Қостанай облысының полицейлері Тұңғыш Президент күніне орай журнал шығарды. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне облыстық ІІД департаментінің баспасөз хатшысы Елена Кашарина әңгімелеп берді.
«Бұл арнайы шығарылған журнал. Одан Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы аясында полицейлердің атқарған жұмысы туралы көруге, оқуға болады. Өйткені Мемлекет басшысының қойған басым міндеттерінің бірі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Редакциялық топтың жұмысын Қостанай облысы ІІД бастығы полиция полковнигі Тілеген Мәткенов жеке өзі басқарды», - деп атап өтті ол.
Оның сөзіне қарағанда, басылымда құқық қорғау органдарының мемлекетпен бірге өткен қалыптасу кезеңіне ерекше назар аударылған.
«Бүгінде полицияның жұмысына заманауи технологиялар енгізіліп, қайта оқыту ұйымдастырылды. Ол полиция қызметкерлерін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың психологиясын толығымен өзгертті», - деп қорытындылады Е.Кашарина.
Қостанай облысының полицейлері Тұңғыш Президент күніне орай журнал шығарды
Оқи отырыңыз
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады