Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүлден хат келді, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
А.Гүл Қазақстан Президентін Астананың ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесін өткізу құқығына дауыс берудегі сенімді жеңісімен құттықтады.
Ол мұндай ауқымды іс-шараны өткізу түркі халықтарының өзара қолдауының артуына мүмкіндік беретінін атап өткен. Халықаралық көрме тұңғыш рет мұсылман елінде өтпек.
Түркия Президенті көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталуы маңызды екенін атап көрсеткен.
«Аталған тақырып халықаралық қауымдастықты барған сайын толғантуда және осы өзекті мәселеге қатысты жаһандық пікір алмасулар болашақта арта түседі» делінген хатта.
Автор бауырлас Қазақстан халқы осы аса маңызды халықаралық іс-шараны жоғары деңгейде жүзеге асыратынына сенім білдіреді.
Хат соңында А.Гүл Мемлекет басшысына денсаулық және бақыт, ал достас халыққа құт-береке және өсіп-өркендеу тілейді.
А.Гүл: Астанадағы ЭКСПО түркі халықтарының өзара қолдауының артуына мүмкіндік береді
Оқи отырыңыз
14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды