Астана ХХІ ғасырдың ғажайып қаласын салу арманынан бой көтерді. Бұл туралы бүгін «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» алғашқы Назарбаев оқулары» форумы барысында «Vox Populi» ғылыми-зерттеу орталығының президенті Эрманно Визинтайнер мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Иконографиялық тұрғыда жаңа Қазақстан - бұл оның елордасы, Астана. Латынша айтсақ, nomenomen, яғни, атаулар бекерден бекер берілмейді. Астана ХХІ ғасырдың ғажайып қаласын құру арманынан бой көтерді. Сәулет құрылыстарының негізін жапондық Кишо Кирокава қаласа, Астананың Бейбітшілік және келісім сарайының авторы Сэр Нормен Фостер «Хан Шатыр» деп аталатын алып ғимараттың да жобасын жасады. Қаланың тағы бір нышаны – Бәйтерек мұнарасы, Қазақстанның әлемге белгілі символы, Жер кіндігі, оның шыңынан футуристік геометрияны байқауға болады», - Э. Визинтайнер.
Оның айтуынша, Қазақстан ұлан-байтақ даласы бүкіл болашақ мүмкіндіктерге жол ашып, оның мәні мен рухын сақтап, түрлендіре алады.
«Қазақ жерінде мәңгілікке үгіттейтін уақыт өлшемі мен кеңістік өлшемі қатар кездеседі. Аспан ежелгі түріктердің урандық ғажайыбы, кейіннен уза, биік, көк, аспан көк, монгка, мәңгі және куч, құдіреттілік сияқты сипаттарға ие болып Аллаһқа теңестірілген Тәңірінің көрінісі болып табылады. Қазақ шеберлерін шабыттандыратын ұлан-байтақ даланың рухы, ақындар жырлағандай, бұл елде ерекше физикалық түйсік бар, ол жүректің дүрсілі, тамырдың соғуы арқылы анықталады», - деп түсіндірді Э. Визинтайнер.
Астана ХХІ ғасырдың ғажайып қаласын салу арманынан бой көтерді – сарапшы
Оқи отырыңыз
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады