Жаңалықтар

Көш

әфсана 
03.03.2015 10:17 5600

әфсана 
Ақиқатты тану - өте қиын, ал оны айта білу – одан да қиын Қасиетті Хадистен. 

Қуарған қу даланы шаңға көміп, ұзыннан - ұзақ шұбатылған көш келеді. Ат мінген, түйеге жүк артқан, жаяу – жалпылаған адамдар көші. 
Алдыңғы жақтағы қатарынан сегіз ат парлай жегілген алтын күймеде осы көштің көшбасшысы Малбұқа көсем қалғып – мүлгіп отыр. Қасындағы айдай сұлу жас тоқалы сырттағы түр – тұлғасы келіскен жас уәзірге сүзіле қарап, терезеге телміре түседі. Сезікті секірер дегендей, қайта - қайта күйеуіне көз қиығын салып қояды. Алдарында қасқалдақтың қаны құйылған құмыра мен алтын табаққа салынған құлжаның басы тұр. 
Одан кейінгі алты ат парлап жегілген күміс күймеде көсемнің қалған үш әйелі үш жаққа қарап, бір – біріне ләм – мим деп тіл қатпастан томсырая тымырайып отыр. Ал төрт ат парлай жегілген қола күймеге жайғасқан балалары бір – бірімен айтысып – тартысып, ұлардай улап – шулап барады. Оларды жақсы ат мініп, оқалы киім киінген атқамінерлер жағалай қоршап, қоғадай жапырыла қолпаштап, шашпауларын көтеріп келеді. Бұл топтың сән – салтанаты да, түр-тұрпаттары да, киім киістері де кейінгілерден мүлде бөлек. Өздерінше мәз – мейрам, қағанақтары қарық, сағанақтары сарық. Жымпима мысықтай жымиыстарынан сымсыма зымияндықтың белгісі сезіледі, қорқау қасқырлардай алақ – жұлақ еткен көздерінен аярлық пен арсыздықтың ұшқыны менмұндалайды. Жан-жақтарында сауыт киіп, сайман асынған қарауылдар қалбаң қағып, далбаңдай шапқылап жүр. 
Езулері екі құлақтарына жетіп, дабырлай қауқылдасқан осы топтың соңын ала қара нөпір қалың бұқара келеді. Олардың көздерінен мұң, жүздерінен уайым, кескін-келбеттерінен шаршап-шалдыққандары анық аңғарылады. Қабақтары салыңқы тартып, кірпіктерін кіреуке жапқан. Бәрі де жүдеу-жадау, аш – жалаңаш. Бастары салбырап кеткен, алға басқан аяқтары артқа кеткендей, құр сүлделерін сүйретіп, әзер-пәзер қозғалады. 
Көштің бел ортасында құла биеге мінген дана қарт пен күрең тайға қонжиған он үш жасар бала келеді. Баланың таңдайы тақылдап, ауызы жабылар емес. Ақ ша

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға