Жаңалықтар

Термин түсініктемесі

Кейбір терминдердің түсініктемесі даулылау. Положительный идеалды «ұнамды бейне» деу келіңкіремейтін тәрізді. Сөздік авторы осы күні әдебиетшілер идеалды «мұрат» деп алып жүргенін ескермепті. Сонда положительный идеалды асыл мұрат деп алуға болар еді ғой. Немесе, идиллияны «буколикалық поэзияның бір түрі» дегені де тапқандық емес. Бұл - не терминге тікелей балама емес, не жөндеп түсіндірілмеген. Мән-мазмұны толық, анық берілмеген басқа да терминдер кездесіп отырады. Тартысты «әдеби шығармалардағы қатысушылардың өзара тартысына негіз болатын қайшылық» (62 бет) деп анықтау онша дәл емес. Қайшылық пен тартыстың айырымы барлығы жоғарыдағы тұжырымнан байқалып тұрған жоқ. Әдебиет теориясының осыншама маңызды терминін бір-ақ сөйлеммен айтып өте шығу жараспайды. Көптеген шығармалар жылдар бойы осы айтқан тартыс мәселесімен ақсағанын ұмытарлық уақыт болған жоқ еді. Ал атышулы «тартыссыздық теориясы» бұл сөздікте ауызға алынбапты. Элегияға берілген түсінік те тым жалпы. Онан соң сөздік авторы кейде қазіргі әдеби зерттеу, сын мақалаларда қолданылып жүрген термин баламаларын жете пайдаланбағанға ұқсайды. Бір мысал. Көптен бері әдеби сын мақалаларда «тулға» деген сөз қолданылып келеді. Сол көбінше «типтің» орнына алынып жүргенін білеміз. Шынында «тулғаны» ресми түрде қабылдасақ, типтің орнын олқы қылмас еді. Бірақ Ғали Әбетов типті тип деп «аудара» салыпты. Осы сияқты тиісті баламасын іздеп тұрған әдеби терминдер толып жатыр. Оның бірсыпырасын қазақша сөйлетуге сөздік авторы ұмтылған да тәрізді. Дегенмен, әлі де іздене түсетін жайлар ұшырайды. Қазақ әдебиетінің төл терминдерін қолдануы сөздіктің сапасын арттырғанын айттық. Бірақ әдебиетімізде ежелден келе жатқан біраз термин сөз әлі де болса қалып қойған. Бұған қисса, әріптес, жаңылтпаш, сәлем хат секілділерді мысалға алуға болар еді. Сөздікте шығыс әдебиетінің кейбір терминдері де (аруз, мухаммас т.б) келтіріліпті. Бірақ шығыс терминдері тым аз берілген. Бұл мәселеге ерекше тоқталуымыздың себебі бар. Қазақ әдебиетінің шығыс елдері әдебиетімен ежелден байланысы болғаны белгілі. Революцияға дейінгі дәуірде өмір сұрген көптеген ақындар шығыс әдебиетінен көп әсер алған, кейбіреулері шығыс өлеңдерінің өлшеміне лайықтап шығармалар да жазған. Қазіргі кексе жаушыларымыздың бірсыпырасы Орта Азия халықтарының тіліндегі туындыларды еркін түсініп оқиды. Міне, сол шығыс әдебиетінің бай терминін білу біздің әдебиетшілерге де пайдалы. Осы тұрғыдан шығыс әдебиеттану еңбектерінде жиі ушырайтын бармақ, бахр, хамса, жадид, латифа, мисра, мукам, мушойра, назира, куллият, мусамман, музари, мупсарих, мурабба, мустазад, мусабба секілді терминдерді түсіндірудің танытқыштық мәні аз болмас еді. Шығыс поэзиясында қаншалық түр (форма) мүмкіншілігі барлығын біздің ақындарымыз біле бермейді ғой. Мұндай жағдайда әдеби терминдер сөздігі жәрдемге келсе құба-құп емес пе? Бұл айтылғанның барлығы да әдеби терминдер сөздігі бұдан былай жақсырақ болып шықсын деген тілектен туған ескертпелер. Анық ережеге, қатал қағидаға айналған турақты терминдер өз тарапынан әдеби теориялық ойдың кемелденуіне ықпал жасамақ. Сол себептен әдеби терминдерді неғурлым толық әрі берік қалыптастыру жағын көздеу керек. 1963
13.11.2013 09:32 6209

Кейбір терминдердің түсініктемесі даулылау. Положительный идеалды «ұнамды бейне» деу келіңкіремейтін тәрізді. Сөздік авторы осы күні әдебиетшілер идеалды «мұрат» деп алып жүргенін ескермепті. Сонда положительный идеалды асыл мұрат деп алуға болар еді ғой. Немесе, идиллияны «буколикалық поэзияның бір түрі» дегені де тапқандық емес. Бұл - не терминге тікелей балама емес, не жөндеп түсіндірілмеген. Мән-мазмұны толық, анық берілмеген басқа да терминдер кездесіп отырады. Тартысты «әдеби шығармалардағы қатысушылардың өзара тартысына негіз болатын қайшылық» (62 бет) деп анықтау онша дәл емес. Қайшылық пен тартыстың айырымы барлығы жоғарыдағы тұжырымнан байқалып тұрған жоқ. Әдебиет теориясының осыншама маңызды терминін бір-ақ сөйлеммен айтып өте шығу жараспайды. Көптеген шығармалар жылдар бойы осы айтқан тартыс мәселесімен ақсағанын ұмытарлық уақыт болған жоқ еді. Ал атышулы «тартыссыздық теориясы» бұл сөздікте ауызға алынбапты. Элегияға берілген түсінік те тым жалпы.

Онан соң сөздік авторы кейде қазіргі әдеби зерттеу, сын мақалаларда қолданылып жүрген термин баламаларын жете пайдаланбағанға ұқсайды. Бір мысал. Көптен бері әдеби сын мақалаларда «тулға» деген сөз қолданылып келеді. Сол көбінше «типтің» орнына алынып жүргенін білеміз. Шынында «тулғаны» ресми түрде қабылдасақ, типтің орнын олқы қылмас еді. Бірақ Ғали Әбетов типті тип деп «аудара» салыпты. Осы сияқты тиісті баламасын іздеп тұрған әдеби терминдер толып жатыр. Оның бірсыпырасын қазақша сөйлетуге сөздік авторы ұмтылған да тәрізді. Дегенмен, әлі де іздене түсетін жайлар ұшырайды.

Қазақ әдебиетінің төл терминдерін қолдануы сөздіктің сапасын арттырғанын айттық. Бірақ әдебиетімізде ежелден келе жатқан біраз термин сөз әлі де болса қалып қойған. Бұған қисса, әріптес, жаңылтпаш, сәлем хат секілділерді мысалға алуға болар еді.

Сөздікте шығыс әдебиетінің кейбір терминдері де (аруз, мухаммас т.б) келтіріліпті. Бірақ шығыс терминдері тым аз берілген. Бұл мәселеге ерекше тоқталуымыздың себебі бар. Қазақ әдебиетінің шығыс елдері әдебиетімен ежелден байланысы болғаны белгілі. Революцияға дейінгі дәуірде өмір сұрген көптеген ақындар шығыс әдебиетінен көп әсер алған, кейбіреулері шығыс өлеңдерінің өлшеміне лайықтап шығармалар да жазған. Қазіргі кексе жаушыларымыздың бірсыпырасы Орта Азия халықтарының тіліндегі туындыларды еркін түсініп оқиды. Міне, сол шығыс әдебиетінің бай терминін білу біздің әдебиетшілерге де пайдалы. Осы тұрғыдан шығыс әдебиеттану еңбектерінде жиі ушырайтын бармақ, бахр, хамса, жадид, латифа, мисра, мукам, мушойра, назира, куллият, мусамман, музари, мупсарих, мурабба, мустазад, мусабба секілді терминдерді түсіндірудің танытқыштық мәні аз болмас еді. Шығыс поэзиясында қаншалық түр (форма) мүмкіншілігі барлығын біздің ақындарымыз біле бермейді ғой. Мұндай жағдайда әдеби терминдер сөздігі жәрдемге келсе құба-құп емес пе?

Бұл айтылғанның барлығы да әдеби терминдер сөздігі бұдан былай жақсырақ болып шықсын деген тілектен туған ескертпелер. Анық ережеге, қатал қағидаға айналған турақты терминдер өз тарапынан әдеби теориялық ойдың кемелденуіне ықпал жасамақ. Сол себептен әдеби терминдерді неғурлым толық әрі берік қалыптастыру жағын көздеу керек.

1963

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға