Жаңалықтар

Сарысу көтерілісі

САРЫСУ КӨТЕРІЛІСІ (1930) – Сарысу ауд.-дағы коммунистік тоталитаризмнің асыра сілтеушілігіне қарсы көтерілген халық көтерілісі. Күштеп ұжымдастыру салдарынан Қазақстан аумағында орын алған 300-ден астам көтерілістің бірі. 1928 ж. күзде Сарысу ауд-ның байлары (Ықылас баласы Түсіпбек, Қонақов Әли, Кеңгөзов Ақберген, Арғынбаев Қаһу, т.б.) тәркіленді. Науқанның соңына қарай, «тәркілеуге қарсылық жасауды ұйымдастырмақ болды» деген желеумен 1928 ж. желтоқсанда Д.Әділов, Ағабек Байдуллаев, (Байсейіт Әділов оққа ұшты), 1929 ж. басында Асқар, Әбубәкір, Жолдасбай, Әбуәлі Әділовтер, Нұрлан Кәрібаев, Әкпар Ыбыраев, Мұхамедия Арғынбаев, Артықбай Әлин т.б. ел ішінде белгілі жігіттер (барлығы 16 адам) ОГПУ тарапынан ұсталды. Оларға кеңес өкіметінің өкілін өлтіруге қатысып, іс-шараларына бұрыннан кедергі келтіріп келе жатқан, «алашордашылардың басқарушы тобы үлкен міндеттер артқан»... «Әділовтің алыс Сарысу ауданындағы бандасы» деген жала жабылды. Әуелі Қызылорда, Алматы түрмелеріне, одан Мәскеудің Бутыркасына қамалып, сол жақта әйгілі «үштік» ұйғарымымен сотталды. Ал ел ішінде ірі байларды тәркілеу соңы орташа дәулеттілердің мал-мүлкін сыпырып алуға ұласты. Салық ауыртпалығын сезінбеген шаңырақ қалмады. Шолақ белсенділік үдеді. Осы жәйттер адамдардың тұрмысын қиындатып, билік шарасына наразылық сезімін арттырды. Ақыры, 1930 ж. ақпанда халық қозғалысы туды. БК(б)П Қазақ өлкелік к-тінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекин Орталық Комитеттің Бас хатшысы И.В. Сталинге 1930 ж. наурызда жолдаған құпия ақпарат-хатында Сарысу ауд-мен іргелес жатқан Созақ ауд-ндағы (екеуі де Сырдария округінде) наразылықты «ірі бұқаралық қарулы көтеріліс» ретінде бағалап, жазалаушылармен («коммунистік жасақтар») шайқаста 400-ден аса көтерілісшінің («бандит») өлгенін хабарлайды. 200-дейі тұтқынға алынған, ал көтерілісшілерден қолға түсірілген қару-жарақ саны – 70-тей мылтық, 50 шақты темір сүңгі, балта, айыр, найза, қылыш... Яғни 600 көтерілісшінің 120-сы (бестен бірі) ғана құрқол болмай, әйтеуір әлденемен қаруланған. Демек, жазалаушылар іс жүзінде қарусыз, кеңес өкіметінің бұрмалауларына өкпелі бейбіт халықты оқшашармен қырып тастаған деген деректің жаны бар. Осы шығыны мол «көтерілістің басты ошағы – тама руының ауылдары орналасқан Сарысу ауданы болды» (Т.Омарбеков). Кеңестік құпия полиция (ОГПУ) ақпараттарына қарағанда «өзін хан деп атайтын бай Сұлтанбек Шолақтың бандасы Сырдария округінің Сарысу ауд-нда (Әулиеатаның солт.-шығысында 160 км) ұйымдастырылған». Көтерілісшілердің 1930 ж. 5 ақпанда Шолаққорғанға беттегенін, одан Сарысу ауд-ның орт. Кентаралға (Түркістаннан 225 шақырым) барып, басып алмақ ниетте екенін ГПУ органдары біліп отырады. Тарлан шатқалында қолға түскен «Банатаев Қарынбай деген бандит»... «банданың белсенді әрекет етіп жатқанын растады». «Сарысу ауд. ГПУ-інің өкілі Тыныштықбаевты атыс кезінде бандиттер өлтірген». Аңқай деп ұрандаған көтерілісшілер қолынан коммунист Б.Қашқынбаев қаза тапты. Осыларға байланысты «Кентаралда нашар қаруланған 200 адамнан тұратын өзін-өзі қорғау отряды ұйымдастырылды», Сарысу ауд-н қорғауды күшейту, сонымен бірге «шешуші Созақ операциясын» өткізу шаралары қолға алынды. Созақ операциясын «табысты» аяқтаған жазалаушылар Сарысу, Талас аудна екі-екіден «коммунистік отрядтар» жіберіп, көтерілісшілерді іздестірді. Сарысулық «банда» алғашқы қақтығыста-ақ талқандалып, жетекшілері қолға түсірілді. «Сарысу ханы Серік» пен С. к-н ұйымдастырған Жантірешманов, Сараевтар «қашып кететін болғандықтан» атып тасталды. Жүздеген адам түрмеге қамалды. С. к. соңы ашаршылыққа ұласты. Ұзамай Кентаралда тұратын ешкім қалмады, ауыл қаңырап босап қалды, ал ауд. орт-ғы Саудакентке көшірілді. Соған қарағанда, мұндағы тікелей және табан астында қатал жазалау шараларының пәрменді де кең көлемде жүргізілгені аңғарылады. С. к. ресми басылды деп жарияланғаннан кейін, оған қатысты деген желеумен, жүздеген жазықсыз жанды ОГПУ-дің әйгілі «үштіктері» түрлі мерзімге абақтыға жауып, жер аударып жіберді. Олардың ішіндегі С. к-не қатысқаны үшін атылғандары жайындағы мәліметті «Азалы кітап – Книга скорби» басылымынан табуға болады. Әдеб.: Омарбеков Т., Зобалаң, А., 1994. Б. Қойшыбаев  
04.12.2012 04:48 4650

САРЫСУ КӨТЕРІЛІСІ (1930) – Сарысу ауд.-дағы коммунистік тоталитаризмнің асыра сілтеушілігіне қарсы көтерілген халық көтерілісі. Күштеп ұжымдастыру салдарынан Қазақстан аумағында орын алған 300-ден астам көтерілістің бірі. 1928 ж. күзде Сарысу ауд-ның байлары (Ықылас баласы Түсіпбек, Қонақов Әли, Кеңгөзов Ақберген, Арғынбаев Қаһу, т.б.) тәркіленді. Науқанның соңына қарай, «тәркілеуге қарсылық жасауды ұйымдастырмақ болды» деген желеумен 1928 ж. желтоқсанда Д.Әділов, Ағабек Байдуллаев, (Байсейіт Әділов оққа ұшты), 1929 ж. басында Асқар, Әбубәкір, Жолдасбай, Әбуәлі Әділовтер, Нұрлан Кәрібаев, Әкпар Ыбыраев, Мұхамедия Арғынбаев, Артықбай Әлин т.б. ел ішінде белгілі жігіттер (барлығы 16 адам) ОГПУ тарапынан ұсталды. Оларға кеңес өкіметінің өкілін өлтіруге қатысып, іс-шараларына бұрыннан кедергі келтіріп келе жатқан, «алашордашылардың басқарушы тобы үлкен міндеттер артқан»... «Әділовтің алыс Сарысу ауданындағы бандасы» деген жала жабылды. Әуелі Қызылорда, Алматы түрмелеріне, одан Мәскеудің Бутыркасына қамалып, сол жақта әйгілі «үштік» ұйғарымымен сотталды. Ал ел ішінде ірі байларды тәркілеу соңы орташа дәулеттілердің мал-мүлкін сыпырып алуға ұласты. Салық ауыртпалығын сезінбеген шаңырақ қалмады. Шолақ белсенділік үдеді. Осы жәйттер адамдардың тұрмысын қиындатып, билік шарасына наразылық сезімін арттырды. Ақыры, 1930 ж. ақпанда халық қозғалысы туды. БК(б)П Қазақ өлкелік к-тінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекин Орталық Комитеттің Бас хатшысы И.В. Сталинге 1930 ж. наурызда жолдаған құпия ақпарат-хатында Сарысу ауд-мен іргелес жатқан Созақ ауд-ндағы (екеуі де Сырдария округінде) наразылықты «ірі бұқаралық қарулы көтеріліс» ретінде бағалап, жазалаушылармен («коммунистік жасақтар») шайқаста 400-ден аса көтерілісшінің («бандит») өлгенін хабарлайды. 200-дейі тұтқынға алынған, ал көтерілісшілерден қолға түсірілген қару-жарақ саны – 70-тей мылтық, 50 шақты темір сүңгі, балта, айыр, найза, қылыш... Яғни 600 көтерілісшінің 120-сы (бестен бірі) ғана құрқол болмай, әйтеуір әлденемен қаруланған. Демек, жазалаушылар іс жүзінде қарусыз, кеңес өкіметінің бұрмалауларына өкпелі бейбіт халықты оқшашармен қырып тастаған деген деректің жаны бар. Осы шығыны мол «көтерілістің басты ошағы – тама руының ауылдары орналасқан Сарысу ауданы болды» (Т.Омарбеков). Кеңестік құпия полиция (ОГПУ) ақпараттарына қарағанда «өзін хан деп атайтын бай Сұлтанбек Шолақтың бандасы Сырдария округінің Сарысу ауд-нда (Әулиеатаның солт.-шығысында 160 км) ұйымдастырылған». Көтерілісшілердің 1930 ж. 5 ақпанда Шолаққорғанға беттегенін, одан Сарысу ауд-ның орт. Кентаралға (Түркістаннан 225 шақырым) барып, басып алмақ ниетте екенін ГПУ органдары біліп отырады. Тарлан шатқалында қолға түскен «Банатаев Қарынбай деген бандит»... «банданың белсенді әрекет етіп жатқанын растады». «Сарысу ауд. ГПУ-інің өкілі Тыныштықбаевты атыс кезінде бандиттер өлтірген». Аңқай деп ұрандаған көтерілісшілер қолынан коммунист Б.Қашқынбаев қаза тапты. Осыларға байланысты «Кентаралда нашар қаруланған 200 адамнан тұратын өзін-өзі қорғау отряды ұйымдастырылды», Сарысу ауд-н қорғауды күшейту, сонымен бірге «шешуші Созақ операциясын» өткізу шаралары қолға алынды. Созақ операциясын «табысты» аяқтаған жазалаушылар Сарысу, Талас аудна екі-екіден «коммунистік отрядтар» жіберіп, көтерілісшілерді іздестірді. Сарысулық «банда» алғашқы қақтығыста-ақ талқандалып, жетекшілері қолға түсірілді. «Сарысу ханы Серік» пен С. к-н ұйымдастырған Жантірешманов, Сараевтар «қашып кететін болғандықтан» атып тасталды. Жүздеген адам түрмеге қамалды. С. к. соңы ашаршылыққа ұласты. Ұзамай Кентаралда тұратын ешкім қалмады, ауыл қаңырап босап қалды, ал ауд. орт-ғы Саудакентке көшірілді. Соған қарағанда, мұндағы тікелей және табан астында қатал жазалау шараларының пәрменді де кең көлемде жүргізілгені аңғарылады. С. к. ресми басылды деп жарияланғаннан кейін, оған қатысты деген желеумен, жүздеген жазықсыз жанды ОГПУ-дің әйгілі «үштіктері» түрлі мерзімге абақтыға жауып, жер аударып жіберді. Олардың ішіндегі С. к-не қатысқаны үшін атылғандары жайындағы мәліметті «Азалы кітап – Книга скорби» басылымынан табуға болады.
Әдеб.: Омарбеков Т., Зобалаң, А., 1994.

Б. Қойшыбаев
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға