«Қазақстан білім саласында да Ұлыбританиямен тығыз байланыс орнатқан. Оған елімізде жүзеге асырылып жатқан көптеген ірі жобалар дәлел бола алады. Өткен жылдан бері Назарбаев зияткерлік мектептері жанынан ашылған Педагогикалық шеберлік орталықтарының Кембридж универсиетімен ынтымақтастығы сәтті жалғасып келеді. Сол уақыттан бері жалпы саны 12 мыңнан астам мұғалім оқудан өтті», - деді М.Әбенов.
Вице-министрдің берген ақпараты бойынша, еліміздегі «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда екі мыңнан астам степендиат білім алған.
«Степендиаттарды шетелде оқытатын «Болашақ» бағдарламасы бойынша Британия үлкен бамымдыққа ие. Аталған бағдарлама жүзеге асырылған уақыттан бері Ұлыбританияда екі мыңнан астам степендиат білім алған. Қазіргі таңда Англияда оқып жатқан қазақстандық студенттер саны 1 186-ны құрап отыр. Кембридж университетінде білім алған степендиаттардың жалпы саны 70 болса, бүгінде 23 студент оқып жатыр. Мұндай жемісті ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғаса береді деген үміттеміз», - деп қорытты М.Әбенов.
Ұлыбританияда 2 мыңнан астам студент «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алды – М
Оқи отырыңыз
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
«Болашақ» бағдарламасы бойынша 2 мыңнан астам студент Ұлыбританияда білім алған. Бұл жөнінде Астанада өткен Қазақстан-Британия Сауда және Өнеркәсіп Кеңесінің 17-ші отырысында Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов мәлімдеді, деп хабарлайды