Жаңалықтар

Соғыстың ақыры

Кезінде детективтің атасы болып саналатын әйгілі ағылшын Конан Дойль өзінің кейіпкері Шерлок Холмс жайындағы хикаясын күрмеп, нүктесін қойғанда, оқырманнан, әңгімені ары қарай жалғастырсаңыз деген талап-тілек жауып кетіпті. Біз де сондай күйде отырмыз. Тұмар әже мен Құрыш патшаның соғысын әңгіме еткен көлемді мақала («ЕҚ», «Қондыгер-қаңлы», 8-11 қаңтар, 2013 ж.) оқырманның көңілінен орын тауыпты. Көптеген, мүлдем танымайтын адамдар осы тарихи баянды ары қарай жалғастырсаңыз екен. Тұмар әжеміздің, Қаңлы әулетінің одан кейінгі тағдырын білгіміз келеді деп тілек айтты.  Совет заманында, орасан идеологиялық зорлық-зомбылықтың кесірінен қазақ тарихи мектебі қалыптаса алмай қалды. Сол себепті, тек қазақ оқырманына ғана бағышталған бұл шағын еңбекті жазғанда, басынан теңдесі жоқ даңқты тарих кешкен ұлы нәсілдің бүгінгі ұрпақтары, қалай болғанда да шындықты білуі керек, ақиқатты тануы керек деген ой ғана тұрды көкірегімізде. Айта кетейін, алдыңғы мақаладағыдай, әңгіменің жалғасында да Көне Дүние және Ілкі Дәстүр жайлы болашақта жазбақ кітабымның мәлімет кешенінен біраз қазына оқырманның сарабына салынады. Сонымен, біздің дәуірімізге дейінгі тарихтың 529 жылы қондыгер-қаңлының әскері Құрыш патша бастап келген бүкіл әлемнің біріккен армиясын талқандады дедік. Осылайша, парсы империясының күйреуі басталды. Соғыстан кейін көшпенділер ұлан-ғайыр той жасайды. Тойдан соң бүкіл қондыгер-қаңлының көсемдері қатысқан үлкен әскери кеңес болыпты. Бұл кеңеске қаңлының ең әулетті руларының бірі – қамбар ғана қатыспаған екен. Осы жерде кейінгі хұн, түрік және қазақпен басқа түрік халықтарының негізі болған қаңлы (скиф) руларын атап кеткенді жөн көрдік. Әрине, қаңлының қайсысы болса да, нәсілі басқа халықтарға патша үлестіре алады. Алайда, қаңлының өз ішінде жолы бәрінен үлкен бас әулет немесе ру болған. Ол – қисары руы. Қаңлы елінің өз патшалары тек қана осы қисарыдан сайланады екен. Ал Тұмар әжеміздің осы рудан екендігін ескерсек, онда қисары, грек жәдігерлеріндегі массагетке сәйкес келеді. Сондай-ақ, байырқу, сарын, ителі, таз, тоқар, қамбар, кердері, жұла, баят, баян, баятан, тебен, күшік деген рулар аталады. Грек және басқа халықтардың жәдігерлерінде айтылатын исседон, тиграхау­да сияқты рулар, бұл аталған аталықтардың қайсысына сәйкес келетінін білмейміз. Тек тоқар руының аты танылатын сияқты. Ал, хаумаварга – жоғарыда аталған қамбар руына сәйкес келеді. Әскери кеңесте Тұмар әжеміз енді парсыны не істейміз деген сауал қояды. Ақырында барлық әскербасылар ақылдаса келе парсыны жаулау керек деп шешкен екен. Көп ұзамай 20 мың қаңлының әскерін бастаған Оғланерек деген қолбасшы парсының жеріне басып кіреді. Иранның ескі тарихында парсы империясының астанасы Пасарғады деп аталады. Қаңлының көне тілінде бұл қала Иранбақ деп аталған. Оғланерек құрылтайдың тапсырмасын бұлжытпай орындап, Құрыштың бүкіл тұқымын қырып салады, Камбиз бен Бардия деген екі баласын өлтіреді. Содан соң, сарай төңірегіндегі Гуштасп деген құлдың Дарьяуш есімді баласын таққа отырғызады. Құрыштың әйелі Жаһанбану патшайымды алдына келтіріп, сен енді Дарьяуш (Дарий) патшаның әйелі боласың дейді. Алайда, күйеуі мен екі баласының қайғысына төзбеген Жаһанбану у ішіп өледі. Ахемен династиясының негізін қалаған, нәсілі қаңлы Құрыштың әулеті өз өмірін осылай аяқтаған екен. Асқар Сүлейменовтің айтқаны бар, «Ұзақ жасаған өтірік – шындыққа айналады, ұзақ жасаған шындық, қартайып, өтірікке айналады» деп. Бірде, совет заманында жазылған бір тарихи зерттеуді ақтарып, қарап отырып «парсының ресми тарихнамасында қалыптасқан дәстүр бойынша» деген бір сөзді көзім шалып қалды. Шынымды айтайын, өз көзіме сенбедім. Анықтап қайтадан оқыдым. Шынында да солай екен. Парсының ресми тарихнамасында шындықты бейнелеудің, пайымдаудың ерекше «дәстүрі» бар екен. Міне, сұмдық қайда жатыр! Тарихи шындықты жеткізудің дәстүрі бар болса – ол, болғанды сол болған күйінде жазу, келер ұрпаққа барды барша айтып беру. «Пәлен немесе түген елдің ресми тарихнамасында қалыптасқан, тарихи шындықты бейнелеудің дәстүрінің» тамырын қуалайтын болсаңыз, бүкіл әлемдік апаттан соң Ілкі Дәстүрдің күйреуінен кейінгі заңсыз егемендіктер дәуіріне барып тірелесіз. Ұлттық мемлекеттердің мүддесін көздеген тарихты бейнелеудің «дәстүрлері» осы кезде пайда болған. Біз тарих аңғарында түрлі вариант-нұсқада мәңгі қайталанып отыратын, айнымайтын, өзгермейтін тарихи архетиптерді шырамыта алмаймыз, архетип пен «наманың» арасын ажырата алмаймыз. Архетип – адам санасының структурасынан та­мыр тартады, ол – адамның тарих сахнасындағы әдеп­­кі істерінің көрінісі. Архетип, «адам осылай іс­­­­тей­ді, себебі, адам өзгермейді» деп баян етеді. Яғ­ни, шындықты, психологиялық шындықты айтады. Ал, «нама» (мысалы, «Шәйбани – нама») – көп жағдайда әлдебір әулеттің, әлдебір патшалық династияның аңызбен астас тарихын бейнелейді. Яғни, үстем тарихи мектептер көп жағдайда «наманы» ғылымиландырып «тарихи шындыққа» айналдырады. Мысалы, парсы империясының сая­си тарихы туралы оқулықтарда, Құрыш өлгеннен соң, оның баласы Камбиз патша болды, содан соң, келесі жылы-ақ (яғни, б.д.д. 530 жылы) тағы да соншама әскермен Дәштіге жорыққа аттанды, скиф­терді қырып-жойып бағындырды, осылайша әке­сінің кегін алды деп жазылады. Яғни, бүкіл қарулы күштері толықтай жойылған империя тағы да жарты миллион әскер шығарады (Оны қайдан алды екен!). Әскерді, сол б.д.д. 529 жылы, әкесі Құрыштан көп болса бір ай кеш өлтірілген Камбиз басқарады! Тағы бір кітапта Дарьяуш (Дарий Гуштасп) соншама әскермен, ол да Дәштіге жорыққа шығады, бірақ жолы болмай, скифтерді таба алмай еліне қайтады. Яғни, Тұмар әже таққа отырғызған, қон­ды­­гер-қаңлының қуыршағы Дарьяуш өзін билікке жеткізген елді шабуға аттанады! Міне, құрметті ағайын, парсының (бүгінгі Иранның) «ресми тарихнамасында қалыптасқан тарихты таңбалаудың дәстүрі» дегеніңіз осы. Парсының тас кітаптарында мынадай бір сурет бар. Дарий (Дарьяуш) патша тақта отыр. Алдында мойындарынан жіпке тізілген адамдар. Парсының «тарихнамасындағы ресми дәстүрге» сәй­кес «пайымдаулар» бойынша, Дарьяуш – әлем­­­­­­нің падишасы екен. Ал, мойындарынан жіпке тізіл­­ген бейшаралар оның қол астындағы халықтар екен. Дарьяушқа құлдық ұрып, оған бағынғандығын аян етуге келіпті. Бүгінде, Иранның ұяты бар кейбір ғалымдары бұл тас сурет наурызды тойлауға келген халықтардың бейнесі екенін айтады. Яғни, көктем сайын тіріліп отыратын Таммуз құдайдың бейнесі Дарьяуштың бейнесі деп айтылып, аталмыш ертегі «тарихнамада қалыптасқан дәстүр» бойынша ғасырлар бойы қайталанып, ақырында «тарихи шындыққа» айналып кеткен. Әрине, осы қалыпша өтіріктің ішінде шындық та бар екенін мойындау керек. Қаңлылар парсыны жаулағаннан кейін бір тосын оқиға болады. Күндердің күнінде, Құрыштың ұлы Бардия өлмепті, тірі екен, көп әскермен «әкемнің тағын алам» деп Иранбаққа келе жатыр екен деген хабар жетеді. Қаңлылар алғашында бұны дақпырт, қауесет деп ойлайды. Бірақ, әңгіме басылмайды. Ақырында барлаушылар хабарды растайды. Бір адам шынында да, көп әскер жинап астанаға қарай келе жатқаны анықталады. Үш мыңдай қаңлының әскері «әкесінің тағын алуға» келе жатқан «патшазаданы» қазіргі Ирактың, бұрынғы Вавилонның жерінде қарсылайды. Бұл елді дүрліктіріп келе жатқан Гаумата есімді сахаба еді. Аннан-мыннан жинаған бірнеше мың «әскері» бар. Қаңлылар алғашында күліп, ақымақ сахабаға, оның соңынан ерген ақымақ тобырға істің жайын түсіндірмек болады. Райларыңнан қайтыңдар, Бардия да, Камбиз де баяғыда өлген, парсының қазіргі патшасы Дарьяуш, соған бағыныңдар, ақымақ болмаңдар дейді. Бірақ, Гаумата көнбейді, ал оның соңынан ерген «әскері» өздерінің соғысуға даяр екенін айтады. Қаңлылар, амал жоқ, қаруларын суырады. Қанды жебе бір көміп өткенде Гауматаның «армиясы» жалбарынып жерге жата кетіпті. Сонымен, Гаумата қол-аяғы кісенделіп астанаға жеткізіледі. Осы жерде қаңлылар, бүкіл империяның ақсүйек элитасын жинап, солардың көзінше Гауматаның басын шабады. Жиналғандарға, осындай бұлғақшыл адам, Дарьяуштың билігіне қарсы үгіт-насихат жүргізсе, сол жерде ұстап, біздің қолымызға табыстаңдар деп тапсырады.  Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ
14.11.2013 04:40 3832

Кезінде детективтің атасы болып саналатын әйгілі ағылшын Конан Дойль өзінің кейіпкері Шерлок Холмс жайындағы хикаясын күрмеп, нүктесін қойғанда, оқырманнан, әңгімені ары қарай жалғастырсаңыз деген талап-тілек жауып кетіпті. Біз де сондай күйде отырмыз. Тұмар әже мен Құрыш патшаның соғысын әңгіме еткен көлемді мақала («ЕҚ», «Қондыгер-қаңлы», 8-11 қаңтар, 2013 ж.) оқырманның көңілінен орын тауыпты. Көптеген, мүлдем танымайтын адамдар осы тарихи баянды ары қарай жалғастырсаңыз екен. Тұмар әжеміздің, Қаңлы әулетінің одан кейінгі тағдырын білгіміз келеді деп тілек айтты. 

Совет заманында, орасан идеологиялық зорлық-зомбылықтың кесірінен қазақ тарихи мектебі қалыптаса алмай қалды. Сол себепті, тек қазақ оқырманына ғана бағышталған бұл шағын еңбекті жазғанда, басынан теңдесі жоқ даңқты тарих кешкен ұлы нәсілдің бүгінгі ұрпақтары, қалай болғанда да шындықты білуі керек, ақиқатты тануы керек деген ой ғана тұрды көкірегімізде.
Айта кетейін, алдыңғы мақаладағыдай, әңгіменің жалғасында да Көне Дүние және Ілкі Дәстүр жайлы болашақта жазбақ кітабымның мәлімет кешенінен біраз қазына оқырманның сарабына салынады.

Сонымен, біздің дәуірімізге дейінгі тарихтың 529 жылы қондыгер-қаңлының әскері Құрыш патша бастап келген бүкіл әлемнің біріккен армиясын талқандады дедік. Осылайша, парсы империясының күйреуі басталды.
Соғыстан кейін көшпенділер ұлан-ғайыр той жасайды. Тойдан соң бүкіл қондыгер-қаңлының көсемдері қатысқан үлкен әскери кеңес болыпты. Бұл кеңеске қаңлының ең әулетті руларының бірі – қамбар ғана қатыспаған екен. Осы жерде кейінгі хұн, түрік және қазақпен басқа түрік халықтарының негізі болған қаңлы (скиф) руларын атап кеткенді жөн көрдік. Әрине, қаңлының қайсысы болса да, нәсілі басқа халықтарға патша үлестіре алады. Алайда, қаңлының өз ішінде жолы бәрінен үлкен бас әулет немесе ру болған. Ол – қисары руы. Қаңлы елінің өз патшалары тек қана осы қисарыдан сайланады екен. Ал Тұмар әжеміздің осы рудан екендігін ескерсек, онда қисары, грек жәдігерлеріндегі массагетке сәйкес келеді. Сондай-ақ, байырқу, сарын, ителі, таз, тоқар, қамбар, кердері, жұла, баят, баян, баятан, тебен, күшік деген рулар аталады. Грек және басқа халықтардың жәдігерлерінде айтылатын исседон, тиграхау­да сияқты рулар, бұл аталған аталықтардың қайсысына сәйкес келетінін білмейміз. Тек тоқар руының аты танылатын сияқты. Ал, хаумаварга – жоғарыда аталған қамбар руына сәйкес келеді.
Әскери кеңесте Тұмар әжеміз енді парсыны не істейміз деген сауал қояды. Ақырында барлық әскербасылар ақылдаса келе парсыны жаулау керек деп шешкен екен. Көп ұзамай 20 мың қаңлының әскерін бастаған Оғланерек деген қолбасшы парсының жеріне басып кіреді. Иранның ескі тарихында парсы империясының астанасы Пасарғады деп аталады. Қаңлының көне тілінде бұл қала Иранбақ деп аталған. Оғланерек құрылтайдың тапсырмасын бұлжытпай орындап, Құрыштың бүкіл тұқымын қырып салады, Камбиз бен Бардия деген екі баласын өлтіреді. Содан соң, сарай төңірегіндегі Гуштасп деген құлдың Дарьяуш есімді баласын таққа отырғызады. Құрыштың әйелі Жаһанбану патшайымды алдына келтіріп, сен енді Дарьяуш (Дарий) патшаның әйелі боласың дейді. Алайда, күйеуі мен екі баласының қайғысына төзбеген Жаһанбану у ішіп өледі. Ахемен династиясының негізін қалаған, нәсілі қаңлы Құрыштың әулеті өз өмірін осылай аяқтаған екен.
Асқар Сүлейменовтің айтқаны бар, «Ұзақ жасаған өтірік – шындыққа айналады, ұзақ жасаған шындық, қартайып, өтірікке айналады» деп.
Бірде, совет заманында жазылған бір тарихи зерттеуді ақтарып, қарап отырып «парсының ресми тарихнамасында қалыптасқан дәстүр бойынша» деген бір сөзді көзім шалып қалды. Шынымды айтайын, өз көзіме сенбедім. Анықтап қайтадан оқыдым. Шынында да солай екен. Парсының ресми тарихнамасында шындықты бейнелеудің, пайымдаудың ерекше «дәстүрі» бар екен. Міне, сұмдық қайда жатыр!
Тарихи шындықты жеткізудің дәстүрі бар болса – ол, болғанды сол болған күйінде жазу, келер ұрпаққа барды барша айтып беру.
«Пәлен немесе түген елдің ресми тарихнамасында қалыптасқан, тарихи шындықты бейнелеудің дәстүрінің» тамырын қуалайтын болсаңыз, бүкіл әлемдік апаттан соң Ілкі Дәстүрдің күйреуінен кейінгі заңсыз егемендіктер дәуіріне барып тірелесіз. Ұлттық мемлекеттердің мүддесін көздеген тарихты бейнелеудің «дәстүрлері» осы кезде пайда болған. Біз тарих аңғарында түрлі вариант-нұсқада мәңгі қайталанып отыратын, айнымайтын, өзгермейтін тарихи архетиптерді шырамыта алмаймыз, архетип пен «наманың» арасын ажырата алмаймыз.
Архетип – адам санасының структурасынан та­мыр тартады, ол – адамның тарих сахнасындағы әдеп­­кі істерінің көрінісі. Архетип, «адам осылай іс­­­­тей­ді, себебі, адам өзгермейді» деп баян етеді. Яғ­ни, шындықты, психологиялық шындықты айтады.
Ал, «нама» (мысалы, «Шәйбани – нама») – көп жағдайда әлдебір әулеттің, әлдебір патшалық династияның аңызбен астас тарихын бейнелейді.
Яғни, үстем тарихи мектептер көп жағдайда «наманы» ғылымиландырып «тарихи шындыққа» айналдырады. Мысалы, парсы империясының сая­си тарихы туралы оқулықтарда, Құрыш өлгеннен соң, оның баласы Камбиз патша болды, содан соң, келесі жылы-ақ (яғни, б.д.д. 530 жылы) тағы да соншама әскермен Дәштіге жорыққа аттанды, скиф­терді қырып-жойып бағындырды, осылайша әке­сінің кегін алды деп жазылады. Яғни, бүкіл қарулы күштері толықтай жойылған империя тағы да жарты миллион әскер шығарады (Оны қайдан алды екен!). Әскерді, сол б.д.д. 529 жылы, әкесі Құрыштан көп болса бір ай кеш өлтірілген Камбиз басқарады!
Тағы бір кітапта Дарьяуш (Дарий Гуштасп) соншама әскермен, ол да Дәштіге жорыққа шығады, бірақ жолы болмай, скифтерді таба алмай еліне қайтады. Яғни, Тұмар әже таққа отырғызған, қон­ды­­гер-қаңлының қуыршағы Дарьяуш өзін билікке жеткізген елді шабуға аттанады!
Міне, құрметті ағайын, парсының (бүгінгі Иранның) «ресми тарихнамасында қалыптасқан тарихты таңбалаудың дәстүрі» дегеніңіз осы.
Парсының тас кітаптарында мынадай бір сурет бар. Дарий (Дарьяуш) патша тақта отыр. Алдында мойындарынан жіпке тізілген адамдар. Парсының «тарихнамасындағы ресми дәстүрге» сәй­кес «пайымдаулар» бойынша, Дарьяуш – әлем­­­­­­нің падишасы екен. Ал, мойындарынан жіпке тізіл­­ген бейшаралар оның қол астындағы халықтар екен. Дарьяушқа құлдық ұрып, оған бағынғандығын аян етуге келіпті. Бүгінде, Иранның ұяты бар кейбір ғалымдары бұл тас сурет наурызды тойлауға келген халықтардың бейнесі екенін айтады. Яғни, көктем сайын тіріліп отыратын Таммуз құдайдың бейнесі Дарьяуштың бейнесі деп айтылып, аталмыш ертегі «тарихнамада қалыптасқан дәстүр» бойынша ғасырлар бойы қайталанып, ақырында «тарихи шындыққа» айналып кеткен. Әрине, осы қалыпша өтіріктің ішінде шындық та бар екенін мойындау керек.
Қаңлылар парсыны жаулағаннан кейін бір тосын оқиға болады. Күндердің күнінде, Құрыштың ұлы Бардия өлмепті, тірі екен, көп әскермен «әкемнің тағын алам» деп Иранбаққа келе жатыр екен деген хабар жетеді. Қаңлылар алғашында бұны дақпырт, қауесет деп ойлайды. Бірақ, әңгіме басылмайды. Ақырында барлаушылар хабарды растайды. Бір адам шынында да, көп әскер жинап астанаға қарай келе жатқаны анықталады. Үш мыңдай қаңлының әскері «әкесінің тағын алуға» келе жатқан «патшазаданы» қазіргі Ирактың, бұрынғы Вавилонның жерінде қарсылайды. Бұл елді дүрліктіріп келе жатқан Гаумата есімді сахаба еді. Аннан-мыннан жинаған бірнеше мың «әскері» бар. Қаңлылар алғашында күліп, ақымақ сахабаға, оның соңынан ерген ақымақ тобырға істің жайын түсіндірмек болады. Райларыңнан қайтыңдар, Бардия да, Камбиз де баяғыда өлген, парсының қазіргі патшасы Дарьяуш, соған бағыныңдар, ақымақ болмаңдар дейді. Бірақ, Гаумата көнбейді, ал оның соңынан ерген «әскері» өздерінің соғысуға даяр екенін айтады. Қаңлылар, амал жоқ, қаруларын суырады. Қанды жебе бір көміп өткенде Гауматаның «армиясы» жалбарынып жерге жата кетіпті. Сонымен, Гаумата қол-аяғы кісенделіп астанаға жеткізіледі. Осы жерде қаңлылар, бүкіл империяның ақсүйек элитасын жинап, солардың көзінше Гауматаның басын шабады. Жиналғандарға, осындай бұлғақшыл адам, Дарьяуштың билігіне қарсы үгіт-насихат жүргізсе, сол жерде ұстап, біздің қолымызға табыстаңдар деп тапсырады.

 Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға