Жаңалықтар

Поэзия және машық

Қазақ халқының классик ақындарының бірі -Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан» деген мақаласында: «Шын жылаған көз жастың тамшысы... көзге қатты, көңілге суық тимейді; қайта өздеріңді сүйіндіріп әкетеді. Осы айтылған ретпен болмай, күндікке ізденіп, өзіңше ойыңнан үйқасыңқырап шыққан, керекті-керексіз сөзді өлең деп қуанып жаза беру - дерті жоқ кісінің ыңқылдағаны... қандай жексүрын болса, бұда сондай жексұрын болады» деген еді. Бұл, шынында, тамаша, терең пікір. Табиғи қажеттілікпен тумаған өлеңнің оқушы жүрегіне жол таба алмайтыны ақиқат. Ондай жағдайда өлең техникасына машықтану да, жекелеген сөз фокустері де, тақырып жаңалығы да мұратқа жеткізбейді. Көп өлеңдердің «жылтыраса да жылатпайды» дегендей, әсерсіз болуы да осыдан. Қазіргі қазақ поэзиясы - нағыз кемелденген, жогары мәдениетті поэзия. Қазақтың классикалық әдебиетін сөз етсек, ең алдымен, поэзияны еске алатынымыз белгілі. Поэзиямыздың ұзақ тарихы, қалыптасқан дәстүрі бар. Бүгінгі поэзиямыздың көрнекті өкілдерінің қай-қайсысы болса да өткендегі әдебиеттен, дәстүрден көп-көп тәлім алған. Совет жылдарында казақ әдебиетінің талғампаз, сауатты оқушысы өсіп жетілді. Қазіргі оқушы қазақ әдебиетімен ғана емес, бүкіл дүниежүзілік әдебиетпен де таныс. Олай болса, ол оқушы жасандылықты, жалған шешендікті, ділмәрлықты қабылдай бермейді. Әрбір қалам тербеуші осы шындықты есте түтқаны мақұл. Бұл талап әдебиетшілердің бәріне де ортақ талап болуға тиіс. Әрине, әдебиетіміздің ірі өкілдері мен жаңа талап жас авторға бірдей міндет қоюға болмайды. Бірақ әдебиеттің қасиетті босағасын аттаймын деген әрбір адамга қатал да болса шын талап қою қажет. «Ауылың сенін бедце еді әриайдайдың» бәрі бірдей өлең болмайтынын ескертуіміз шарт. Редакцияға өлең жіберген жас авторлардың көпшілігі өлеңді жақсы жазудың жолы қайсы деп кеңес сүрайды. Бүл бір жағынан орынды да. Бірақ әрбір талап иесі поэзия үшін ешқандай дайын ереже жоқ екенін естен шығармауға тиіс. Бүл арада Н.А.Добролюбовтың «өмір поэзиядан тумайды, поэзия өмірден туады» деген пікірін ескерту жөн. Біздің алдымызда қырық шақты жас автордың өлеңі жатыр. Мүмкін осылардың ішінде әдебиетке шындап келетіндері де көп болар. Алайда солардың жіберген өлеңдерінің көпшілігіне қарның ашады. Көптен-көп өлең әдебиеттің әліппе талабына сай емес. Спорт өнерінде норма тапсыру деген салт бар. Спорттық үшінші разряд алу үшін де үзақ дайындық керек. Егер осы тәртіпті шартты түрде әдебиетке қолдансақ, жас авторлардың оннан тоғызы ешбір разрядқа жақын келмей түр дер едік. Рас олардың көбі машықтану үстінде жүргендер деуге болады. Кейбір авторлар әдебиетке саналы түрде, өмірлік өнерім деп қарайтынын аңғартады. И.Жәмешев (Қызылорда қаласы) бір өлеңінде: Өнерден - алуан үлестен, Лайық санап енші алдым. Бесікте жаным үңдескен, Өлеңді қалап ен салдым, - дейді. Жас ақын «тыңнан келісім табуға» талаптанады. Оның өлеңдерінде автордың жаңа ой, пікір айтуға, сөзді саралап алуға ниеттенетіні байқалады. Редакцияға түскен өлеңдердің біразы мысал үлгісінде жазылған. Олардың ішінде Фрунзе қаласында түратын Ә.Сейтбековтың өлеңдері үміт күттірерліктей. Оньщ өлеңдері шебер үйқасады, жеңіл оқылады. Бірақ автор мысалдың объектісін табуға шорқақ. Оның астарлап айттым дегенінің көп жағдайда тігісі көрініп тұрады. Асылы, мысал жазу үшін мол өмір тәжірибесі, мол білім керек. Сонау арғы замандағы эллин әдебиетінен бастап, бүгінгі С.Михалковке дейінгі мысалшылардың творчествосын білмей, жаңа сөз айту қиын. Жас автор Р.Батырбаевтың «Бастық пен бөрі» деген мысалы тартымды жазылған. Мүнда бір колхоздың жемқор бастығы мен көкжал бөрінің «әңгімесі» баяндалады. Бастық жоқ қойдың бәрін «қаскыр жеді» деп акті жасап отырғанда, борі оған: Жазыпсыз «он» деп актіні, Жалғыз-ақ қой ғой жегенім, -дейді.     Сонда бастық: Сөзді қой жазған, үндеме, Мұның бәрі айла ғой. Беремін тағы бірдеңе Баққанымыз пайда ғой, - деп жауап қайырады. Өтірік шын боп актіге Сүңгу бар әлі папкіге. Мысал осылай бітеді. Бүдан автордын өмір фактілерін саралап,     талғап     алып     поэзия     шындығына    жеткізуге шеберленіп     келе    жатқандығы     көрінеді.     Сол     сияқты Б.Мүратбековтың (Жамбыл облысы) «Достардың сыры» атты мысалында да өмір шындығы біркелкі дүрыс суреттелген. Мүнда арамызда әлі де кездесіп қала беретін арамза, сұм адамдар   түлкі   бейнесінде   әшкереленеді.   Ә.Тілеубековтың (Қарағанды   облысы)   «Қораз   бен  теке»   деген  мысалынан автордың   бүл   жанрға   икемі   барлығы   аңғарылады.   «Мен шақырмасам, таң атпайды» дейді қораз. Бұл кейбір надан, тәкаппар әкімдерге арналған сын екені әркімге түсінікті. Алайда «жылтырағанның бәрі алтын емес», Өлеңдердің көбі машыққа құрылған. Жаттанды пікірді жаңғыртушылық басым. Мәселен Ш.Әбеновтің (Қостанай облысы) «Үстазға» деген өлеңін алып қарайық. Мен шәкіртпін, оны үстазға балаймын Келбетіне қайта-қайта қараймын. Жылы үшырай бергендік пе әйтеуір, Семьямның бір мүшесі санаймын. Осы өлеңнің ұйқасы да, пікірі де алғаш қарағанда тәуір-ақ сияқты. Бірақ бұл талай-талай айтылып, танымал болған, көне сюжет. Әр адамның өзіндік натурасы, психологиясы болады десек, поэзияда сол өзгешелік айрықша анық көрінуге тиіс. Әркімнің темпераменті қалай өзгеше болса, қуаныш, сүйініш, күйініш процестері де өзінше өзгешелеу болмақ қой. Өлең пафоссыз жазылған дейтініміз де осы. Шынында, пафос деген ақынның   сезінген,   толғанған,   жүрегін   кернеген,   айтпауға болмайтын   жан   сыры   емес   пе.   Салқын   ойлап,   логика шындығынан поэзия тудыруға болмайды. Өмір   процесін   нақтылы   алудың   орнына   дидактика, риторика сарынымен жырлаушылық көп. Біраз өлеңде автор өмірге өзі араласпай, тек бақылаушы, танданушы немесе ақыл айтушы, әлде ғибрат алушы ролінде тұрады. Немесе емірдің заңдылығын бүзып «бәрі де оңай, бәрі де жеңіл» деп бояп суреттеушілік   бар.   Шынында,   өмірді   жылтыратып,   бояп көрсетушілік әдебиетіміздегі үлкен кеселдің бірі болып келді. Ондай өлеңдер оқушыны өмір қиыншылығына көз жұмып қараушылыққа   итермелейтіні    анық.    Айқайшыл,    көпірме өлендер,   рас,   автордан   көп   толғануды   тілемейді.   Соның есесіне оның оқушыға берер әсері де болмайды. Асылы жаңа талап   жас   ақындар   әдебиеттің   таңдаулы   шығармаларын, әсіресе, классиктерді үлгі тұтқаны жөн. Кейбір өлендерде поэзияның элементарлық техникалық шарты да орындалмайды. Мал базасы - Қазақстан Мал орталығы - Қазақстан Неше миллион малдар Көркейіп жүр Қазақстан даласында. Қүнарлылығын айтсайшы Осы жүрген малдардың... Бұл мысал  Т.Молдашевтың  (Көкшетау облысы)  «Мал базасы - Қазақстан»  деген  «өлеңінен»  алынды.   Өкінішке қарай, редакцияға түскен өлеңдердің бір парасы осы тәрізді болып келеді. Поэзияның, жалпы көркем әдебиеттіц ерекшелігі сөздің образды болып келуінде ғой. Дүниеде небір шешен адамдар болады. Бірақ олардың бәрі бірдей ақын бола бермейді. Поэзияның басты шарты өмір қүбылысын бейнелі сөзбен білдіруде. Сөз үйқастыра білу мұрат емес. Әрбір адам Машықтана келе сөз тіркестіруді үйренуі мүмкін. Бірақ, одан шын поэзияның ауылы алыс жатады.   Т.Сыдығалиев    (Жамбыл    облысы)    Ленинге    арнаған өлеңінде: Лениннің туған күнін мерекелеп, Елімнің барлық халкы қосьш тілек, Бір біз емес жершары еске алады Сондықтан қуанышты біздің жүрек, - дейді. Бұл әлі өлең емес, тек үйқас қана. Автор өлеңнің: «жақсы жақтарына жете көңіл аудара білерсіз»,- деп ескертеді. Жас талаптың «жаманын жасырып, жақсысын асырғымыз» келген күннің өзінде де, осы өлеңде әлі де поэзияның жоқ екенін айтуға тиіспіз. Бір таңқаларлығы сол, өлең жазушылардың көбі іздене түсудің, тың кесте табудың орнына, жазғандарын поэзияньщ   жетілген   шығармасы   деп   ойлайтын   сияқты. Сондайлардың      біразы-ақ       «кеңес       күтеміз»       демей, «жазғанымызды бағалай біліңіздер» деп «кесіп» айтады. Бұл нашар үлгінің,  білімісіздіктің нышаны демеске  болмайды. Ондайлар шын ақын болу үшін жалғыз талант жеткіліксіз екендігін, сонымен бірге дүние жүзінің көркем әдебиетін, әсіресе,    поэзиялық    шығармаларын    оқып    шығуы   керек екендігін ескермей келеді. Пушкин мен Лермонтовты түгел оқып болмай жатып, поэзияға төрелік айтпақ болады. Асылы ондайларға үлы Абайдың өнегесін тағы да бір ескерту теріс болмайтын   секілді.   Абай   өз   заманындағы   дүние   жүзінің әдебиетін негіздеп оқыған ақын. Міне, сондықтан да ол поэзия дүниесінде өз нақышын, өрнегін сала білді. Қысқасы, әрбір жас талап әдебиет тарихын жақсы білуі шарт. «Сен де айтсаң мен де айтамын күрең дөнен» деген сияқты өлең деңгейінде жүріп, өлеңімді бағалай білмейді деп налу жараспайды-ақ! Жас талаптар Б.Битегова, Б.Шүкіров (Ташкент облысы), Қ.Досымбетов (Қазалы), Ж.Сағындықов (Гурьев), Т.Битаев, Ө.Қалыбаев   (Оңтүстік   Қазақстан),   С.Досанов   (Қостанай), Б.Ырзабаев  (Павлодар),    Қ.Ыдырысов            (Ақмола), М.Қүрманәлин (Ақтөбе),  Ғ.Сейдеғалиев  (Орал),  Ахметбаев(Талдықорған),     Е.Скендеров     (Алматы),     т.б.     өздерінің өлеңдерінде әр түрлі тақырыпты жырға қосады. Бірінде тартымды, бірінде босаңдау, бірінде көп, бірінде аз айтылғанмен, әрқайсысында да аз да болса поэзия элементтері үшырап отырады. Өлең авторларының көпшілігіне тән ортақ кемшіліктер де бар. Соның бастысы ретінде өлеңді поэзияға емес, машыққа қүруды айту керек. Іздену жағы жетпейді. Бір-біріне егіздей үқсас, жалынсыз, қара жаяу өлендер аяқ басқызбайды. Одан соң өмір қайшылығын орай өтіп, тартыссыздық сарынында жазылған өлеңдер көп. Жүрегі куанбай түрып, қуанушылық дағдысы орын тепкен. Бір сөзбен айтқанда, жасандылық, жалған патетика көбейген. Не болмаса, бір сәтті, соны пікірді саудаға салып, сағыздай созып, үзақ өлеңге «көз» ету машығы да бар. Белгілі бір қүбылысты нақты бейнелеудің орнына күллі әлемнен «хабар беріп», дилетанттыкка салынушылық та үшырайды. Бір қуанарлығы сол - қазақ поэзиясының қаулап өсіп келе жатқан болашақ жасағы мол. Олардың көпшілігі әдебиеттің ауыр да қасиетті жолына өздерін шындап бағыштағандар. Әңгіме сол әдебиеттің болашағына лайықты тәрбие, үлгі беруде. Өлең жазатындардың көбінің әдебиеттік білімі, түсінігі тым шағын екендігі байқалады. Осыған қарап оларға шын мәнінде кеңес-жәрдемнің қажет екендігін көрмеуге болмайды. Қазақстан жазушылар Одағы мен облыстық әдебиет бірлестіктері оларға творчестволық көмек көрсетудің тиімді формаларын табуға тиіс. 1957
12.11.2013 11:34 5274

Қазақ халқының классик ақындарының бірі -Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан» деген мақаласында: «Шын жылаған көз жастың тамшысы... көзге қатты, көңілге суық тимейді; қайта өздеріңді сүйіндіріп әкетеді. Осы айтылған ретпен болмай, күндікке ізденіп, өзіңше ойыңнан үйқасыңқырап шыққан, керекті-керексіз сөзді өлең деп қуанып жаза беру - дерті жоқ кісінің ыңқылдағаны... қандай жексүрын болса, бұда сондай жексұрын болады» деген еді. Бұл, шынында, тамаша, терең пікір. Табиғи қажеттілікпен тумаған өлеңнің оқушы жүрегіне жол таба алмайтыны ақиқат. Ондай жағдайда өлең техникасына машықтану да, жекелеген сөз фокустері де, тақырып жаңалығы да мұратқа жеткізбейді. Көп өлеңдердің «жылтыраса да жылатпайды» дегендей, әсерсіз болуы да осыдан.

Қазіргі қазақ поэзиясы - нағыз кемелденген, жогары мәдениетті поэзия. Қазақтың классикалық әдебиетін сөз етсек, ең алдымен, поэзияны еске алатынымыз белгілі. Поэзиямыздың ұзақ тарихы, қалыптасқан дәстүрі бар. Бүгінгі поэзиямыздың көрнекті өкілдерінің қай-қайсысы болса да өткендегі әдебиеттен, дәстүрден көп-көп тәлім алған.

Совет жылдарында казақ әдебиетінің талғампаз, сауатты оқушысы өсіп жетілді. Қазіргі оқушы қазақ әдебиетімен ғана емес, бүкіл дүниежүзілік әдебиетпен де таныс. Олай болса, ол оқушы жасандылықты, жалған шешендікті, ділмәрлықты қабылдай бермейді. Әрбір қалам тербеуші осы шындықты есте түтқаны мақұл.

Бұл талап әдебиетшілердің бәріне де ортақ талап болуға тиіс. Әрине, әдебиетіміздің ірі өкілдері мен жаңа талап жас авторға бірдей міндет қоюға болмайды. Бірақ әдебиеттің қасиетті босағасын аттаймын деген әрбір адамга қатал да болса шын талап қою қажет. «Ауылың сенін бедце еді әриайдайдың» бәрі бірдей өлең болмайтынын ескертуіміз шарт.

Редакцияға өлең жіберген жас авторлардың көпшілігі өлеңді жақсы жазудың жолы қайсы деп кеңес сүрайды. Бүл бір жағынан орынды да. Бірақ әрбір талап иесі поэзия үшін ешқандай дайын ереже жоқ екенін естен шығармауға тиіс. Бүл арада Н.А.Добролюбовтың «өмір поэзиядан тумайды, поэзия өмірден туады» деген пікірін ескерту жөн. Біздің алдымызда қырық шақты жас автордың өлеңі жатыр. Мүмкін осылардың ішінде әдебиетке шындап келетіндері де көп болар. Алайда солардың жіберген өлеңдерінің көпшілігіне қарның ашады. Көптен-көп өлең әдебиеттің әліппе талабына сай емес.

Спорт өнерінде норма тапсыру деген салт бар. Спорттық үшінші разряд алу үшін де үзақ дайындық керек. Егер осы тәртіпті шартты түрде әдебиетке қолдансақ, жас авторлардың оннан тоғызы ешбір разрядқа жақын келмей түр дер едік. Рас олардың көбі машықтану үстінде жүргендер деуге болады.

Кейбір авторлар әдебиетке саналы түрде, өмірлік өнерім деп қарайтынын аңғартады. И.Жәмешев (Қызылорда қаласы) бір өлеңінде:

Өнерден - алуан үлестен,

Лайық санап енші алдым.

Бесікте жаным үңдескен,

Өлеңді қалап ен салдым, - дейді.

Жас ақын «тыңнан келісім табуға» талаптанады. Оның өлеңдерінде автордың жаңа ой, пікір айтуға, сөзді саралап алуға ниеттенетіні байқалады.

Редакцияға түскен өлеңдердің біразы мысал үлгісінде жазылған. Олардың ішінде Фрунзе қаласында түратын Ә.Сейтбековтың өлеңдері үміт күттірерліктей. Оньщ өлеңдері шебер үйқасады, жеңіл оқылады. Бірақ автор мысалдың объектісін табуға шорқақ. Оның астарлап айттым дегенінің көп жағдайда тігісі көрініп тұрады. Асылы, мысал жазу үшін мол өмір тәжірибесі, мол білім керек. Сонау арғы замандағы эллин әдебиетінен бастап, бүгінгі С.Михалковке дейінгі мысалшылардың творчествосын білмей, жаңа сөз айту қиын.

Жас автор Р.Батырбаевтың «Бастық пен бөрі» деген мысалы тартымды жазылған. Мүнда бір колхоздың жемқор бастығы мен көкжал бөрінің «әңгімесі» баяндалады. Бастық жоқ қойдың бәрін «қаскыр жеді» деп акті жасап отырғанда, борі оған:

Жазыпсыз «он» деп актіні,

Жалғыз-ақ қой ғой жегенім, -дейді.

 

 

Сонда бастық:

Сөзді қой жазған, үндеме, Мұның бәрі айла ғой. Беремін тағы бірдеңе Баққанымыз пайда ғой, -

деп жауап қайырады.

Өтірік шын боп актіге Сүңгу бар әлі папкіге. Мысал осылай бітеді. Бүдан автордын өмір фактілерін саралап,     талғап     алып     поэзия     шындығына    жеткізуге шеберленіп     келе    жатқандығы     көрінеді.     Сол     сияқты Б.Мүратбековтың (Жамбыл облысы) «Достардың сыры» атты мысалында да өмір шындығы біркелкі дүрыс суреттелген. Мүнда арамызда әлі де кездесіп қала беретін арамза, сұм адамдар   түлкі   бейнесінде   әшкереленеді.   Ә.Тілеубековтың (Қарағанды   облысы)   «Қораз   бен  теке»   деген  мысалынан автордың   бүл   жанрға   икемі   барлығы   аңғарылады.   «Мен шақырмасам, таң атпайды» дейді қораз. Бұл кейбір надан, тәкаппар әкімдерге арналған сын екені әркімге түсінікті.

Алайда «жылтырағанның бәрі алтын емес», Өлеңдердің көбі машыққа құрылған. Жаттанды пікірді жаңғыртушылық басым. Мәселен Ш.Әбеновтің (Қостанай облысы) «Үстазға» деген өлеңін алып қарайық.

Мен шәкіртпін, оны үстазға балаймын Келбетіне қайта-қайта қараймын. Жылы үшырай бергендік пе әйтеуір, Семьямның бір мүшесі санаймын. Осы өлеңнің ұйқасы да, пікірі де алғаш қарағанда тәуір-ақ сияқты. Бірақ бұл талай-талай айтылып, танымал болған, көне сюжет. Әр адамның өзіндік натурасы, психологиясы болады десек, поэзияда сол өзгешелік айрықша анық көрінуге тиіс. Әркімнің темпераменті қалай өзгеше болса, қуаныш, сүйініш, күйініш процестері де өзінше өзгешелеу болмақ қой. Өлең пафоссыз жазылған дейтініміз де осы. Шынында, пафос деген ақынның   сезінген,   толғанған,   жүрегін   кернеген,   айтпауға болмайтын   жан   сыры   емес   пе.   Салқын   ойлап,   логика шындығынан поэзия тудыруға болмайды.

Өмір   процесін   нақтылы   алудың   орнына   дидактика, риторика сарынымен жырлаушылық көп. Біраз өлеңде автор өмірге өзі араласпай, тек бақылаушы, танданушы немесе ақыл айтушы, әлде ғибрат алушы ролінде тұрады. Немесе емірдің заңдылығын бүзып «бәрі де оңай, бәрі де жеңіл» деп бояп суреттеушілік   бар.   Шынында,   өмірді   жылтыратып,   бояп көрсетушілік әдебиетіміздегі үлкен кеселдің бірі болып келді. Ондай өлеңдер оқушыны өмір қиыншылығына көз жұмып қараушылыққа   итермелейтіні    анық.    Айқайшыл,    көпірме өлендер,   рас,   автордан   көп   толғануды   тілемейді.   Соның есесіне оның оқушыға берер әсері де болмайды. Асылы жаңа талап   жас   ақындар   әдебиеттің   таңдаулы   шығармаларын, әсіресе, классиктерді үлгі тұтқаны жөн.

Кейбір өлендерде поэзияның элементарлық техникалық шарты да орындалмайды.

Мал базасы - Қазақстан

Мал орталығы - Қазақстан

Неше миллион малдар

Көркейіп жүр Қазақстан даласында.

Қүнарлылығын айтсайшы

Осы жүрген малдардың... Бұл мысал  Т.Молдашевтың  (Көкшетау облысы)  «Мал базасы - Қазақстан»  деген  «өлеңінен»  алынды.   Өкінішке қарай, редакцияға түскен өлеңдердің бір парасы осы тәрізді болып келеді.

Поэзияның, жалпы көркем әдебиеттіц ерекшелігі сөздің образды болып келуінде ғой. Дүниеде небір шешен адамдар болады. Бірақ олардың бәрі бірдей ақын бола бермейді. Поэзияның басты шарты өмір қүбылысын бейнелі сөзбен білдіруде. Сөз үйқастыра білу мұрат емес. Әрбір адам Машықтана келе сөз тіркестіруді үйренуі мүмкін. Бірақ, одан шын поэзияның ауылы алыс жатады.

 

Т.Сыдығалиев    (Жамбыл    облысы)    Ленинге    арнаған

өлеңінде:

Лениннің туған күнін мерекелеп, Елімнің барлық халкы қосьш тілек, Бір біз емес жершары еске алады Сондықтан қуанышты біздің жүрек, -

дейді.

Бұл әлі өлең емес, тек үйқас қана. Автор өлеңнің: «жақсы жақтарына жете көңіл аудара білерсіз»,- деп ескертеді. Жас талаптың «жаманын жасырып, жақсысын асырғымыз» келген күннің өзінде де, осы өлеңде әлі де поэзияның жоқ екенін айтуға тиіспіз. Бір таңқаларлығы сол, өлең жазушылардың көбі іздене түсудің, тың кесте табудың орнына, жазғандарын поэзияньщ   жетілген   шығармасы   деп   ойлайтын   сияқты. Сондайлардың      біразы-ақ       «кеңес       күтеміз»       демей, «жазғанымызды бағалай біліңіздер» деп «кесіп» айтады. Бұл нашар үлгінің,  білімісіздіктің нышаны демеске  болмайды. Ондайлар шын ақын болу үшін жалғыз талант жеткіліксіз екендігін, сонымен бірге дүние жүзінің көркем әдебиетін, әсіресе,    поэзиялық    шығармаларын    оқып    шығуы   керек екендігін ескермей келеді. Пушкин мен Лермонтовты түгел оқып болмай жатып, поэзияға төрелік айтпақ болады. Асылы ондайларға үлы Абайдың өнегесін тағы да бір ескерту теріс болмайтын   секілді.   Абай   өз   заманындағы   дүние   жүзінің әдебиетін негіздеп оқыған ақын. Міне, сондықтан да ол поэзия дүниесінде өз нақышын, өрнегін сала білді. Қысқасы, әрбір жас талап әдебиет тарихын жақсы білуі шарт. «Сен де айтсаң мен де айтамын күрең дөнен» деген сияқты өлең деңгейінде жүріп, өлеңімді бағалай білмейді деп налу жараспайды-ақ!

Жас талаптар Б.Битегова, Б.Шүкіров (Ташкент облысы), Қ.Досымбетов (Қазалы), Ж.Сағындықов (Гурьев), Т.Битаев, Ө.Қалыбаев   (Оңтүстік   Қазақстан),   С.Досанов   (Қостанай), Б.Ырзабаев  (Павлодар),    Қ.Ыдырысов            (Ақмола), М.Қүрманәлин (Ақтөбе),  Ғ.Сейдеғалиев  (Орал),  Ахметбаев(Талдықорған),     Е.Скендеров     (Алматы),     т.б.     өздерінің өлеңдерінде әр түрлі тақырыпты жырға қосады. Бірінде тартымды, бірінде босаңдау, бірінде көп, бірінде аз айтылғанмен, әрқайсысында да аз да болса поэзия элементтері үшырап отырады.

Өлең авторларының көпшілігіне тән ортақ кемшіліктер де бар. Соның бастысы ретінде өлеңді поэзияға емес, машыққа қүруды айту керек. Іздену жағы жетпейді. Бір-біріне егіздей үқсас, жалынсыз, қара жаяу өлендер аяқ басқызбайды. Одан соң өмір қайшылығын орай өтіп, тартыссыздық сарынында жазылған өлеңдер көп. Жүрегі куанбай түрып, қуанушылық дағдысы орын тепкен. Бір сөзбен айтқанда, жасандылық, жалған патетика көбейген. Не болмаса, бір сәтті, соны пікірді саудаға салып, сағыздай созып, үзақ өлеңге «көз» ету машығы да бар. Белгілі бір қүбылысты нақты бейнелеудің орнына күллі әлемнен «хабар беріп», дилетанттыкка салынушылық та үшырайды.

Бір қуанарлығы сол - қазақ поэзиясының қаулап өсіп келе жатқан болашақ жасағы мол. Олардың көпшілігі әдебиеттің ауыр да қасиетті жолына өздерін шындап бағыштағандар. Әңгіме сол әдебиеттің болашағына лайықты тәрбие, үлгі беруде. Өлең жазатындардың көбінің әдебиеттік білімі, түсінігі тым шағын екендігі байқалады. Осыған қарап оларға шын мәнінде кеңес-жәрдемнің қажет екендігін көрмеуге болмайды. Қазақстан жазушылар Одағы мен облыстық әдебиет бірлестіктері оларға творчестволық көмек көрсетудің тиімді формаларын табуға тиіс.

1957

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға