Тарих жалпыға ортақ және түсінікті тілде жазылуы керек. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында профессор, тарих ғылмдарының докторы, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Хангелді Әбжанов мәлімдеді.
«Қазір ұлттық тарихты зерделеу және ел тарихын біріздендіру бойынша жұмыстар қолға алынып жатыр. Жалпы, мен мына нәрселерді атап өтер едім. Тарихи деректердің әлі де толықтай жаңғырмағанын байқауға болады. Бұрынғы кеңестік замандағы мәліметтер кәдеге жаратылып жатыр. Сондықтан, біріншіден, жете зерттеліп, жаңартылған материалдарды пайдалануымыз керек. Екіншіден, қазақ тілі бай дейміз. Туған тіліміздің құдіреттілігін осы мақсатта да пайдалану керек», - деді тарихшы.
Яғни, оның айтуынша, ғылыми терминдерден арылып, тарих жалпыға ортақ, түсінікті тілде жазылуы тиіс.
«Ал үшіншіден, қазір Қазақстан ғылымына жастар келіп жатыр дейміз ғой. Бірақ, олардың кәсіби деңгейі төмен. Мысалы, Әлкей Марғұлан, Қаныш Сәтпаев, Олжас Сүлейменов сынды ғалымдардың 35-40 жас шамасында қол жеткізген жетістіктеріне бүгінгі 35-40 жастағы ғалымдар әлі жете алған жоқ, тіпті жақындамады да. Міне, мен осындай кемшіліктерді айтар едім», - деп түйіндеді Хангелді Әбжанов.
Тарих жалпыға ортақ және түсінікті тілде жазылуы тиіс – профессор
Оқи отырыңыз
23 Сәуір, 17:09
Ерте қартайған Нұржан: Бір кездері ел шулаған тағдыр бүгінде қалай өзгерді?23 Сәуір, 11:31
Қазақстандағы ең ерекше кітапханалар: тарихы мен бүгінгі келбеті9 Сәуір, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды8 Сәуір, 17:20
Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?