Павлодарда Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жастар ұйымдары» республикалық қоғамдық бірлестігіне екі мың оқушыны салтанатты қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Мен өз елімнің патриотымын. Бұл тамаша ұйымның қатарына қосылған барлық оқушыларды құттықтаймын. Барша қауымды өз Отанын сүюге және патриот болуға шақырамын», - деді Павлодар қаласындағы №35 мектептің 3 сынып оқушысы Балнұр Қоматова.
Білім бөлімінің мәліметінше, желтоқсанда республика Тәуелсіздігі күні қарсаңында «Жас Ұланға» Павлодардың тағы 10 мың оқушы – халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық олимпиадада, ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен спорттық жарыстарда, шығармашылық конкурстарда жүлделі орынға ие болған дарынды балалар, сонымен қатар мектептегі өзін-өзі басқару органдарының көшбасшылары кіреді.
Тұңғыш Президент күні қарсаңында Павлодардың екі мың оқушысы «Жас Ұланға» қабылданды
Оқи отырыңыз
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады