Қазақстан халқы EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізудің тиімділігін толық сезіне алмай отыр. Бұл туралы Ақордада облыс әкімдерімен өткен жиналыс барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Меніңше, қазақстандықтар әлі сезіне алмай отырған сияқты... Бұл – тәуелсіздік жылдары Қазақстанның халықаралық деңгейде қол жеткізген ең үлкен жетістігі. Салынған ғимараттардың бәрі бізде қалады – олар жеткен жетістіктерді жалпы Қазақстан бойынша енгізу үшін қажетті үлкен зертханаға, ғылыми паркке айналады», - деді Мемлекет басшысы.
«Барша әлем осы жолмен жүретін болады, сондықтан алдағы бес жылда барша әлем Қазақстан туралы айтатын шараның маңыздылығын тағы бір мәрте ескеріп өткім келеді», - деді Н.Назарбаев.
Оның айтуынша, оны өткізудің өзі ел үшін айтулы шаралардың біріне айналып, соның барысында елордада ғылым мен техника саласындағы ең озық жетістіктер көрсетілмек, ал қаншама қазақстандық осы болашақ экономикасын өз көздерімен тамашалау мүмкіндігіне ие болады.
«Біз үшін ЭКСПО әр өңірге пайдасы тиетін тиімді мегажобаға айналуы тиіс. Ол өз кезегінде елдің инновациялық дамуына жаңа серпін береді», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Н.Назарбаев: Қазақстандықтар ЭКСПО-ның тиімділігін әлі сезіне алмай отыр
Оқи отырыңыз
12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев23 Сәуір, 17:09
Ерте қартайған Нұржан: Бір кездері ел шулаған тағдыр бүгінде қалай өзгерді?23 Сәуір, 11:31
Қазақстандағы ең ерекше кітапханалар: тарихы мен бүгінгі келбеті