Петропавлда «Біздің күшіміз бірлікте» атты түркі мәдениетінің бірінші облыстық фестивалі өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Түркі этникалық және тіл мәдениетінің тарихы біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтан басталады. Түркілер тарихы Еуразия аумағында мекен ететін өзге ұлттармен араласуы бойынша ерекшеленеді. Дәл осы түркі халықтарының мекен ету және таралу аумағының ауқымды болуына басты себеп.
«Фестивальді өткізу түркі халықтарының мәдениеті және салт-дәстүрімен танысуға бағытталған. Материалдық және мәдени ортақ құндылықтарды сақтау, дамыту және келер ұрпаққа табыс ету үшін түркі халықтарымен ынтымақтастықты насихаттау негізгі мақсат боп табылады», – деді облыстық Қазақстан халықтары ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Елена Мезева.
Фестивал бағдарламасына сәйкес, қалалық Мәдениет үйінің әртістері көне ұлттық аспаптарда күй ойнады.
Фестивальге түркі халықтарының мәдениетін таныстыратын облыс орталығының шығармашылық ұжымдары мен этнобірлестіктер қатысты.
Петропавлда түркі мәдениетінің бірінші облыстық фестивалі өтті
Оқи отырыңыз
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды