Жаңалықтар

Сынағыштың сазайы

       Ол сынай беретін, сынай беретін. Газеттерді ашып қалса да - сол, теледидарды басып қалса да - сол...  Жиналыстарға бара қалса да сол... Қайда болса да сол... Жағы тымбастың өзі. Сөзі бітпестің өзі. «Ұятсызға дауа жоқ». Оны естіген сайын осы сөзді ішінен қайталап қоятын да, жүре беретін. Әйтеуір бір жағы семер деп ойлап... Сөйтсе тоқтайтын ол ма! Қайта күннен-күнге үдетіп барады. Газеттерді ашып қалса да, теледидарды басып қалса да... Симпозиум, конференцияларда да... Содан ойланды. Көп ойланды. «Бұған не дауа бар?..» Көп күн басы қатып жүр еді. Бір жолы жұмыс кабинетінде жалғыздан-жалғыз отырып, әлгі сынағышты тағы да есіне алған. Демалыс күні еді. Ешкім мазаламайтын күн. Өзіне ғана тиесілі күн. Сонда да жұмыста. Есіне әлгі «сынағыш досы» түсіп отыр. Сынаудың да сынауы бар. Жөнімен, ретімен сөз айтылса, оған уәж жоқ. Реніш те болмайды. Кемшілігің айтылса, оның астарында шын сын жатса, ренжіп не керек. Ондайларға ренжімеу керек, қайта кемшілігіңді дер кезінде айтқаны үшін рахмет айтса да артық емес. Ал, мынау... «тисе терекке, тимесе бұтаққа»... Бұл не сонда?.. Ойлана-ойлана келе, сол сынағыш жігітті өзіне шақыруға бел байлады. Бетпе-бет отырып сөйлеспек. Сынама демейді, сына дейді. «Сынай бер, бірақ шындықты айт. Сонда мен ренжімеймін...» Осыны айтпақ болды. Келесі күні әлгі «сынағыш» досы сүмең етіп кіріп келе жатты. Бұл оны шақыртуын шақыртқанмен, артынан ойлаған: «Әй, ол кім сонша, мені шақырып алатындай, мен қайтемін оны, бармаймын» деп бұлданар, келмей қояр деген. «Көргісі келсе, сөйлескісі келсе өзі неге келмейді. Мен неге баруым керек. Осы сөзімді айт оған» деген жауап аламын ба деп күдіктеніп еді. Сөйтсе... Сөзді шақырған соң өзі бастады. Қысқа қайыруға тырысты, «сынағаның дұрыс, бірақ жөнімен айт, арға тиме» деді. Анау да есе жібермеді. «Қай жерім дұрыс емес, айтыңыз кәні» дейді. «Ана жолғы жазғаның сәл-пәл қиғаштау. Оның анығы мынадай». «Кешегі бір сөзіңде былай дедің. Оның да нысанаға дөп тиіп жатқан жоқ. Шындығынан гөрі өсегі басымдау...» Сынағыш досы енді жатып келіп дауласар, айтысар деп еді, бірақ өйткен жоқ. «Енді... сынасақ оның да астарында бір шындық бар ғой, жел тұрмаса шөп басы қимылдай ма» деп, күмілжігендей болды. Атылып тұрған жоқ. Әлгіндегідей емес, бұның ыңғайына көне бастағандай. Бұның да күткені сол еді. Енді қатты кете бермейін деді. Сосын... Сосын оған «өз жағдайың қалай, үй іші, отбасы дегендей, пәтер жағы дұрыс па?» деп сөз бастап еді, анау «ойбай, қайбір жағдай бар дейсің, пәтерден қиналып жүрмін» деп зар қақты. Бұл көмекшісін шақырды. «Мына азамат көп қиналып жүр екен, пәтер жағын шешуге көмек көрсетейік, ертең есіме сал» деді. Сол-ақ екен ана «сынағыш» мүлде өзгерді. Енді бұны көзінше мақтай бастады. «Сізді көп кісілер түсінбей жүр, мықтылығыңызды білсе де, әдейі қисайып, кері тарта сөйлейді» деп соқты. Оның сыры деп-демде ашылды. Жылы қоштасып, шығарып салды. Міне, содан бері бұның құлағы тыныш. Газеттерді ашып қалса да, теледидарды басып қалса да ол жоқ. Жиналыстарда да көрінбейді... Мұндайда қазақ айтқан: «Таспен ұрғанды аспен ұр». Ал, Елес айтады: «Өмірде бәрі де бола береді.» Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы
19.11.2013 05:18 2954

       Ол сынай беретін, сынай беретін.

Газеттерді ашып қалса да - сол, теледидарды басып қалса да - сол...  Жиналыстарға бара қалса да сол... Қайда болса да сол... Жағы тымбастың өзі. Сөзі бітпестің өзі. «Ұятсызға дауа жоқ». Оны естіген сайын осы сөзді ішінен қайталап қоятын да, жүре беретін. Әйтеуір бір жағы семер деп ойлап... Сөйтсе тоқтайтын ол ма! Қайта күннен-күнге үдетіп барады.

Газеттерді ашып қалса да, теледидарды басып қалса да... Симпозиум, конференцияларда да...

Содан ойланды. Көп ойланды. «Бұған не дауа бар?..»

Көп күн басы қатып жүр еді.

Бір жолы жұмыс кабинетінде жалғыздан-жалғыз отырып, әлгі сынағышты тағы да есіне алған. Демалыс күні еді. Ешкім мазаламайтын күн. Өзіне ғана тиесілі күн. Сонда да жұмыста. Есіне әлгі «сынағыш досы» түсіп отыр. Сынаудың да сынауы бар. Жөнімен, ретімен сөз айтылса, оған уәж жоқ. Реніш те болмайды. Кемшілігің айтылса, оның астарында шын сын жатса, ренжіп не керек. Ондайларға ренжімеу керек, қайта кемшілігіңді дер кезінде айтқаны үшін рахмет айтса да артық емес. Ал, мынау... «тисе терекке, тимесе бұтаққа»... Бұл не сонда?..

Ойлана-ойлана келе, сол сынағыш жігітті өзіне шақыруға бел байлады. Бетпе-бет отырып сөйлеспек. Сынама демейді, сына дейді. «Сынай бер, бірақ шындықты айт. Сонда мен ренжімеймін...» Осыны айтпақ болды.

Келесі күні әлгі «сынағыш» досы сүмең етіп кіріп келе жатты. Бұл оны шақыртуын шақыртқанмен, артынан ойлаған: «Әй, ол кім сонша, мені шақырып алатындай, мен қайтемін оны, бармаймын» деп бұлданар, келмей қояр деген. «Көргісі келсе, сөйлескісі келсе өзі неге келмейді. Мен неге баруым керек. Осы сөзімді айт оған» деген жауап аламын ба деп күдіктеніп еді. Сөйтсе...

Сөзді шақырған соң өзі бастады. Қысқа қайыруға тырысты, «сынағаның дұрыс, бірақ жөнімен айт, арға тиме» деді. Анау да есе жібермеді. «Қай жерім дұрыс емес, айтыңыз кәні» дейді.

«Ана жолғы жазғаның сәл-пәл қиғаштау. Оның анығы мынадай».

«Кешегі бір сөзіңде былай дедің. Оның да нысанаға дөп тиіп жатқан жоқ. Шындығынан гөрі өсегі басымдау...»

Сынағыш досы енді жатып келіп дауласар, айтысар деп еді, бірақ өйткен жоқ. «Енді... сынасақ оның да астарында бір шындық бар ғой, жел тұрмаса шөп басы қимылдай ма» деп, күмілжігендей болды. Атылып тұрған жоқ. Әлгіндегідей емес, бұның ыңғайына көне бастағандай. Бұның да күткені сол еді. Енді қатты кете бермейін деді. Сосын... Сосын оған «өз жағдайың қалай, үй іші, отбасы дегендей, пәтер жағы дұрыс па?» деп сөз бастап еді, анау «ойбай, қайбір жағдай бар дейсің, пәтерден қиналып жүрмін» деп зар қақты.

Бұл көмекшісін шақырды. «Мына азамат көп қиналып жүр екен, пәтер жағын шешуге көмек көрсетейік, ертең есіме сал» деді. Сол-ақ екен ана «сынағыш» мүлде өзгерді. Енді бұны көзінше мақтай бастады. «Сізді көп кісілер түсінбей жүр, мықтылығыңызды білсе де, әдейі қисайып, кері тарта сөйлейді» деп соқты.

Оның сыры деп-демде ашылды.

Жылы қоштасып, шығарып салды.

Міне, содан бері бұның құлағы тыныш.

Газеттерді ашып қалса да, теледидарды басып қалса да ол жоқ. Жиналыстарда да көрінбейді...

Мұндайда қазақ айтқан: «Таспен ұрғанды аспен ұр».

Ал, Елес айтады: «Өмірде бәрі де бола береді.»

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға