Жаңалықтар

Ауыз әдебиетін әңгімелесек

Тіл мен әдебиет институтының ауыз әдебиеті бөлімі көп жылдардан бері фольклор мураларын жинастырып келеді. Қазіргі кезде академия кітапханасында қазақ ауыз әдебиетінің неше   алуан   нусқалары   топтастырылған.   Олардың   ішінде халқымызға ежелден әйгілі болған эпостық жарлар, ертегілер, мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер, шешендік сөздер, айтыс өлеңдері тағы басқа мұралар бар. Филология ғылымының докторы Н.С.Смирнованың айтуынша, академияның қолжазба қорындағы жиналған фольклор нұсқаларының жанрының өзі жеті-сегіз мыңға жетеді екен. Бұл неткен зор байлық, неткен шексіз рухани дүниелік! Фольклор материалдарын жинауда Тіл мен әдебиет институтының қызметкерлері көп еңбек сіңірген. Олар ауық-ауық ғылыми экспедицияларға шығып, жер-жерден ауыз әдебиетінің әсем үлгілерін ұқыпты жинастырып келеді. Бұрынғы және советтік фольклорды жинау жұмысы алдағы күнде де толассыз жүргізіле беруге тиіс. Осы мұраны қалай игеріп жатырмыз, оларды зерттеудің дәрежесі қандай деген сауалға көшсек, көп жағдайда қанағаттанғысыз деп айтуға болар еді. Рас, соңғы бірнеше жыл ішінде эпостық жырлардың жаңа басылымдары әзірленуде. Халық ертегілерінің таңдаулыларының үлкен бір томдығы басылып шықты. Тіл мен әдебиет институты қызметкерлерінің бір тобы осы бір игілікті жұмыспен айналысты. Бірақ, шынын айтсақ, эпос пен ертегілерді баспаға әзірлеуден басқа анау айтқандай көрнекті жұмыс жасалып еді деп айту да қиын. Соңғы кезде ежелден халыққа кәнігі жырларды баспаға әзірлеу ғана басты орын алып отыр. Бірақ мұнымен жұмысты, алдағы міндетті аяқтап шықтық деуге ешбір болмайды. Академияның тіл мен әдебиет институтының ауыз әдебиетін зерттеу бөлімінің жетекші қызметкерлерінің бірі Н.С.Смирнованың баяндамасында бұл олқылықтың бірсыпырасы айтылды. Жиналған фольклор материалдарының осы кезге дейін жүйелі каталог, картотекасы жасалмаған. Мұның өзі ауыз әдебиетінің иен дүниесі көп жағдайда елеусіз жатыр деген сөз. Алдағы кезде атқаратын абыройлы міндеттің бірі фольклор нұсқаларын толығымен тәртіпке келтіріп, топтау болып табылады. Қазақстан фольклористері алдағы міндеттерін іске асыруға көп-көп күш, дарындылық, іскерлік, әдебиет мүддесін жоғары қоя білушілік сияқты қымбат қасиеттер қажет екендігін естен шыгармаулары тиіс. Бізде кей кездерде жасалып болған істі ғана мақтаныш етіп, қайталап айта берушілік дағдыға айналған. Жасалғанды бағалауымыз орынды, сонымен бірге бітпегенді бітпеді деп айтуымыз да иарыз. Әр замандагы фольклордың ортақ ерекшелігі деген мәселені зерттеуді де қолға алатын уақыт жетті. Дауы жоқ Қобыланды мен Қамбардың тексін баспа орнына қарап бердік деп қол құсырып, тояттап отыра беруге болмас.
13.11.2013 06:21 2881

Тіл мен әдебиет институтының ауыз әдебиеті бөлімі көп жылдардан бері фольклор мураларын жинастырып келеді. Қазіргі кезде академия кітапханасында қазақ ауыз әдебиетінің неше   алуан   нусқалары   топтастырылған.   Олардың   ішінде халқымызға ежелден әйгілі болған эпостық жарлар, ертегілер, мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер, шешендік сөздер, айтыс өлеңдері тағы басқа мұралар бар. Филология ғылымының докторы Н.С.Смирнованың айтуынша, академияның қолжазба қорындағы жиналған фольклор нұсқаларының жанрының өзі жеті-сегіз мыңға жетеді екен. Бұл неткен зор байлық, неткен шексіз рухани дүниелік! Фольклор материалдарын жинауда Тіл мен әдебиет институтының қызметкерлері көп еңбек сіңірген. Олар ауық-ауық ғылыми экспедицияларға шығып, жер-жерден ауыз әдебиетінің әсем үлгілерін ұқыпты жинастырып келеді. Бұрынғы және советтік фольклорды жинау жұмысы алдағы күнде де толассыз жүргізіле беруге тиіс. Осы мұраны қалай игеріп жатырмыз, оларды зерттеудің дәрежесі қандай деген сауалға көшсек, көп жағдайда қанағаттанғысыз деп айтуға болар еді. Рас, соңғы бірнеше жыл ішінде эпостық жырлардың жаңа басылымдары әзірленуде. Халық ертегілерінің таңдаулыларының үлкен бір томдығы басылып шықты. Тіл мен әдебиет институты қызметкерлерінің бір тобы осы бір игілікті жұмыспен айналысты. Бірақ, шынын айтсақ, эпос пен ертегілерді баспаға әзірлеуден басқа анау айтқандай көрнекті жұмыс жасалып еді деп айту да қиын. Соңғы кезде ежелден халыққа кәнігі жырларды баспаға әзірлеу ғана басты орын алып отыр. Бірақ мұнымен жұмысты, алдағы міндетті аяқтап шықтық деуге ешбір болмайды.

Академияның тіл мен әдебиет институтының ауыз әдебиетін зерттеу бөлімінің жетекші қызметкерлерінің бірі Н.С.Смирнованың баяндамасында бұл олқылықтың бірсыпырасы айтылды. Жиналған фольклор материалдарының осы кезге дейін жүйелі каталог, картотекасы жасалмаған. Мұның өзі ауыз әдебиетінің иен дүниесі көп жағдайда елеусіз жатыр деген сөз. Алдағы кезде атқаратын абыройлы міндеттің бірі фольклор нұсқаларын толығымен тәртіпке келтіріп, топтау болып табылады. Қазақстан фольклористері алдағы міндеттерін іске асыруға көп-көп күш, дарындылық, іскерлік, әдебиет мүддесін жоғары қоя білушілік сияқты қымбат қасиеттер қажет екендігін естен шыгармаулары тиіс. Бізде кей кездерде жасалып болған істі ғана мақтаныш етіп, қайталап айта берушілік дағдыға айналған. Жасалғанды бағалауымыз орынды, сонымен бірге бітпегенді бітпеді деп айтуымыз да иарыз. Әр замандагы фольклордың ортақ ерекшелігі деген мәселені зерттеуді де қолға алатын уақыт жетті. Дауы жоқ Қобыланды мен Қамбардың тексін баспа орнына қарап бердік деп қол құсырып, тояттап отыра беруге болмас.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға