Жаңалықтар

«Астана» баскетбол командасы жаңа маусымға дайын

«Астана» президенттік кәсіби спорт клубының құрамына кірген еліміздің үздік баскетбол клубы үшінші маусымды бастауға дайын. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады. Кеше «Астана» баскетбол клубы ресми түрде 2013/2014 жаңа маусымға өзінің жаңа құрамымен жанкүйерлерді таныстырды. «Болашақта «Астана» БК велокоманда секілді Қазақстанның брендіне айналатынына сенімдімін. Өткен маусымда команда жақсы баскетбол көрсетіп, тамаша жетістіктерге қол жеткізді», - деді «Астана» президенттік кәсіби спорт клубы қамқоршылық кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ басқарушы директоры Дархан Қалетаев. Елордалық клубқа төрт ойыншы қосылды. Атап айтқанда, қостанайлық «Тобыл» командасынан Тимур Сұлтанов ауысты. Жаңа үш легионер ойыншының бірі - американдық форвард Пэт Калатес, ол "Маккаби Хайфа" командасының сапында өнер көрсеткен, Израиль чемпионы. Олашени «Шейн» Лаваль өз спорттық жолын американдық NCAA лигасында «Оакланд» командасымен бастап, кейін Испанияда ойнады. «Астанаға» ойыншы итальяндық «Тезенис-Верона» командасынан келді. Төртінші ойыншы - жаңа қорғаушы, Латвия құрама командасының ойыншысы Янис Блюмс. «Астана» БК бас директоры, олимпиада чемпионы Валерий Тихоненко сәлемдесуден кейін жаңа маусымы жөнінде қысқаша ақпаратпен, қарсыластар мен команданың жоспары туралы мәліметпен бөлісті. «Биыл біз жаңа командалармен бақ сынасамыз. Олар әлі Қазақстанда болған жоқ, атап айтқанда, ЦСКА, ригалық ВЭФ, Волгоград қаласының «Красный Октябрь», «Цмоки-Минск» және литвалық «Нептунас» командалары. Өткен маусымда ВТБ Лигасының плей-офф сериясына өтуді жоспарласақ, енді мақсатымыз одан да жоғары. Біз команданың негізгі құрамын сақтап, оны мықты ойыншылармен толықтырдық»,- дейді Валерий Тихоненко. Кездесуде клуб нағыз жанкүйерлерді арнайы сыйлықтармен марапаттағаннан соң ойыншылар кезекті жаттығуларға аттанды. 2 қазанда Маттео Боничиоллидің тәрбиеленушілері Грекияда азулы «Панатинаикос» командасымен жолдастық кездесу өткізеді. 8-9 қазанда команда ҚР чемпионаты шеңберінде алғашқы ойындарды «Қапшағай» БК-мен сырт алаңда ойнайды. 14 қазанда спортшылар Бірыңғай ВТБ Лигасының алғашқы ойынында Мәскеу облысының «Триумф» командасымен кездеседі.  
01.10.2013 02:56 3574

«Астана» президенттік кәсіби спорт клубының құрамына кірген еліміздің үздік баскетбол клубы үшінші маусымды бастауға дайын. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады. Кеше «Астана» баскетбол клубы ресми түрде 2013/2014 жаңа маусымға өзінің жаңа құрамымен жанкүйерлерді таныстырды.

«Болашақта «Астана» БК велокоманда секілді Қазақстанның брендіне айналатынына сенімдімін. Өткен маусымда команда жақсы баскетбол көрсетіп, тамаша жетістіктерге қол жеткізді», - деді «Астана» президенттік кәсіби спорт клубы қамқоршылық кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ басқарушы директоры Дархан Қалетаев.

Елордалық клубқа төрт ойыншы қосылды. Атап айтқанда, қостанайлық «Тобыл» командасынан Тимур Сұлтанов ауысты. Жаңа үш легионер ойыншының бірі - американдық форвард Пэт Калатес, ол "Маккаби Хайфа" командасының сапында өнер көрсеткен, Израиль чемпионы. Олашени «Шейн» Лаваль өз спорттық жолын американдық NCAA лигасында «Оакланд» командасымен бастап, кейін Испанияда ойнады. «Астанаға» ойыншы итальяндық «Тезенис-Верона» командасынан келді. Төртінші ойыншы - жаңа қорғаушы, Латвия құрама командасының ойыншысы Янис Блюмс.

«Астана» БК бас директоры, олимпиада чемпионы Валерий Тихоненко сәлемдесуден кейін жаңа маусымы жөнінде қысқаша ақпаратпен, қарсыластар мен команданың жоспары туралы мәліметпен бөлісті.

«Биыл біз жаңа командалармен бақ сынасамыз. Олар әлі Қазақстанда болған жоқ, атап айтқанда, ЦСКА, ригалық ВЭФ, Волгоград қаласының «Красный Октябрь», «Цмоки-Минск» және литвалық «Нептунас» командалары. Өткен маусымда ВТБ Лигасының плей-офф сериясына өтуді жоспарласақ, енді мақсатымыз одан да жоғары. Біз команданың негізгі құрамын сақтап, оны мықты ойыншылармен толықтырдық»,- дейді Валерий Тихоненко.

Кездесуде клуб нағыз жанкүйерлерді арнайы сыйлықтармен марапаттағаннан соң ойыншылар кезекті жаттығуларға аттанды.

2 қазанда Маттео Боничиоллидің тәрбиеленушілері Грекияда азулы «Панатинаикос» командасымен жолдастық кездесу өткізеді. 8-9 қазанда команда ҚР чемпионаты шеңберінде алғашқы ойындарды «Қапшағай» БК-мен сырт алаңда ойнайды. 14 қазанда спортшылар Бірыңғай ВТБ Лигасының алғашқы ойынында Мәскеу облысының «Триумф» командасымен кездеседі.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға