Қазақстанда тұңғыш сценарийлік агенттік құрылды

Алматыда «Lumiere» сценарийлік агенттігі құрылды.

Кино сценарий туралы толық ақпарат ұсынылған ашық үлгідегі мамандандырылған сценарийлік агенттік әзірше ТМД аумағында жоқ көрінеді.
«Біздің мақсатымыз - киносценарийшілердің кәсіби деңгейін арттыру үшін кинодраматургия шеберлерінің басын біріктіру арқылы барлық кинематографиялық өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға септігімізді тигізу», - дейді агенттік төрағасы Жайық Сыздықов.

   Қазақстандық агенттік ашық жұмыс істеуді басшылыққа алып, әуесқой сценарий жазушылармен де бірлесіп жұмыс жасамақшы және олардың құқын қорғайды.

Baq.kz

Оқи отырыңыз