Жаңалықтар

Сағынтаев: Назарбаев ұлттық рухымызды тәуелсіз, әлем елдерімен терезесі тең мемлекет құру арқылы асқ

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ халқының ұлттық рухын тәуелсіз, тұрақты, әлем елдерімен терезесі тең мемлекет құру арқылы асқақтатты. Бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Астанада өткен «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы президенттік институт» атты халықаралық конференцияда «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.   «Тәуелсіздік алғашқы жылдары қалай басталғаны бәріміздің есімізде. Бұл қиындыққа толы жылдар еді. Сол уақытта Тәуелсіздігіміздің болашақта баянды немесе баянсыз болатыны шешілген еді. Қуанышпен бірге «болашағымыз қалай болар екен» деген ойлар әркімді мазалағаны рас. Ал енді бүгінде авторы Нұрсұлтан Назарбаев болып табылатын қазақстандық даму жолы өзінің тиімділігін көрсетіп отыр», - деген Б.Сағынтаев тоқсаныншы жылдардың басындағы қиыншылықтарды сөз етті. «Қазақстан Кеңес Одағы күйрегеннен кейін көптеген қиындықтарға тап болды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі екі есе, ауыл шаруашылығы өнімінің үштен бірі қысқарып, көлік тасымалының үштен екі бөлігі азайды.Жұмыссыздық өсті. Қаражат жетіспеді. Зейнетақы, жәрдемақы мен жалақыны төлемеу әдеттегі жағдайға айналды. Осы уақытта Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қолға алған сенімді жүйелі шараларының нәтижесінде, бүгінгі күні біз мақтан ететін әлеуметтік-экономикалық реформалар жүзеге асырылды», - деп атап өтті Б.Сағынтаев. Сөйтіп, осы жылдары жекешелендіру жүргізіліп, жаңа бюджеттік және салық, тиімді банк және зейнетақы жүйелері енгізілді. Ауылдағы экономикалық қатынас қайта құрылып, жеке меншікті, кәсіпкерлікті қолдау шаралары белсенді қолға алынды. «Осылайша Қазақстан тоқсаныншы жылдары көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен қысқа мерзімде посткеңестік жолдан өтіп, түбегейлі құрылымдық қайта құруды жүзеге асырды. Елбасының тапсырмасымен қабылданған 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы ел дамуында айырықша маңызға ие. Он бір жылда жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім он есе өсіп, 11 мың 300 АҚШ долларын құрады. Зейнетақы мөлшері 6 еседан артық өсіп, тұрғын үй қоры 30 млн шаршы метрге артты. 330 мың отбасы жаңа пәтерлерге ие болды. Орташа айлық жалақы 5,5 есеге өсіп, білім мен денсаулық сақтау салаларына бөлінетін қаражат 8 еседен аса көбейді», - деді «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Мұнымен қатар Бақытжан Сағынтаев Қазақстан дамудың үшінші кезеңіне аяқ басқанын, мемлекеттің әрі қарай өркендеуіне жаңғыртудың маңызы ерекше екенін атап өтті. «Қысқа мерзімде тоқсаныншы жылдардағы экономикалық және саяси құлдыраудан сәтті өтіп, бүгінгі күнгі нарықтық экономикасы қарқынды дамып келетін, демократиялық, саяси тұрақты, конфессияаралық келісімнің үлгісі болып отырған халықаралық беделі жоғары тәуелсіз мемлекетті құрған Елбасы қазақстандық серпілістің авторы болып табылады. Ол біздің ұлттық рухымызды асқақтатып қана қоймай, оны егеменді, әлемде жоғары мәртебеге ие мемлекетті құру арқылы жүзеге асырды», - деп қорытындылады Сағынтаев.
28.11.2012 09:09 2983

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ халқының ұлттық рухын тәуелсіз, тұрақты, әлем елдерімен терезесі тең мемлекет құру арқылы асқақтатты. Бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Астанада өткен «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы президенттік институт» атты халықаралық конференцияда «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  

«Тәуелсіздік алғашқы жылдары қалай басталғаны бәріміздің есімізде. Бұл қиындыққа толы жылдар еді. Сол уақытта Тәуелсіздігіміздің болашақта баянды немесе баянсыз болатыны шешілген еді. Қуанышпен бірге «болашағымыз қалай болар екен» деген ойлар әркімді мазалағаны рас. Ал енді бүгінде авторы Нұрсұлтан Назарбаев болып табылатын қазақстандық даму жолы өзінің тиімділігін көрсетіп отыр», - деген Б.Сағынтаев тоқсаныншы жылдардың басындағы қиыншылықтарды сөз етті.

«Қазақстан Кеңес Одағы күйрегеннен кейін көптеген қиындықтарға тап болды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі екі есе, ауыл шаруашылығы өнімінің үштен бірі қысқарып, көлік тасымалының үштен екі бөлігі азайды.Жұмыссыздық өсті. Қаражат жетіспеді. Зейнетақы, жәрдемақы мен жалақыны төлемеу әдеттегі жағдайға айналды. Осы уақытта Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қолға алған сенімді жүйелі шараларының нәтижесінде, бүгінгі күні біз мақтан ететін әлеуметтік-экономикалық реформалар жүзеге асырылды», - деп атап өтті Б.Сағынтаев.

Сөйтіп, осы жылдары жекешелендіру жүргізіліп, жаңа бюджеттік және салық, тиімді банк және зейнетақы жүйелері енгізілді. Ауылдағы экономикалық қатынас қайта құрылып, жеке меншікті, кәсіпкерлікті қолдау шаралары белсенді қолға алынды.

«Осылайша Қазақстан тоқсаныншы жылдары көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен қысқа мерзімде посткеңестік жолдан өтіп, түбегейлі құрылымдық қайта құруды жүзеге асырды. Елбасының тапсырмасымен қабылданған 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы ел дамуында айырықша маңызға ие. Он бір жылда жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім он есе өсіп, 11 мың 300 АҚШ долларын құрады. Зейнетақы мөлшері 6 еседан артық өсіп, тұрғын үй қоры 30 млн шаршы метрге артты. 330 мың отбасы жаңа пәтерлерге ие болды. Орташа айлық жалақы 5,5 есеге өсіп, білім мен денсаулық сақтау салаларына бөлінетін қаражат 8 еседен аса көбейді», - деді «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары

Мұнымен қатар Бақытжан Сағынтаев Қазақстан дамудың үшінші кезеңіне аяқ басқанын, мемлекеттің әрі қарай өркендеуіне жаңғыртудың маңызы ерекше екенін атап өтті.

«Қысқа мерзімде тоқсаныншы жылдардағы экономикалық және саяси құлдыраудан сәтті өтіп, бүгінгі күнгі нарықтық экономикасы қарқынды дамып келетін, демократиялық, саяси тұрақты, конфессияаралық келісімнің үлгісі болып отырған халықаралық беделі жоғары тәуелсіз мемлекетті құрған Елбасы қазақстандық серпілістің авторы болып табылады. Ол біздің ұлттық рухымызды асқақтатып қана қоймай, оны егеменді, әлемде жоғары мәртебеге ие мемлекетті құру арқылы жүзеге асырды», - деп қорытындылады Сағынтаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға