Франция Сенатының бұрынғы төрағасы, Францияның Еуропалық Сенаттар Қауымдастығының төрағасы Кристиан Понселе «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» алғашқы Назарбаев оқулары» форумы кезінде Қазақстанды тұрақтылықтың мекені деп атады. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісі хабарлайды.
«Ауғанстандағы жағдай тұрақтылықтың қажеттілігін көрсетеді. Қазақстан тұрақтылықты құрды және қазір өңірдегі бейбітшілікке қол жеткізуде маңызды рөл атқарып келеді. Осыған байланысты, мен, 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткеніне қуаныштымын», – деді Кристиан Понселе.
Франция Сенатының бұрынғы төрағасы атап өткендей, Қазақстан тұрақтылықтың мекені боп табылады және бұл назарға алынуы тиіс.
«Бейбітшілік Президент Назарбаевтың негізгі ұстанымдарының бірі болып табылады және мен өзімнің үлкен құрметім мен достық сезіміді білдіремін», – деді ол.
«Қазақстан көптеген мәдениеттер мен халықтар тоғысқан мемлекет. Бұл маңызды рөл атқарады. Қазақстан өз көршілерімен қарым-қатынасты жөнге салған және түрлі әлемдер арасындағы көпірге айналған ел», – деді Францияның делегаты.
Қазақстан – тұрақтылық мекені – сарапшы
Оқи отырыңыз
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады