Астанада «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты өкілдері «Ұлы Жібек жолы» халықаралық жастар бірлестігі кеңесінің мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Шараға Әзірбайжан, Албания, Түркия, Грекия, Египет, Үндістан, Габон, Мальта және басқа да мемлекеттердің жастары қатысты. «Ұлы Жібек жолы» жастар ұйымына жалпы саны 20 мемлекет мүше.Қазақстан да аталған халықаралық жастар ұйымының мүшесі болып табылады.
«2020 жылдарға дейінгі «Жас Отан» ЖҚ стратегиясы басты бағытының бірі халықаралық байланыс орнату болып табылады. Яғни басқа елдердегі қозғалыстармен және халықаралық жастар ұйымдарымен әріптестік қарым- қатынаста болу межеленген. Сол себепті биылғы жылы «Ұлы Жібек жолы» халықаралық одағы құрылды. Біз жастар саясатын одан әрі дамыту мәселесі бойынша тәжірбие алмасып, жаңа бағыттарды айқындау үшін жиналып отырмыз. Осы жоба арқылы талантты жастарымыздың мемлекетаралық жобаларға қатысуына ықпал етпекпіз», деді «Жас Отан» жастар қанатының жауапты хатшысы Нұрлан Сыдықов.
Жас отандықтар «Ұлы жібек жолы» халықаралық ұйымында 19 елдің өкілдерімен кездесті
Оқи отырыңыз
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады