Жаңалықтар

Өңірлердегі мұражайлардың жұмысына жаңа инновациялық бағыттар жетіспейді –А.Қалыш

Өңірлердегі мұражайлардың жұмысына жаңа инновациялық бағыттар жетіспейді, дейді BNews.kz тілшісіне пікірін білдірген Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Аманжол Қалыш. Аманжол Боранбаұлы атап өткендей, аймақтардағы мұражайлардың ақсап тұрған тұсы, ол – «музейлердің әлеуметтік қызметі», «этнографиялық ауылдар», «музейлік иммитация», «жанды музейлер», «жанды экспозиция», «музеография», «музейлік интерпретация», «коммуникация» сияқты жаңа инновациялық бағыттардың жетіспеушілігі.  «Ұлттық тарихты зерделеуге орай маусым айында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин өткізген ведомоствоаралық жалпыұлттық мәжілістен соң ұлттық мұраларымызды сақтау, қорғау және оны пайдалану ісінде де жаңа бетбұрыстар басталғаны белгілі. Біздің кафедра «мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы бойынша бакалавр және магистратура бөлімі негізінде мамандарды даярлауда. Осы мамандықта білім алушыларға өңірлік, яғни облыс, аудандарды қамтитын дипломдық жұмыстардың тақырыптары беріледі. Түлектер зерттеу жұмыстарында музейлердің ғылыми-көпшілік, ағартушылық, халықпен байланыс жұмыстарын қамтып, осы бағыттағы мұражай ісіне талдау жасап, сыни көзқарасын да білдіреді», дейді кафедра меңгерушісі. Аманжол Боранбайұлының айтуынша, кафедраның ұстаздары мен студенттері аймақтардағы мұражайлар сол өңірдің тарихи-этнографиясынан мағлұмат беретін материалдардың молдығын анықтаған. «Кафедра мамандары ұйымдастырып отырған археологиялық зерттеулер, археологиялық экспедициялар «Археологиялық ескерткіштерді Ашық аспан асты мұражайларында сақтау, қорғау, археологиялық нысандарды консервациялау» ісі бойынша ғылыми жұмыстар және өңірлік ескерткіштерді қорғау мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс істеп, «Далалық семинарлар» ұйымдастырып тұрады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Археология, этнология және музеология кафедрасы қазіргі таңда профессор, тарих ғылымдарының докторы Ә.Төлеубаевтың жетекшілігімен «Қазақ халқының дәстүрлі мұраларын жинау, жүйелеу және жариялау» атты іргелі жобаны жүзеге асыруда. Осы жоба аясында 2012 жылы Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары өңірлік музейлеріне ғылыми іс-сапар, ал 2013 жылдың жаз айларында Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының ауылдық мекендеріне этнографиялық экспедиция ұйымдастырып, экспедиция өңірлік музейлердің этнографиялық қорларын зерттеу жұмыстарын қоса жүргізді. Ғылыми іс-сапар барысында өңірлік музей қызметкерлеріне ғылыми-әдістемелік кеңес беру жұмыстары қоса атқарылды. Кафедра мамандары зерттеулер барысында өңірлік музей қорларында бірегей, сол өңірдің тарихи-этнографиясынан мағлұмат беретін материалдардың молдығын анықтады. «ҚР музейлері коллекциясының қалыптасуы», «Музей артефактілерін реставрациялау жіәне консервациялау», «Ашық аспан асты музейлері», «ҚР тарихи мәдени қорықтары», «Ескерткіштерді классификациялау, жүйелеу және ғылыми өңдеу», «Экскурсиялық-туристік қызмет менеджменті» атты пәндер өңірлік музейлерді және олардың қорларын қамтиды. Өңірлік материалдар дәріс, семинар сабақтарында қамтылады. Өңірлік, яғни аудандық музейлер негізінен сол ауданға қарасты білім беру орындарымен байланыс орнатқан, ал жергілікті жердегі орта және егде тартқан жастағы адамдармен байланыс негізінен қорды толықтыру мақсатында жүретіндігі анықталды. Өңірлік мұражайларға «музейлердің әлеуметтік қызметі», «этнографиялық ауылдар», «музейлік иммитация», «жанды музейлер», «жанды экспозиция», «музеография», «музейлік интерпретация», «коммуникация» сияқты жаңа инновациялық бағыттар жетіспейді. Сондықтан өңірлік мұражайларда жұмыс жасайтын қызметкерлерді Алматы, Астана сияқты мұражай ісі жөніндегі орталықтар орналасқан қалаларға білімдерін жетілдіруге жіберу керек. Біздің кафедра өз кезегінде алдағы уақыттағы этнографиялық-далалық, археологиялық экспедициялар барысында өңір мұражайларымен байланыс орнатып, сол өңірде ғылыми-әдістемелік семинарлар өткізу ісін одан әрі жалғастырады» ,- деп түйіндеді пікірін А.Қалыш.
24.09.2013 03:39 3753

Өңірлердегі мұражайлардың жұмысына жаңа инновациялық бағыттар жетіспейді, дейді BNews.kz тілшісіне пікірін білдірген Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Аманжол Қалыш.

Аманжол Боранбаұлы атап өткендей, аймақтардағы мұражайлардың ақсап тұрған тұсы, ол – «музейлердің әлеуметтік қызметі», «этнографиялық ауылдар», «музейлік иммитация», «жанды музейлер», «жанды экспозиция», «музеография», «музейлік интерпретация», «коммуникация» сияқты жаңа инновациялық бағыттардың жетіспеушілігі. 

«Ұлттық тарихты зерделеуге орай маусым айында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин өткізген ведомоствоаралық жалпыұлттық мәжілістен соң ұлттық мұраларымызды сақтау, қорғау және оны пайдалану ісінде де жаңа бетбұрыстар басталғаны белгілі. Біздің кафедра «мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы бойынша бакалавр және магистратура бөлімі негізінде мамандарды даярлауда. Осы мамандықта білім алушыларға өңірлік, яғни облыс, аудандарды қамтитын дипломдық жұмыстардың тақырыптары беріледі. Түлектер зерттеу жұмыстарында музейлердің ғылыми-көпшілік, ағартушылық, халықпен байланыс жұмыстарын қамтып, осы бағыттағы мұражай ісіне талдау жасап, сыни көзқарасын да білдіреді», дейді кафедра меңгерушісі.

Аманжол Боранбайұлының айтуынша, кафедраның ұстаздары мен студенттері аймақтардағы мұражайлар сол өңірдің тарихи-этнографиясынан мағлұмат беретін материалдардың молдығын анықтаған.

«Кафедра мамандары ұйымдастырып отырған археологиялық зерттеулер, археологиялық экспедициялар «Археологиялық ескерткіштерді Ашық аспан асты мұражайларында сақтау, қорғау, археологиялық нысандарды консервациялау» ісі бойынша ғылыми жұмыстар және өңірлік ескерткіштерді қорғау мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс істеп, «Далалық семинарлар» ұйымдастырып тұрады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Археология, этнология және музеология кафедрасы қазіргі таңда профессор, тарих ғылымдарының докторы Ә.Төлеубаевтың жетекшілігімен «Қазақ халқының дәстүрлі мұраларын жинау, жүйелеу және жариялау» атты іргелі жобаны жүзеге асыруда. Осы жоба аясында 2012 жылы Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары өңірлік музейлеріне ғылыми іс-сапар, ал 2013 жылдың жаз айларында Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының ауылдық мекендеріне этнографиялық экспедиция ұйымдастырып, экспедиция өңірлік музейлердің этнографиялық қорларын зерттеу жұмыстарын қоса жүргізді. Ғылыми іс-сапар барысында өңірлік музей қызметкерлеріне ғылыми-әдістемелік кеңес беру жұмыстары қоса атқарылды. Кафедра мамандары зерттеулер барысында өңірлік музей қорларында бірегей, сол өңірдің тарихи-этнографиясынан мағлұмат беретін материалдардың молдығын анықтады. «ҚР музейлері коллекциясының қалыптасуы», «Музей артефактілерін реставрациялау жіәне консервациялау», «Ашық аспан асты музейлері», «ҚР тарихи мәдени қорықтары», «Ескерткіштерді классификациялау, жүйелеу және ғылыми өңдеу», «Экскурсиялық-туристік қызмет менеджменті» атты пәндер өңірлік музейлерді және олардың қорларын қамтиды. Өңірлік материалдар дәріс, семинар сабақтарында қамтылады. Өңірлік, яғни аудандық музейлер негізінен сол ауданға қарасты білім беру орындарымен байланыс орнатқан, ал жергілікті жердегі орта және егде тартқан жастағы адамдармен байланыс негізінен қорды толықтыру мақсатында жүретіндігі анықталды. Өңірлік мұражайларға «музейлердің әлеуметтік қызметі», «этнографиялық ауылдар», «музейлік иммитация», «жанды музейлер», «жанды экспозиция», «музеография», «музейлік интерпретация», «коммуникация» сияқты жаңа инновациялық бағыттар жетіспейді. Сондықтан өңірлік мұражайларда жұмыс жасайтын қызметкерлерді Алматы, Астана сияқты мұражай ісі жөніндегі орталықтар орналасқан қалаларға білімдерін жетілдіруге жіберу керек. Біздің кафедра өз кезегінде алдағы уақыттағы этнографиялық-далалық, археологиялық экспедициялар барысында өңір мұражайларымен байланыс орнатып, сол өңірде ғылыми-әдістемелік семинарлар өткізу ісін одан әрі жалғастырады» ,- деп түйіндеді пікірін А.Қалыш.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға