Жаңалықтар

Назарбаев өзін саяси философ ретінде де танытты – ресейлік сарапшы

«Нұрсұлтан Назарбаев өзін саяси философ ретінде де танытып отыр». Бүгін Қазақстанның тұңғыш Президенті күні қарсаңында Астанада өткен «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы президенттік институт» халықаралық конференциясына қатысқан Ресей ғылым академиясының «Восток» журналы саясаттану бөлімінің меңгерушісі, саяси ғылымдар докторы Каринэ Геворгян BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында осылай деп ой бөлісті. «Біз саясаттанушылар мынаны аңғардық, посткеңестік кеңістіктегі сындарлы бастамалардың денін Нұрсұлтан Назарбаев көтерген. Тағы бір маңызды жайт, Қазақстан Президенті өзін саяси философ ретінде де танытып отыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын оның «Бесінші жол» деген өте танымды мақаласы жарыққа шықты. Ол ең алдымен қазақстандық басылымдарда, кейін «Известия» газетінде жарияланды. Біз мақаланы оқып, зерттедік. Өте терең ой айтылған. Бұл ретте ол посткеңестік кеңістіктегі әріптестерінен ерекшеленеді. Әрине, мен Назарбаевтың өзге әріптестері интеллектуалдық жағынан одан кем түсіп жатыр деп айтқым келмейді. Бірақ оның бұл қабілеті жарқын көрінеді», - деді Каринэ Геворгян. Мұнымен қатар, оның айтуынша, бүгінгі таңда президенттік институттың қазақстандық моделін сәтті үлгі ретінде айтуға әбден болады. «Өйткені, Қазақстанның жетістіктері бар. Және оларды бәріміз білеміз, көріп жүрміз. Әлбетте, Қазақстанда проблемалар жоқ деп айтудан аулақпыз. Мәселелер бар және оларды қазақстандықтар да, Президенттің өзі де мойындайды. Ал оларды шешу сіздердің қолдарыңыздан келеді деп ойлаймын», - деп атап өтті ресейлік сарапшы.
28.11.2012 12:17 2894

«Нұрсұлтан Назарбаев өзін саяси философ ретінде де танытып отыр». Бүгін Қазақстанның тұңғыш Президенті күні қарсаңында Астанада өткен «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы президенттік институт» халықаралық конференциясына қатысқан Ресей ғылым академиясының «Восток» журналы саясаттану бөлімінің меңгерушісі, саяси ғылымдар докторы Каринэ Геворгян BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында осылай деп ой бөлісті.

«Біз саясаттанушылар мынаны аңғардық, посткеңестік кеңістіктегі сындарлы бастамалардың денін Нұрсұлтан Назарбаев көтерген. Тағы бір маңызды жайт, Қазақстан Президенті өзін саяси философ ретінде де танытып отыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын оның «Бесінші жол» деген өте танымды мақаласы жарыққа шықты. Ол ең алдымен қазақстандық басылымдарда, кейін «Известия» газетінде жарияланды. Біз мақаланы оқып, зерттедік. Өте терең ой айтылған. Бұл ретте ол посткеңестік кеңістіктегі әріптестерінен ерекшеленеді. Әрине, мен Назарбаевтың өзге әріптестері интеллектуалдық жағынан одан кем түсіп жатыр деп айтқым келмейді. Бірақ оның бұл қабілеті жарқын көрінеді», - деді Каринэ Геворгян.

Мұнымен қатар, оның айтуынша, бүгінгі таңда президенттік институттың қазақстандық моделін сәтті үлгі ретінде айтуға әбден болады.

«Өйткені, Қазақстанның жетістіктері бар. Және оларды бәріміз білеміз, көріп жүрміз. Әлбетте, Қазақстанда проблемалар жоқ деп айтудан аулақпыз. Мәселелер бар және оларды қазақстандықтар да, Президенттің өзі де мойындайды. Ал оларды шешу сіздердің қолдарыңыздан келеді деп ойлаймын», - деп атап өтті ресейлік сарапшы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға