Ұлттық бірыңғай тестілеуді келесі екі кезеңге бөлу қарастырылып отыр. Олар: Ұлттық тестілеу және Кешенді тестілеу.
Бірінші кезеңде логикалық тест тапсырмалары арқылы функционалдық сауаттылық тексеріледі. Сондай-ақ, Ұлттық тестілеу жыл сайын өзгертілетін 5 пән бойынша өткізіледі. Бітірушілердің ойларын сауатты жеткізуін тексеру мақсатында эссе жазғызу қарастырылған.
Ал, екінші кезеңде талапкерлер ЖОО-ға тәуелсіз тестілеу арқылы таңдаған мамандығына сәйкес екі пәннен құралған блокты тапсырады.
Тестілеу заманауи ақпараттық иновациялық технологиялар арқылы өткізілмек.
Baq.kz
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 2015 жылдан бастап екі кезеңнен тұратын Ұлттық тестілеуге көшу қарастырылған. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.