Теміртаудағы «SOS Киндердорф» балалар аулына Тұңғыш Президент мерекесіне орай 12 млн иеңгенің сертификаты беріледі. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне қала әкімінің әлеуметтік мәселелер және ішкі саясат жөніндегі орынбасары Шолпан Мырзахасимова мәлімдеді.
«Тұңғыш Президент күніне орай «SOS Киндердорф» балар аулына 12 млн теңгенің сертификаты беріледі. Облыс әкімі балалар аулында болып, сол балалар үйіндегі 12 отбасының әрқайсысына 1 млн теңгенің сертификатын табыс етеді», – деді Мырзахасимова журналистерге берген сұхбатында.
Әкім орынбасары атап өткендей, сертификаттар тұрмыстық техника алуға арналған.
«Сонымен қатар, әрбір отбасы 1 желтоқсанға арнайы дайындалған торт беріледі. Ол торттар тапсырыспен пісіріледі. Сондай-ақ, балаларға қорабы мерекеге арнайы дайындалып сәнделген Қарағанды кондитерлік фабрикасының тәттілері де беріледі», – деді ол.
Сондай-ақ, 29 қараша күні Қарағанды облысындағы барлық балалар үйінде мерекелік бағдарламалар, концерттер, спортшылармен, шығармашылық адамдарымен, достарымен кездесу ұйымдастырылады. Өткен жылдардағыдай, «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның атынан демеушлір мен балалар үйінде тәрбиеленушілердің қамқоршыларын тосынсый күтіп тұр.
Теміртауда балалар аулына Тұңғыш Президент мерекесіне орай 12 млн теңгенің сертификаты тапсырылады
Оқи отырыңыз
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады