Жаңалықтар

ҚОҚАН ХАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ БІР ҚАЙЫРЫМ

XIX ғасырдың басында Қоқан хандығы Қазақстанның оңтүстік облыстарын, атап айтқанда, қазіргі Қызылорда қаласы мен оның шығыс аудандарын, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының жерін, Алматы облысының батыс аймағын басып алып, оларды елу бес жылдай өз құзырында ұстады. Бір өкініштісі, осы кезеңнің шынайы тарихы әлі күнге дейін толық ашылмай, тым көмескі күйінде қалуда. Қазақ халқының өткенін баяндайтын барлық тарихи әдебиеттер мен зерттеулер жинақтарында да аталмыш кезеңнің сипаты — «Оңтүстік Қазақстан жерін 1808-1864 жылдар аралығында Қоқан хандығы жаулап тұрды» дейтін жалпылама берілген мағлұматтан аспайды. Бекназаров, Наливкин, Вильяминов-Зернов, Назаров, тағы басқа ғалымдар мен жазбагерлердің осы мәселеге қатысты естеліктері де белгілі бір баяндаулардан аттап кете алмайды. Яғни, олардың  ешқайсысы біз сөз етіп отырған хандықтың қазақ даласын қалай жаулағаны жөнінде көңіл көншітерліктей  деректер келтірмейді. Осындай шолақ-шолақ деректерге ден қойсақ, Қоқан басқыншылары біздің далаға шабуылдағанда жергілікті қазақтарды мал сияқты қайырып ала салған тәрізді, болмаса олар келгенде әр шаһарлардың қақпалары өзінен-өзі ашыла салғандай әсерде қаласың. Расында, қоқандықтар біздің өлкені қалай жаулады, қандай тәсілдермен басып алды? Сонымен қатар, сол шақта оңтүстік қазақтарының жай-күйі мен тұрмыс тіршілігі қай деңгейде еді? Қазақтар оларға қай деңгейде қарсылық көрсете алды? Жалпы, Қоқан хандығы деген – қандай хандық? Ол қалай пайда болды және оның қазақ даласын жаулаудағы мақсаты нендей мүдделерден туындады, ол елді қандай хандар басқарды, сондай-ақ сол кездегі тарихта оның алар орны бар ма?  Сөз басында айтайын: бүгін біз көтеріп отырған кезең тарихына қатысты кезінде Қоқан хандарының жеке хаткерлері жазып қалдырған, ал бүгінде Ферғана, Наманған, Ташкент, Санкт-Петербург мұрағаттары мен кітапханаларында шаңбасты болып жатқан нақты да дәл жәдігер дереккөздер өте мол. Оған қоса, сол заманның тарихын жазып қалдырған ферғаналық авторлардың, мәселен, Мырза Каландардың «Тарихи-и-Омар хан», Мұхаммед Хәкімнің «Мұнтаһәп ат-тауарих», Молда Нияз Мұхамедтің «Тарихи-и Шахрух», Әбу Убайдуллахтың «Құласат әл-ахуал», Мұхамед Салықтың «Тарихи уәлаят Ташканд» атты еңбектерінде аталмыш хандық туралы көптеген мағлұматтар бар. Әрі ондағы мәліметтер талай дүдәмал даталар мен күдікті фактілердің, болжам мен қисын бойынша жазыла салынған деректердің түп тамырын айқындап, ажыратып береді. Әлбетте, қай халықтың жазбагері немесе зерттеушісі болса да кейде болған уақиғалар мен өткен тарихтың болмысын өз халқының мүддесіне орайластыра жазатыны бар. Солай болғанмен де ондайлар, бәрібір, түбі ақиқат шеңберінен алшақтап кете алмайтыны тағы рас...  МОМБЕК ӘБДӘКІМҰЛЫ, жазушы «Түркістан» газеті
11.11.2013 06:16 4824

XIX ғасырдың басында Қоқан хандығы Қазақстанның оңтүстік облыстарын, атап айтқанда, қазіргі Қызылорда қаласы мен оның шығыс аудандарын, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының жерін, Алматы облысының батыс аймағын басып алып, оларды елу бес жылдай өз құзырында ұстады. Бір өкініштісі, осы кезеңнің шынайы тарихы әлі күнге дейін толық ашылмай, тым көмескі күйінде қалуда. Қазақ халқының өткенін баяндайтын барлық тарихи әдебиеттер мен зерттеулер жинақтарында да аталмыш кезеңнің сипаты — «Оңтүстік Қазақстан жерін 1808-1864 жылдар аралығында Қоқан хандығы жаулап тұрды» дейтін жалпылама берілген мағлұматтан аспайды. Бекназаров, Наливкин, Вильяминов-Зернов, Назаров, тағы басқа ғалымдар мен жазбагерлердің осы мәселеге қатысты естеліктері де белгілі бір баяндаулардан аттап кете алмайды. Яғни, олардың  ешқайсысы біз сөз етіп отырған хандықтың қазақ даласын қалай жаулағаны жөнінде көңіл көншітерліктей  деректер келтірмейді.

Осындай шолақ-шолақ деректерге ден қойсақ, Қоқан басқыншылары біздің далаға шабуылдағанда жергілікті қазақтарды мал сияқты қайырып ала салған тәрізді, болмаса олар келгенде әр шаһарлардың қақпалары өзінен-өзі ашыла салғандай әсерде қаласың. Расында, қоқандықтар біздің өлкені қалай жаулады, қандай тәсілдермен басып алды? Сонымен қатар, сол шақта оңтүстік қазақтарының жай-күйі мен тұрмыс тіршілігі қай деңгейде еді? Қазақтар оларға қай деңгейде қарсылық көрсете алды? Жалпы, Қоқан хандығы деген – қандай хандық? Ол қалай пайда болды және оның қазақ даласын жаулаудағы мақсаты нендей мүдделерден туындады, ол елді қандай хандар басқарды, сондай-ақ сол кездегі тарихта оның алар орны бар ма? 

Сөз басында айтайын: бүгін біз көтеріп отырған кезең тарихына қатысты кезінде Қоқан хандарының жеке хаткерлері жазып қалдырған, ал бүгінде Ферғана, Наманған, Ташкент, Санкт-Петербург мұрағаттары мен кітапханаларында шаңбасты болып жатқан нақты да дәл жәдігер дереккөздер өте мол. Оған қоса, сол заманның тарихын жазып қалдырған ферғаналық авторлардың, мәселен, Мырза Каландардың «Тарихи-и-Омар хан», Мұхаммед Хәкімнің «Мұнтаһәп ат-тауарих», Молда Нияз Мұхамедтің «Тарихи-и Шахрух», Әбу Убайдуллахтың «Құласат әл-ахуал», Мұхамед Салықтың «Тарихи уәлаят Ташканд» атты еңбектерінде аталмыш хандық туралы көптеген мағлұматтар бар. Әрі ондағы мәліметтер талай дүдәмал даталар мен күдікті фактілердің, болжам мен қисын бойынша жазыла салынған деректердің түп тамырын айқындап, ажыратып береді. Әлбетте, қай халықтың жазбагері немесе зерттеушісі болса да кейде болған уақиғалар мен өткен тарихтың болмысын өз халқының мүддесіне орайластыра жазатыны бар. Солай болғанмен де ондайлар, бәрібір, түбі ақиқат шеңберінен алшақтап кете алмайтыны тағы рас... 

МОМБЕК ӘБДӘКІМҰЛЫ,

жазушы

«Түркістан» газеті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға