы мен жөнін ұғындырып, сын айтатын, сол ретпен "Ақбала-Боздақты" айтқанымызда, осы жырдың ішіндегі бір-ақ ауыз өлеңін жақсы көрді де, "мынаны шығарған кісі ақын" деді. Тегінде өлең ішінде бірер ауыз дәмді сөзі табылса, сол үшін қатты ырза болып қалушы еді. Жаңағы өлеңде: Ақбала мен Боздақ тау аралап келе жатса, алдарынан шағылысып жүрген құр, үйігіп жүрген екі түлкі кездесіпті. Сонда Боздақ Ақбалаға:

"Бір қораз бір мекиен талда ойнайды,

Адам түгіл хайуан мал да ойнайды.

Құдайым бір нәрсеге бастап жүрме,

Алдымыздан кез келген аң да ойнайды...", —

депті. Абай "осы сөзінен айтушының ақындығы білінеді" деп санады.

Әрқашан Абай ақындық туралы сөйлегенде: "Ол қуат табиғат сыйы, құдай сыйы деп құрметпен сөйлейтін. Ақындық шабыты шын келгенде адамды қайта тудырып жібереді. Ол келгенде адам жай, жабайы адам болмайды", — дейтін. Осы сөзінің шындығы бәріміздің көзімізше, ел ішінің бір ақынының тұсында ақталғандай болды.

85-жылдың шамасында Қарамолада болатын червечнайға Абаймен бірге көп кісі болып келе жаттық. Ішімізде Байкөкше деген ақын да бар еді. Бір мезгілде Байкөкшенің өңіне Абайдың көзі түсті де: "Мына кәрінің жыны ұстап келе жатыр екен", — дейді. Айтқанындай сол арада Байкөкше Абайға түнде көрген түсін айтып, ұзақ өлеңді шұбатып жөнелді. Түсінде Абайдың бірталай қиындық, қауыптан өтіп мұратына қолы жеткенін көрген екен. Соны айтумен бірге өзінің жоруында өлеңге қосып, Қарамоладан жолы болып, қастық қылмақ кісілерді жеңіп қайтатынын айтты.

Абай ел ортасында өлең шығарып жүретін, ақынмын деген жігіттердің кейбіреулеріне кездескенде, солардың өз жандарынан шығарған өлендерін айтқызып тыңдайтын уақыттары да болушы еді. Бірақ ол ақындар өзіне өлең шығарып айтсын, басқаны өлең қылсын, сөздерін жай тыңдағаны болмаса, өлеңдеріне орай өлең айтып, айтысқа кіріспейтін. Өзім білгенде мұндай іс бір-ақ рет болды.

Ел ішінің тағы бір съезі болып, Семейдің оязы келгенде, соған тілмаш болып Сыбан Әріп келді. Әріп екеуміз құрбы болатынбыз. Кездескен жерде әрқашан бірер ауыз өлеңмен жанасып қалатынбыз. Съез болып жатқанда менің бір ақы сұраған арызым болып, соның тез қарауын тапсырамын деп Әріпке:

Найманша, ажырайма кеуіп-ісіп,

Ежелден арғын аға, найман кішік.

Төбеңмен жүр, тез бітір қызметіңді,

Күнде бүйтіп мөлимен ісім түсіп, —

дегенімде. Ол:

Асықпа, бітіремін қызметіңді,

Тапсырған құрбылықпен міндетіңді.

Арғынға Көкше сенен Қызай жақын,

Ата қумай түзей бер өз бетіңді, -

деді. Мен мұның орайына:

Көкше атам — Тобықтының бел баласы,

Бөтен деген білместің бос таласы,

Нарымбайды Тәшкендік сарт дейді ғой,

Сол сияқты қазақтың бір жаласы, —

дедім (Нарымбай — Әріптердің аталары болса керек). Әріп:

Тіпті Тобықты арғын емес,

Көкше тұрсын,

Ата қуып қайтесің өзің жүрсің.

Құдай ақы теңдесім Алтай-қарпық,

Құр көңілді көтерген кеудең құрсын, —

деді. Біз осылай сөйлесіп жатқанда, өзіміздің елдің біреулері Абайға барып: Әріп пен Көкбай айтысып жатыр депті. Сонан соң біреу келіп екеумізді де Абай шақырады деді, мен мынаны айттым дедім. Абай тыңдады да, әлгі даудың орайына:

Ақсопы дүниеден ұлсыз өткен,

Енеген жалшысынан бала біткен.

Өкіреш Найман ұл болмаған соң,

Атасыз да Найман көп, деп aп кеткен, -

деді.

Өлең айтқыш жігіттердің сөздерінде нәр жұғын болса, дәмді сөзін көріп ырза болса, ондайлардың өлеңді көбірек айтқанын тілейтін. Кейбіреулеріне өлең қыларлық теманы да беретін сияқты еді.

Бір жылы менің өзіме: "Абылай хан мен Кенесарының қазаққа істеген еңбектерін ұзақ әңгіме қылып айтып беріп, осыны өлең қыл", - деді. "Абылай да, Кенесары да қазақтың мақтан қылатын ерлері. Бұлардың еңбегі де айта қалғандай, ұмытпастық еңбек. Сондықтан бастарынан кешкен дәуренді жақсы сөзбен жыр қылып ел ортасына жаю жақсы өлеңшінің міндеті, сен үйіңе барып орнығып отырып осыны өлең қылып кел", — деді.

Содан кейін үйге келіп отырысымен өлең қылуға кірісіп, күндіз-түні тыным алмай жаздым да, 5—6 күнде бітіріп, Абайға қарай қайта жүрдім. Абай бұл уақытта үлкен ауылынан бауырдағы ауылына, тоқалынікіне барып, сонда жатыр екен. Кіші ауылы "Аралтөбе" деген жерде, үлкен ауылынан 25 шақырым жерде, біздің ауылдан 70 шақырымдай жерде еді.

Мұхтар Әуезов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға