Жаңалықтар

Кей елдер ядролық державаға айналуға ұмтылып жатқанда, Қазақстан бейбіт өмірді таңдады – сарап

Кей елдер ядролық державаға айналуға ұмтылып жатқанда, жас тәуелсіз Қазақстан бейбітшілік пен қарусыздану жолын таңдады. Бұл туралы бүгін «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» алғашқы Назарбаев оқулары» форумында Еуропа кеңесінің бас хатшысы Вальтер Швиммер мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Қазақстан Республикасының бейбітшілік пен келісім аясында халықаралық қатынастарға өз үлесін қосуға жоғары деңгейде дайындалғанын атап өту керек. Бұл халықтар мен наным-сенімдердің достастығы ғаламдық үлгі болып қызмет ете алады. Қазақстанның мәдениетаралық және конфессияаралық диалог арқылы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету бойынша жұмсаған күш-жігері бізді таңқалдырады», - деді В. Швиммер Оның пікірінше, бұл игілікті іс Қазақстанның Кеңес Одағынан мұра болып қалған ядролық қарудан өз еркімен бас тартуынан басталады. «Кей елдер ядролық державаға айналуға ұмтылып, халықаралық санкциялармен келісіп жатқанда, жас тәуелсіз Қазақстан бейбітшілік пен қарусыздану жолын таңдады. Бүгінгі күнге дейін бұл ядролық қаруды таратпау саласындағы ең маңызды қадам болып отыр. Астанада өткен бірнеше халықаралық кездесулер: Дүниежүзілік форум, 2012 жылы төртінші рет өткізілген Әлемдік көшбасшылар съезі мәдениетаралық және дінаралық диалогтарға арналды. Бұлар өркениеттер арасындағы халықаралық диалогтың биік шыңы болып табылады. Мен осындай шаралардың кейбіріне қатысқаныма қуаныштымын», - деп түйіндеді ол Швиммер.
29.11.2012 06:38 2763

Кей елдер ядролық державаға айналуға ұмтылып жатқанда, жас тәуелсіз Қазақстан бейбітшілік пен қарусыздану жолын таңдады. Бұл туралы бүгін «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» алғашқы Назарбаев оқулары» форумында Еуропа кеңесінің бас хатшысы Вальтер Швиммер мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Қазақстан Республикасының бейбітшілік пен келісім аясында халықаралық қатынастарға өз үлесін қосуға жоғары деңгейде дайындалғанын атап өту керек. Бұл халықтар мен наным-сенімдердің достастығы ғаламдық үлгі болып қызмет ете алады. Қазақстанның мәдениетаралық және конфессияаралық диалог арқылы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету бойынша жұмсаған күш-жігері бізді таңқалдырады», - деді В. Швиммер

Оның пікірінше, бұл игілікті іс Қазақстанның Кеңес Одағынан мұра болып қалған ядролық қарудан өз еркімен бас тартуынан басталады.

«Кей елдер ядролық державаға айналуға ұмтылып, халықаралық санкциялармен келісіп жатқанда, жас тәуелсіз Қазақстан бейбітшілік пен қарусыздану жолын таңдады. Бүгінгі күнге дейін бұл ядролық қаруды таратпау саласындағы ең маңызды қадам болып отыр. Астанада өткен бірнеше халықаралық кездесулер: Дүниежүзілік форум, 2012 жылы төртінші рет өткізілген Әлемдік көшбасшылар съезі мәдениетаралық және дінаралық диалогтарға арналды. Бұлар өркениеттер арасындағы халықаралық диалогтың биік шыңы болып табылады. Мен осындай шаралардың кейбіріне қатысқаныма қуаныштымын», - деп түйіндеді ол Швиммер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға