Жаңалықтар

СҚО-да Абылай ханның 300 жылдығына арналған ат жарысы

Солтүстік Қазақстан облысында «Құлагер» ипподромында Абылай ханның 300 жылдығына арналған ат жарысы өттi. Бұл туралы Вnews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Шараның ашылуында сөз сөйлеген облыс әкiмi Самат Ескендiров қазақтың атақты қолбасшысы, үш жүздiң басын қосқан ұлы ханның ел тарихындағы ерекше орнын атап өттi. Жарыс 5 шабыстан тұрды. «Құнан бәйгенi» астаналық Берiк Айтпаев жеңiп алды. «Жорға жарыстың» жеңiмпазы болып Макинсктен келген Николай Бабичев атанды. Үш жасқа дейiнгi аттардың жарысында Есiл ауданының тұрғыны Вячеслав Таровников мәре сызығын бiрiншi болып кестi. Ал үш жастан кейiнгi аттардың сайысында Қызылжар ауданы өкiлi Әбдуали Нұрметов оқ бойы озып келдi. Алдына жан салмаған астаналық Берiк Айтпаев «Аламан бәйгенi» де қанжығасына байлады.
01.10.2013 02:59 3709

Солтүстік Қазақстан облысында «Құлагер» ипподромында Абылай ханның 300 жылдығына арналған ат жарысы өттi. Бұл туралы Вnews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шараның ашылуында сөз сөйлеген облыс әкiмi Самат Ескендiров қазақтың атақты қолбасшысы, үш жүздiң басын қосқан ұлы ханның ел тарихындағы ерекше орнын атап өттi.

Жарыс 5 шабыстан тұрды. «Құнан бәйгенi» астаналық Берiк Айтпаев жеңiп алды. «Жорға жарыстың» жеңiмпазы болып Макинсктен келген Николай Бабичев атанды. Үш жасқа дейiнгi аттардың жарысында Есiл ауданының тұрғыны Вячеслав Таровников мәре сызығын бiрiншi болып кестi.

Ал үш жастан кейiнгi аттардың сайысында Қызылжар ауданы өкiлi Әбдуали Нұрметов оқ бойы озып келдi. Алдына жан салмаған астаналық Берiк Айтпаев «Аламан бәйгенi» де қанжығасына байлады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға