«Ағымдағы жылдың қазан айында тиісті академиялық деңгейде қойылған міндеттерді іс жүзінде атқару мәселесіне арналған тарихшылар Конгресін өткізу қажет. Аталмыш шараға біздің аймақты, нақты алғанда Қазақстан тарихын зерттеумен айналысатын беделді шетел ғалымдарын шақыру маңызды деп есептеймін. Түркітану саласын тек филологиялық ғылым ретінде ғана қарастырмайтын болайық, басым жағынан алғанда бұл тарихи ғылым болып табылады. Филологиялық аспектінің маңызды екені сөзсіз. Бұл конгресске түркітанушы ғалымдарды неге шақырмасқа? Мүмкіндігіміз бар емес пе? Қазақстан тарихшыларының конгресін осындай кең форматта қарастырсақ», - деді М.Тәжин.
Қазақстан тарихшыларының конгресіне шетел ғалымдары, түркітанушылар да қатысуы керек - М.Тәжин
Оқи отырыңыз
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді
Бүгiн Ақордада өткен Ведомствоаралық жұмыс тобы мүшелерiнiң отырысы барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин қазан айында өтетін Қазақстан тарихшыларының конгресін кең форматта қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.