Ұлы Жібек жолының пайда болуы және дамуы, сондай-ақ ежелгі Қазақстан аумағындағы урбанизация процесі әлем тарихының мәселесі болып табылады. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында ҚР БҒМ Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Карл Байпақов айтты.
«Тарихи ғылымдарындағы маңызды бағыттардың бірі - біздің тарихымыздың ежелгі кезеңі яғни, археология. Көптеген ғалымдар мен зерттеушілер археологиялық жұмыстармен айналысып жатыр. Дегенмен қосымша материалдарды қажет ететін көптеген проблемалар бар. Оның ішінде Қазақстан аумағындағы мемлекеттілікті айқындау, Ұлы Жібек жолы мәселесі мен урбанизациялану үрдісін атап көрсетуге болады»,-деді Карл Байпақов.
Зерттеуші қазір археологтар экспедициялар ұйымдастырып, еліміздің әр түкпірінде жұмыс жасап жатқанын айтты. Сонымен қатар отандық ғалымдар шетелдік әріптестерімен тығыз байланыс орнатқан.
«Отырар, Түркістан мен Тараз сияқты қалаларда біздің ғалымдармен қатар Польша, Англия, Германия мен өзге елдердің зерттеушілер жұмыс жасап жатыр. Ғалымдардың бірлесіп жұмыс істеуі және еңбектердің сарапталуы көптеген мәселелерге, оның ішінде Ұлы Жібек жолының дамуы мен урбанизациялану мәселесін терең ұғынуға мүмкіндік береді. Сондықтан, еліміздің әлемдік жаһандану үрдісіне қосқан үлесін көрсету аса маңызды болып табылады»,-деп атап өтті К.Байпақов.
К.Байпақов: Қазақстанның әлемдік жаһандану үрдісіне қосқан үлесін көрсетудің маңызы зор
Оқи отырыңыз
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді