Астанада өтіп жатқан «Менің Қазақстаным» V Жалпыұлттық Қазақстан патриоттары форумында ҚР мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның іргесін өз қолымен қалағанын атап өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Көшбасшы алдағы 50, 100 жылда не болатынын болжап қана қоймайды, халқын соған сендіре біледі, иландыра біледі. АҚШ-та, басқа да өркениетті елдерде Президент күнін атап өту дәстүрі қалыптасқан және мемлекеттің негізін салушыларды ұлттың ұйытқысы ретінде бағалау дәстүрі бар», - деген Д.Мыңбай оған бірнеше мысал келтірді.
Оның айтуынша, Джордж Вашингтон, Джон Адамс, Томас Джефферсон, Джеймс Мэддисон, Александр Гамильтон, Бенджамин Франклин сияқты алуан түрлі айтулы тұлғалар АҚШ-тың негізін салған.
«Ал Қазақстанның іргесін Тұңғыш Президент, Елбасы, Қазақстанды, қазақ халқын әлемге танытқан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз қолымен қалады. Сондықтан да ол – Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған дара тұлға. Тұңғыш Президентіміздің күні құтты болсын!», - деді министр.
Д. Мыңбай: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның іргесін өз қолымен қалады
Оқи отырыңыз
12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев23 Сәуір, 17:09
Ерте қартайған Нұржан: Бір кездері ел шулаған тағдыр бүгінде қалай өзгерді?23 Сәуір, 11:31
Қазақстандағы ең ерекше кітапханалар: тарихы мен бүгінгі келбеті