Ақордада өткен Ведомствоаралық жұмыс тобы мүшелерiнiң отырысы барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин бүгін тұсауы кесілген «Қазақстан тарихы» порталының контентін саралауды тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Қазақстан тарихы» веб порталының контентін ұдайы түрде толықтырып отыру мәселелерін қарастыру қажет. 2014 жылдың наурыз айына дейін өз ресурстарымыздың арқасында жұмысты атқарамыз. Портал жарты жыл ғана жұмыс істеп, кейін тоқтап қалмауы тиіс. Оған жүйелі түрде мемлекеттік қолдау көрсетілуі тиіс», - деді М.Тәжин.
«Порталды одан ары қарай дамыту жағынан алғанда контентті саралау мәселесін ескеру қажет. Ол балаларға да, академик ғалымдарға да, студенттерге де қызықты болады. Дегенмен, контентті қатаң түрде саралау керек. Қазір оған 131 оқулық енгізілген. Қазақстан тарихына қатысты оқулықтардың негізгі бөлігі түгел дерлік порталда бар. Бірде-бір кітап дүкені, академиялық кітапхана мұндай қорға ие емес. Ал порталда оның барлығын бірнеше минут ішінде қарап шығуға болады», - деп толықтырды Мемлекеттік хатшы.
Мемхатшы «Қазақстан тарихы» веб-порталының контентін саралауды тапсырды
Оқи отырыңыз
23 Сәуір, 17:09
Ерте қартайған Нұржан: Бір кездері ел шулаған тағдыр бүгінде қалай өзгерді?23 Сәуір, 11:31
Қазақстандағы ең ерекше кітапханалар: тарихы мен бүгінгі келбеті9 Сәуір, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды8 Сәуір, 17:20
Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?