Жаңалықтар

Метро

Метро, метрополитен (франц. Metropolіtaіn – астаналық, грек. Metropolіs – бас қала, астана) – қаладағы жолаушыларды тасымалдайтын көліктің түрі. М. Жолы жер астында (туннельдерде), жер бетінде (қала көшелерінен оқшауланған), не жерден көтеріңкі (эстакада үстінде) салынады. Жерден көтеріңкі орналастырылатын М. Өзен, т. Ж., автожол, т.б. Бөгеттердің үстінен өтеді. М-ның жер асты жолымен жүретін түрі көп тараған. Оның көлікке, жаяуларға кедергісі жоқ, әрі қаланың қалыптасқан архит. Көрінісіне және жер асты коммуникацияларына нұқсан келтірмейді. М. Негізінен үлкен қалаларда (млн-нан астам халқы бар) салынады. Ең алғашқы М. (ұз. 3,6 км) 1863 ж. Лондонда (Англияда) салынды. 1890 жылдан бастап М. Терең туннельдерге салынып, онда электрлік көлік ретінде пайдаланылатын болды. 1868 ж. Нью-Йоркте (АҚШ-та) жерден көтеріңкі салынған алғашқы М. Іске қосылды. Еуропадағы алғашқы М-лар Будапешт (1896), Вена (1898) және Парижде (1900) салынды. 1-дүниежүз. Соғыстан кейінгі жылдары Мадрид пен Барселонада (Испания), Афинада (Грекия), Токио (Жапония), Осло (Норвегия), Стокгольм (Швеция), т.б. Қалаларда М-лар жұмыс істей бастады. Жер асты М. Жолдарын салудың ең тиімдісі көше астына 10 – 15 м тереңдікте салу. Тереңге (30 – 50 м-ге дейін) салынған М. Жолдары ст-лар арасын тура әрі қысқа жолмен байланыстыруға мүмкіндік береді. М. Жолының жобасы жасаларда қаланың орналасу құрылысы мен жердің геол. Ерекшеліктері зерттеледі. Туннельдің құрылысы мен оны салу тәсілдері және тереңдігі белгіленеді. М. Жолын салу геодез.-маркшейдрлік тәсілдер бойынша жол жобасын нақтылы жағдайларға сәйкестендіруден басталады. М. Салуда екі түрлі әдіс (жабық және ашық түрде) қолданылады. Ашық әдіспен М. Салғанда жер қыртысының бет қабаты аршылып, туннельдік құралымдар қазаншұңқырдан басталып салынады. Туннельдерді жабық әдіс бойынша қазу тау-кен ісінде пайдаланылатын әдістер негізінде жүргізіледі. М. Құралымдары құрастырмалы темір-бетоннан, металл элементтерден, сондай-ақ тұтас бетон мен темір-бетоннан жасалады. М. Ст-ның құрамына вестибюль, жүргіншілер бір бағыттан екінші бағытқа ауысып мінетін пункт, т.б. Құрылыстар кіреді; жүргіншілерді жер астына түсіретін және жоғары шығаратын эскалаторлармен жабдықталады. М. Ст-ларының орташа ара қашықтығы 400 м-ден 2115 м аралығында. Республикада жер асты М. Салу жұмысы, халқының саны млн-нан асатын Алматы қ-нда ғана қолға алынып, жер асты жұмыстары жүргізілуде. Ә. Күлімбетов
04.12.2012 07:42 3754

Метро, метрополитен (франц. Metropolіtaіn – астаналық, грек. Metropolіs – бас қала, астана) – қаладағы жолаушыларды тасымалдайтын көліктің түрі. М. Жолы жер астында (туннельдерде), жер бетінде (қала көшелерінен оқшауланған), не жерден көтеріңкі (эстакада үстінде) салынады. Жерден көтеріңкі орналастырылатын М. Өзен, т. Ж., автожол, т.б. Бөгеттердің үстінен өтеді. М-ның жер асты жолымен жүретін түрі көп тараған. Оның көлікке, жаяуларға кедергісі жоқ, әрі қаланың қалыптасқан архит. Көрінісіне және жер асты коммуникацияларына нұқсан келтірмейді. М. Негізінен үлкен қалаларда (млн-нан астам халқы бар) салынады. Ең алғашқы М. (ұз. 3,6 км) 1863 ж. Лондонда (Англияда) салынды. 1890 жылдан бастап М. Терең туннельдерге салынып, онда электрлік көлік ретінде пайдаланылатын болды. 1868 ж. Нью-Йоркте (АҚШ-та) жерден көтеріңкі салынған алғашқы М. Іске қосылды. Еуропадағы алғашқы М-лар Будапешт (1896), Вена (1898) және Парижде (1900) салынды. 1-дүниежүз. Соғыстан кейінгі жылдары Мадрид пен Барселонада (Испания), Афинада (Грекия), Токио (Жапония), Осло (Норвегия), Стокгольм (Швеция), т.б. Қалаларда М-лар жұмыс істей бастады. Жер асты М. Жолдарын салудың ең тиімдісі көше астына 10 – 15 м тереңдікте салу. Тереңге (30 – 50 м-ге дейін) салынған М. Жолдары ст-лар арасын тура әрі қысқа жолмен байланыстыруға мүмкіндік береді. М. Жолының жобасы жасаларда қаланың орналасу құрылысы мен жердің геол. Ерекшеліктері зерттеледі. Туннельдің құрылысы мен оны салу тәсілдері және тереңдігі белгіленеді. М. Жолын салу геодез.-маркшейдрлік тәсілдер бойынша жол жобасын нақтылы жағдайларға сәйкестендіруден басталады. М. Салуда екі түрлі әдіс (жабық және ашық түрде) қолданылады. Ашық әдіспен М. Салғанда жер қыртысының бет қабаты аршылып, туннельдік құралымдар қазаншұңқырдан басталып салынады. Туннельдерді жабық әдіс бойынша қазу тау-кен ісінде пайдаланылатын әдістер негізінде жүргізіледі. М. Құралымдары құрастырмалы темір-бетоннан, металл элементтерден, сондай-ақ тұтас бетон мен темір-бетоннан жасалады. М. Ст-ның құрамына вестибюль, жүргіншілер бір бағыттан екінші бағытқа ауысып мінетін пункт, т.б. Құрылыстар кіреді; жүргіншілерді жер астына түсіретін және жоғары шығаратын эскалаторлармен жабдықталады. М. Ст-ларының орташа ара қашықтығы 400 м-ден 2115 м аралығында. Республикада жер асты М. Салу жұмысы, халқының саны млн-нан асатын Алматы қ-нда ғана қолға алынып, жер асты жұмыстары жүргізілуде.
Ә. Күлімбетов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға