Жаңалықтар

Бүкіләлемдік теңіз күні

Бұл атаулы күн 1978 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 10 сессиясының шешімімен қабылданған. Бүкіләлемдік теңіз күнінің мақсаты - теңіздер мен мұхиттарда балықты шектен тыс аулаудың, суаттарды ластау мен жаһандық жылынудың қаншалықты орны толмас зиян шектіретініне халықаралық қоғамдастық назарын аудару. Мейлінше маңызды екі міндет - теңіздегі қауіпсіздікті арттыру және теңіз аумағын, соның ішінде мұнаймен ластаудың алдын алу. Қазіргі уақытта елімізде 2 теңіз бар. Оның ең үлкені Каспий теңізі ластанған теңіздердің қатарына жатады. Теңізден мұнай өндіру мен жосықсыз балық аулау және ластанған суларды теңізге төгудің салдарынан экологиялық ахуалы біршама нашарлаған. Ал, Орта Азиядағы күрделі проблемаға айналған Арал теңізі қазіргі ахуалы өте қиын су бассейіндерінің қатарына жатады. Теңіздің суы тартылып, орны тұзды сорға айналған. Мұндай жаһандық проблемалар әлемнің бірқатар елдерінде кездеседі. Осы себепті БҰҰ күнтізбедегі күндердің бірін теңіздерге арнауды жөн санады. Baq.kz
24.09.2013 03:37 4899

Бұл атаулы күн 1978 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 10 сессиясының шешімімен қабылданған.

Бүкіләлемдік теңіз күнінің мақсаты - теңіздер мен мұхиттарда балықты шектен тыс аулаудың, суаттарды ластау мен жаһандық жылынудың қаншалықты орны толмас зиян шектіретініне халықаралық қоғамдастық назарын аудару. Мейлінше маңызды екі міндет - теңіздегі қауіпсіздікті арттыру және теңіз аумағын, соның ішінде мұнаймен ластаудың алдын алу.
Қазіргі уақытта елімізде 2 теңіз бар. Оның ең үлкені Каспий теңізі ластанған теңіздердің қатарына жатады. Теңізден мұнай өндіру мен жосықсыз балық аулау және ластанған суларды теңізге төгудің салдарынан экологиялық ахуалы біршама нашарлаған. Ал, Орта Азиядағы күрделі проблемаға айналған Арал теңізі қазіргі ахуалы өте қиын су бассейіндерінің қатарына жатады. Теңіздің суы тартылып, орны тұзды сорға айналған. Мұндай жаһандық проблемалар әлемнің бірқатар елдерінде кездеседі. Осы себепті БҰҰ күнтізбедегі күндердің бірін теңіздерге арнауды жөн санады.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға