Алматыда «Өрлеу» Ұлттық мұғалімдердің біліктілігін көтеру орталығында «Тәуелсіздік. Ұлт көшбасшысы. Ұлттық бірлік» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Конференцияда Қазақстан тәуелсіздігін баянды етуде Елбасының алатын орны мен білім беру саласындағы көптілділік бағдарламасының маңызы, Назарбаев зияткерлік мектебінің дарынды балаларды тәрбиелеуде алатын орны жайлы айтылды.
«Қазіргі білім беру саласындағы оқытушының рөлі өзгеше. Мұғалім өзіне деген сыни көзқарасты ұштап, оқыту барысында ақпараттық технологияларды қолдана білуі қажет. Дарынды балалармен жұмыс жасауда да біліктілік қажет. 12-жылдық білім беру саласында ұстаз менеджмент заңдылықтарын және психологиялық-педагогикалық білімді меңгергені жөн. Осындай біліктілікті талап ететін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың білім берудегі жаңа идеяларлары Назарбаев зияткерлік мектептері жүйесінде көрініс тауып отыр», - деді «Өрлеу» АҚ Алматыдағы бөлімшесінің директоры Раушан Ахмедова.
Алматыда Назарбаев оқулары өтті
Оқи отырыңыз
12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев23 Сәуір, 17:09
Ерте қартайған Нұржан: Бір кездері ел шулаған тағдыр бүгінде қалай өзгерді?23 Сәуір, 11:31
Қазақстандағы ең ерекше кітапханалар: тарихы мен бүгінгі келбеті