Петропавлда Тұңғыш Президент залы ашылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Бүгін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында облыстық тарихи-өлкетану музейінде жаңа Тұңғыш Президент залы ашылды. Залдың ашылуына облыс әкімі Серік Біләлов, ардагерлер қатысты.
Мемлекет басшысының әр жылдардағы өмірі мен қызметінен сыр шертетін экспозиция 6 бөлімнен тұрады. Н.Назарбаевтың отбасы, мектептегі жылдары, еңбек жолының басталуы, қалыптасу кезеңі туралы фотосуреттер қойылған. Жас елорда – Астананың құрылысына үлкен көңіл бөлінген. Залдың ортасында «Бәйтерек» ілініп тұр.
Президенттің тағдыры Қазақстанның кейінгі жылдардағы тарихымен үндес. Залда тамаша экспонаттар да бар.
Теледидардан «ҚР Президенті Телерадиокешені», «Қазақфильм», «Хабар», «Қазақстан-Петропавл» телеарналары түсірген фильмдерді көруге болады.
Музей қызметкерлері Президенттің облысқа жасаған сапарлары туралы фотоальбом жасады.
Петропавлда Тұңғыш Президент залы ашылды
Оқи отырыңыз
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?